Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ХХ ғасыр басындағы сөзжасам тәжірибесі: аң-құс, жануар атаулары (А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанұлының «Оқу құралы» (1927) негізінде)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-12-27

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада А. Байтұрсынұлы мен Т. Шонанұлы бірлесіп жазған «Оқу құралы» атты еңбегіндегі аңқұс, жануарлар атауларының жасалу жолдары мен қолданысы қарастырылады. ХХ ғасыр басында еңбек еткен қазақ оқығандарының түрлі ғылым салалары терминдерін жасаумен бірге, қазақ жерінде мекендемейтін түрлі жан-жануар мен аң-құс атауларын да жасағаны оқу құралынан алынған нақты тілдік деректер негізінде дәлелденеді. Оқу құралындағы сол кезеңде жасалған аң-құс, жануарлар атаулары іріктеліп алынып, олардың қалай жасалғаны, қай атаудың қазақша баламасы екені анықталады. Оқу құралындағы атаулардың авторлық қолданыс деңгейінде қалып қойғандары мен жалпылексикалық қорға енгендері айқындалады. Өткен ғасыр басындағы алғашқы жасалған атаулар мен олардың өзгеріске ұшырай отырып қолданысқа енген кейінгі нұсқалары салыстырылып көрсетіледі. ХХ ғасыр басында Америка, Еуропа, Африка, Азия мен Аустралия құрлықтарын мекен ететін жануарлар атауларының қазақшасын жасауда қазақ оқығандарының калька тәсіліне жиі жүгінгеніне назар аударылады. Қазақ тіл білімінде калькалау сөзжасам тәсілі ретінде осы кезеңде белсенді түрде пайдаланыла бастаған деген тұжырым жасалады. Аңқұс, жабайы жануарлардың қазақша атауларын жасау қазақ оқығандары сөз шығармашылығының бір ерекше қыры екені көрнекті ғалымдар еңбектерінен алынған нақты тілдік деректер негізінде жан-жақты талданып, бұл құбылыстың басты себептері аталады. Лингвист ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанұлы оқу құралындағы жаңа сөздер мен терминдерді жасауда, кірме сөздер мен терминдерді аудару, жазу кезінде 1924 жылғы білімпаздар съезінде бекітілген ғылыми қағидаттарды басшылыққа алғаны атап айтылады.

Автор туралы

Ш. Құрманбайұлы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Атаулар сөздігі. Сөздікті қазіргі жазуға түсіріп, баспаға дайындағандар: Ш. Құрманбайұлы, О. Жұбаева. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 184 б.

2. Байтұрсынұлы А. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Бестомдық, 3-том (Ахмет Байтұрсынұлы, Телжан Шонанұлы. Оқу құралы. Орта мектептің 3 4 жылдық оқу бағдарламасына арналып жазылған, Екінші басылым, Қызылорда, 1927). – Астана: Түркі академиясы, 2023. – 784 б.

3. Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Үшінші том. Жануарлар. Алматы: Арыс, 2017. –536 б.

4. Кемеңгерұлы Қ. Қазақша-орысша тілмаш, Казахско-русский словарь (1925). – Астана: «Келешек-пресс», 2005. – 288 б.

5. Қазақ сөздігі. Құрастырған: Уәли Н., Құрманбайұлы Ш., Малбақов М., және т.б.– Алматы: Дәуір, 2013. – 1487 б.

6. Құнанбайұлы А. Абай Құнанбаев шығармаларының бір томдық толық жинағы.− Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. – 696 б.

7. Қыз Жібек. Редакциясын басқарғандар: М.О. Әуезов және Н.С. Смирнова. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1963. – 338 б.

8. Орысша-қазақша (қырғызша) қысқаша сөздік. Краткий русско-киргизский словарь (1906). Екінші басылымы.

9. Сөздікті қазіргі жазуға түсіріп, алғы сөзін жазған: Ш.Құрманбайұлы. – Астана, 2005. – 112 б.

10. Пән сөздері. Кирилл әлібиіндегі екінші басылымы. Құрастырған: Қаратышқанұлы Н. Кирилл әрпіне көшіріп, баспаға дайындағандар: Ш.Құрманбайұлы, О. Жұбаева. – Алматы: Ер-Дәулет, 2004. – 128 б.

11. Сауранбаев Н. Орысша-қазақша сөздік. – Москва: Гос. изд-во иностранных и национальных словарей, 1954. – 935 с.

12. Терминология мәселелері. 1-кітап. Құрастырған: Ш. Құрманбайұлы, О. Жұбаева. – Астана: «ІС-Сервис» ЖШС, 2005. – 288 б.

13. Шонанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы, 2015. – 248 б.

14. Юдахин К. Киргизко-русский словарь. 1 книга. А-К. – Фрунзе: Главная редакция, 1985. – 504 c.

15. Ercilasun, А., Akkoyunlu, Z. Dîvânu Lugâti’t-Türk. Ankara: TDK Yayınları, 2015. 995 s.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Құрманбайұлы Ш. ХХ ғасыр басындағы сөзжасам тәжірибесі: аң-құс, жануар атаулары (А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанұлының «Оқу құралы» (1927) негізінде). TILTANYM. 2026;(2):12-27. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-12-27

For citation:


Kurmanbaiuly Sh. Word-Formation Practices of the Early 20th Century: Animal and Bird Names (Based on “Oqu Quraly” (1927) by A. Baitursynuly and T. Shonanuly). Tiltanym. 2026;(2):12-27. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-12-27

Қараулар: 9

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)