Білім беру платформалары мәтіндеріндегі интонемалардың просодикалық сипаттамасы
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-187-197
Аңдатпа
Мақалада сөз синтезі жүйесін жүзеге асыру үшін білім беру платформаларының мәтіндерінің просодикалық ерекшелігін анықтау мәселесі қарастырылды. Себебі сөз синтезіне әрбір сөйлемнің интонациялық ерекшелігін анықтап бермейтін болсақ, бағдарлама сөйлемнің қандай интонемамен айтылатындығын ажырата алмайды. Қазіргі таңда қазақ тілінің интонациялық ерекшелігі академик З.М. Базарбаеваның зерттеулерінде жанжақты талданып, қазақ тіліне тән 8 интонеманың бар екені анықталды. Осы орайда диктордың оқылымына берілетін мәтіндерге қазақ тіліне тән интонемалар қойылып, ерекшелігі көрсетілді. Зерттеуге білім беру платформасындағы жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы «Анатомия», «Криминалистика», «Менеджмент», «Қазақ әдебиеті» оқулықтары алынды. Мақалада сөз синтезін жасау барысында интонема модельдері диктордың оқу мәнеріне үлгі ретінде қолданылды. Синтезделген сөйленімнің интонациялық (просодикалық) сапасын арттыру үшін негізгі тон жиілігінің көтеріңкі-бәсең, бәсең-көтеріңкі және бірқалыпты түрлері, сондай-ақ сөйлеу қарқынының жылдам және баяу деңгейлері назарға алынды. Қазақ тіліндегі интонемалар сөйлемнің тиянақты не тиянақсыз екенін, айтылымның эмоциялық реңкін, сондай-ақ оның жалпы сұраулы немесе арнайы сұраулы интонациямен айтылуын анықтайды. Осыған байланысты интонема модельдерін жүйелеп ұсыну маңызды. Сондықтан сөйленім синтезаторына сөйлем соңында тональді деңгейдің міндетті түрде төмендейтіні, ал сөйлем ортасында көтеріңкі немесе бірқалыпты тональді деңгейдің сақталуы ойдың аяқталмағандығын білдіретіні модель түрінде беріліп, ерекшелігі көрсетілді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
А. Ж. АманбаеваҚазақстан
Айсәуле Жантемірқызы Аманбаева, автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Алматы қ.
О. Ж. Нұржақыпов
Қазақстан
Олжас Жұмағалиұлы Нұржақыпов, докторант
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Ақтанова А.С. Қазақ әдебиеті: 1-бөлім. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2020. – 144 б.
2. Аманбаева А. Сөйленім синтезі: форманттық және компилятивтік әдістер // Тілтаным, 2016. – №2. – 88-90-бб.
3. Аралбаев Ж., Жунисбек А. Об ударении в казахском языке. Известия. АН Каз ССР. Серия обществ. – №6. – 1968.
4. Базарбаева З. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1996. – 225 б.
5. Базарбаева З.М. Интонология. – Т 1. – Алматы: Everest, 2022. – 440 б.
6. Бижанова А.Р., Жүнісова Г.Ә. Криминология: Жалпы және ерекше бөлім. – Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы, 2016. – 361 б.
7. Кривнова О.Ф., Чардин И.С. Паузирование при автоматическом синтезе речи // Теория и практика речевых исследований (АРСО-99). – Москва, 1999.
8. Купешова С., Мұхтарова Қ.С. Стратегиялық менеджмент: Оқу құралы / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық ун-ті... – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 177 б.
9. Лобанов Б.М., Цирульник Л.И. Компьютерный синтез и клонирование речи. – Минск: Белорусская наука, 2008. – 342 c.
10. Сыздықова Р. Сөз сазы (сөзді дұрыс айту нормалары). – Алматы: Санат, 1995. –120 б.
11. Уәли Н.М. Графика. Орфография. Орфоэпия. – Алматы: Арыс, 2018. – 342 б.
12. Фазылжанова А. Сөз сазы және интонация (эксперименттік-фонетикалық зерттеу). – Алматы: Алматы-Болашақ, 2022. – 207 б.
13. Фланган Дж. Анализ, синтез и восприятие речи. – Москва: Связь, 1968.
14. Фролов А.В., Фролов Г.В. Синтез и распознавание речи. Современные решения. – Москва: Связь, 1978.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Аманбаева А.Ж., Нұржақыпов О.Ж. Білім беру платформалары мәтіндеріндегі интонемалардың просодикалық сипаттамасы. TILTANYM. 2026;(2):187-197. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-187-197
For citation:
Amanbayeva A., Nurzhakupov O. Prosodic Characteristics of Intonemes in Educational Platform Texts. Tiltanym. 2026;(2):187-197. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-187-197
JATS XML










