Қазақ тілінің бизнес терминжүйесіндегі қазіргі кірме сөздер: цифрлық маркетинг лексикасы
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-133-142
Аңдатпа
Бұл мақала цифрлық маркетинг лексикасындағы кірме терминдерді талдауға арналған, олардың қазақ тілінде бейімделуі мен қызмет етуіне баса назар аударылады. Бизнестің жалпы цифрлық трансформациясы жағдайында компаниялардың әлеуметтік желілердегі белсенді қатысуы табысты кәсіпкерлік қызметтің ажырамас шартына айналуда. Бұл саланың терминологиясына онлайн платформаларға, маркетингтік стратегияларға және әлеуметтік желілердегі жарнамаға қатысты жаңа ұғымдар жатады. Сонымен қатар, цифрлық маркетинг терминдерін ғылыми, практикалық және әлеуметтік тұрғыдан зерттеу қажеттілігі негізделеді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу жаңа лексиканың кіріктіруі арқылы тілдің дамуын түсіну, сондай-ақ жаңа саладағы кірме сөздердің (транслитерация, калька жасау және т.б.) қабылдау принциптерін зерттеу үшін маңызды. Практикалық маңызы – цифрлық маркетологтарға қажет терминологиялық базаны қамтамасыз ете отырып, терминологиялық бірізділікті сақтау. Зерттеудің әлеуметтік маңызы – «Цифрлық Қазақстан» және «Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік тіл бағдарламаларын қолдауда көрініс табады. Бұл бағдарламалар қазіргі коммуникациялық кеңістікте мемлекеттік тілді тиімді пайдалану және іскерлік тіл мәдениетін дамыту үшін сәйкес цифрлық терминологияны жасауды талап етеді. Зерттеу әдістемесіне тұтас іріктеу әдісі, корпус әдісі, контекстік, семантикалық, этимологиялық және лексикографиялық талдау, сондайақ сандық есептеу әдісі кіреді. Зерттеу материалы ретінде маркетингке арналған оқулықтар мен қазақ тіліндегі бизнес пен цифрлық маркетингке қатысты әлеуметтік желілер мәтіндері алынған, нәтижесінде 100-ден астам ағылшын кірме терминдері анықталды. Лексиканы белсенді түрде кіріктіру – жаһандану жағдайында тіл дамуының табиғи үдерісі және ол кәсіби коммуникацияның тиімділігін қамтамасыз етіп, қазақ тілінің бейімделу қабілетін көрсетеді.
Авторлар туралы
К. Ж. АйдарбекҚазақстан
Қарлыгаш Жамалбекқызы Айдарбек, филология ғылымдарының докторы, доцент
Алматы қ.
П. Фабер
Испания
Памела Фабер, құрметті профессор
Гранада қ.
А. С. Жунусова
Қазақстан
Айгерім Сұлтанқызы Жунусова, автор-корреспондент, докторант
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Айтбайұлы Ө. Основы казахской терминологии / Ө. Айтбайұлы. – Алматы: Издательство «Абзал-Ай», 2014. – 384 с.
2. Голубков Е.П. О некоторых понятиях и терминологии маркетинга журнале «Маркетинг в России и за рубежом». №5, 2003. – 10 с.
3. Жукова А.Г. «Маркетинговое красноречие»: о риторическом облике дискурса телепродаж // Русский язык за рубежом. – 2018. – №2. – С. 29–35.
4. Казахско-русский словарь: Ок. 50000 слов. Под ред. член-корр. НАН РК Р.Г.Сыздыковой, проф. К.Ш.Хусаин. Институт языкознания им.А.Байтурсынова Министерства образования и науки РК. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 1008 с.
5. Концепция развития языковой политики в Республике Казахстан на 2023-2029 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2023 года №914. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31956658 (дата обращения: 20.05.2025)
6. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. – 1, 4, 6, 7 том. – Алматы, 2011.
7. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Экономический русско-казахский словарь (100 тыс. терминов). – 2008. – 1164 б.
8. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 240 б.
9. Лебедева С.В., Дмитриева Е.В. Специфика контекста цифрового маркетинга // Теория языка и межкультурная коммуникация. – №2. – 2020. – 37 с.
10. Лошакова Н.А., Павленко В.Г. История и адаптация англицизмов в русском языке // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2019. – №5 (май). – С. 199–205. – URL: http://e-koncept.ru/2019/195016.htm.
11. Новостной электронный портал Матрица.кз URL: https://matritca.kz/old/news/45910-n1200rlan-zhanay-91-tobyn1178oldaytyn-7-sebebm.html (дата обращения: 20.05.2025)
12. Ожегов С.И. Толковый словарь русского языка: 100000 слов, терминов и выражений [Электронный ресурс]. 28-е изд., перераб. – Москва: Мир и образование, 2015. – 1375 с. URL: https://slovarozhegova.ru/ (дата обращения: 20.04.2025).
13. Рахимбаев А.Б. Маркетинг теориясы және практикасы: Оқу құралы. – Алматы: «Нұр-пресс», 2009. – 372 б.
14. Суперанская А.В. Общая терминология. – Москва: Едиториал УРСС, 2003. – 248 c.
15. Улискина, Т.К. Дескриптивно-семантический анализ терминологии маркетинга в современном немецком и русском языках // Лесной вестник / Forestry bulletin, 2013. – С. 157-164.
16. Электронный сайт Фридом Пэй URL: https://freedompay.kz/kz-kz/blog/konversiya-prodaj-i-kak-uvelichit (дата обращения: 20.05.2025)
17. Ягодкина М.В. Трансформация реальности в языке рекламы // Известия Российского государственного педагогического университета им. А. И. Герцена, 2007. – 9 с.
18. Dodson, I. «The Art of Digital Marketing. The Definitive Guide to Creating Strategic, Targeted, and Measurable Online Campaigns». John Wiley & Sons, Inc., Hoboken. New Jersey, 2019. 313 p.
19. Lindner, T. History of Linguistic Terminology,Reference Module in Social Sciences // Elsevier, 2024. ISBN 9780443157851, https://doi.org/10.1016/B978-0-323-95504-1.00378-1 URL: https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/B9780323955041003781)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Айдарбек К.Ж., Фабер П., Жунусова А.С. Қазақ тілінің бизнес терминжүйесіндегі қазіргі кірме сөздер: цифрлық маркетинг лексикасы. TILTANYM. 2026;(3):133-142. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-133-142
For citation:
Aidarbek K., Faber P., Zhunussova A. Modern Borrowings in the Terminological System of Kazakh Business: the Lexicon of Digital Marketing. Tiltanym. 2026;(3):133-142. (In Russ.) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-133-142
JATS XML










