Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Медиадискурстағы бағалауыш стилистикалық тілдік құралдардың прагматикалық қызметтері

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-143-157

Толық мәтін:

Аңдатпа

Медиакоммуникацияда стилистикалық құралдар мәтіннің тек экспрессивті немесе сипаттаушы құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар олар мәтіннің бағалауыштық және идеологиялық мағынасын жеткізуші механизмдер ретінде де қолданылады. Осыған орай бұл зерттеу жұмысы қазақ және ағылшын тілдеріндегі медиадискурста бағалау мағынасын вербалдаушы стилистикалық құралдардың прагматикалық функцияларын анықтауға бағытталады. Зерттеу жұмысы түрлі стилистикалық құралдар арқылы шынайылықты интерпретациялау механизмдерін және оны аудиторияның қабылдауына қалай әсер ететінін айқындауды мақсат етеді. Бұл жұмыс функционалды-прагматикалық және когнитивті-дискурсивтік тәсілдерге негізделген. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы бағалау тілін теориялық тұрғыдан түсініп, БАҚ арқылы әлеуметтік шындықты қалыптастыруда стилистикалық құралдардың рөлін анықтау болып табылады. Зерттеу жұмысының эмпирикалық дерекқорын 2020 – 2026 жылдар аралығында қазақ және ағылшын тілдеріндегі онлайн жаңалық платформаларында жарияланған 100 мақаладан іріктелген 340 бағалау мағынасы бар мысалдардан тұратын корпус құрайды. Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы сапалық дискурс анализі, контекстуалды-интерпретациялық анализ және дискурстық фреймдер анализін қамтиды. Зерттеу нәтижелері метафораның әлеуметтік-саяси үдерістердің концептуалдық модельдерін құрылымдайтынын, ал ирония күтілетін мағына мен шындық арасындағы сәйкессіздік негізінде имплицитті сыни бағалауды қалыптастыратынын және метонимия іс-әрекет субъектісін жекелеген субъектілерден институционалдық немесе абстрактілі құрылымдарға ауыстыратынын көрсетеді. Эпитеттер көбіне пресуппозициялық бағалау қызметін атқарса, ал гипербола мен теңеу сипатталған оқиғалардың қабылдану маңыздылығы мен эмоциялық әсерін күшейтеді. Зерттеу корпусын салыстырмалы талдау барысында ағылшын медиа мәтіндерде ирониямен берілген бағалауыш фрагменттерінің көбірек кездесетіні, ал қазақ медиа мәтіндерінде эпитеттер мен гиперболалардың салыстырмалы түрде көбірек қолданылатыны анықталды. Сапалық талдау барысында қазақ тіліндегі мәтіндерде билікті вертикалды кеңістік арқылы бейнелейтін метафоралар да кездесті. Бұл заңдылықтар зерттеу барысында жиналған корпус аясында анықталған тенденциялар ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысы бағалаудың жүзеге асу механизмдері мен олардың прагматикалық қызметін байланыстыратын аналитикалық модель ұсына отырып, медиалингвистика мен сыни дискурс талдауының дамуына үлес қосады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер медиакоммуникация, дискурстық талдау және сондай-ақ қазіргі медиамәтіндердегі идеологиялық фреймингті зерттеулерде қолданылуы мүмкін.

Авторлар туралы

Ә. О. Ыбырайым
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Әзімхан Оразбайұлы Ыбырайым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Шымкент



А. Е. Есенбаева
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Айжан Ералханқызы Есенбаева, автор-корреспондент, докторант

Шымкент



А. А. Суюбердиева
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Айман Абдыразаққызы Суюбердиева, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шымкент



Әдебиет тізімі

1. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека: монография. – 2-е изд. – Москва: Языки русской культуры, 1999. – 895 с.

2. Аширова А. Газет мақалаларының тақырыптары: құрылымы, функциясы, прагматикасы: монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 120 б.

3. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы: оқулық. – Стер. бас. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 247 б.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

5. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – Москва: Искусство, 1979. – 424 с.

6. Билік пен бұқара арасындағы диалогты дамытады. URL: https://egemen.kz/article/205380-bilik-pen-buqaraarasyndaghy-dialogty-damytady [Қаралған күні: 20.01.2025] (электронды ресурс)

7. Вольф Е.М. Функциональная семантика оценки. – 2-е изд. – Москва: Едиториал УРСС, 2002. – 280 с.

8. Жаңаөзеннен «Жаңа Қазақстан» жайлы ұранға дейін: Қаңтар оқиғасының хронологиясы. URL: https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/3556-zhanaozennen-zhana-kazakstan-zhaily-uranga-deiin-kantar-okigasynynkhronologiiasy [Қаралған күні: 20.01.2025] (электронды ресурс)

9. Карасик В.И. Язык социального статуса. – Москва: Гнозис, 2002. – 333 с.

10. Кедейлер үш жылдан кейін бай болады: депутаттар мен министрдің талқысы. URL: https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/32731-kedeiler-ush-zhyldan-keiin-bai-bolady-deputattar-men-ministrdin-talkysy/ [Қаралған күні: 20.10.2025] (электронды ресурс)

11. Лакофф Д., Джонсон М. Метафоры, которыми мы живем // Теория метафоры. – Москва: Прогресс, 1990. – С. 387-415.

12. Сартаева Р.С. Учение Абая «толық адам» и современные тенденции в решении проблемы целостного человека // Адам әлемі. – 2021. – № 3(88). – С. 76-91. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.07

13. Сейдамат Ә. Газет тақырыбының әсерлілігі және лексика-семантикалық ерекшеліктері // Tiltanym, 2022. № 1(85). 97-106-бб. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-97-106

14. Соғыс Ресейге емес, Путинге керек немесе саяси амбиция мүңкіген режим. URL: https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/12930-sogys-reseige-emes-putinge-kerek-nemese-saiasi-ambitsiia-munkigen-rezhim/ [Қаралған күні: 20.10.2025] (электронды ресурс)

15. Сыздыкова Д.Т., Ташимова А. Т. Жаһандану дәуіріндегі Абайдың «толық адам» тұжырымдамасы // ӘлФараби. – 2021. – Т. 74. – № 2. https://doi.org/10.48010/2021.2/1999-5911.04

16. Телия В. Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц. – Москва: Наука, 1986. – 143 с.

17. Темиргазина З.К. Лингвистическая аксиология: оценочные высказывания в русском языке: монография. – 3-е изд., стер. – Москва: Флинта, 2020. – 247 с.

18. Токмаков А.Н. Метонимия как средство прагматического воздействия: на материале французской кинокритики: автореф. дис. канд…филол. наук. – Москва, 2000. – 23 с.

19. Үрей билеген жүйе: Қазақстанда неге әлі күнге дейін Қожамжаров пен оның көмекшілерінен өлердей қорқады. URL: https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/35760-urei-bilegen-zhuie-kazakstanda-nege-li-kunge-deiinkozhamzharov-pen-onyn-komekshilerinen-olerdei-korkady [Қаралған күні: 10.01.2026] (электронды ресурс)

20. Absattar, A. The potential of emotive language to influence the understanding of textual information in media coverage. Humanities and Social Sciences Communications. 2022. Vol. 9. Article 222. https://doi.org/10.1057/s41599-022-01232-2

21. Attardo, S. Irony as relevant inappropriateness. Journal of Pragmatics. 2000. Vol. 32. No. 6. Pp. 793-826. https://doi.org/10.1016/S0378-2166(99)00070-3

22. Bednarek, M. Evaluation in media discourse: Analysis of a newspaper corpus. London: Continuum, 2006. ISBN: 082649126X.

23. Belarusian president signs law granting him lifelong immunity from prosecution. URL: https://www.theguardian.com/world/2024/jan/04/belarusian-president-alexander-lukashenko-signs-law-granting-himlifelong-immunity-from-prosecution [Accessed: 10.05.2025] (online resource)

24. Buckingham Palace ‘Ready to Support’ Police If Contacted Over Andrew Allegations Amid Epstein Row. URL: https://time.com/7373053/prince-william-kate-middleton-address-epstein-files-andrew-scandal [Accessed: 10.02.2026] (online resource)

25. Charteris-Black, J. (2004) Corpus approaches to critical metaphor analysis. Basingstoke Palgrave Macmillan. 293 p.

26. Entman, R.M. Framing: Toward clarification of a fractured paradigm. Journal of Communication. 1993. Vol. 43. No. 4. Pp. 51-58. https://doi.org/10.1111/j.1460-2466.1993.tb01304.x

27. Fairclough, N. (2010) Critical discourse analysis The critical study of language. 2nd ed. Harlow Longman.

28. Gutting of key US watchdog could pave way for grave immigration abuses, experts warn. URL: https://www.theguardian.com/us-news/2025/nov/30/us-watchdog-human-rights-department-homeland-security [Accessed: 10.12.2025] (online resource)

29. How Texas Ended Up With the Wildest Senate Race in the Country. URL: https://time.com/7373241/james-talaricojasmine-crockett-ken-paxton-john-cornyn-texas-senate-polls/ [Accessed: 10.02.2026] (online resource)

30. Republican-led committee subpoenas documents from Jeffrey Epstein estate. URL: https://www.theguardian.com/usnews/2025/aug/25/jeffrey-epstein-documents-subpoena-congress [Accessed: 10.09.2025] (online resource)

31. This Christmas, peace won’t come from the politics of envy. It will come only by building a more equal Australia. URL: https://www.theguardian.com/commentisfree/2025/dec/24/christmas-peace-a-more-equal-australia-cost-of-livingwealth [Accessed: 25.12.2025] (online resource)

32. Van Dijk, T.A. Discourse and manipulation. Discourse & Society. 2006. Vol. 17. No. 3. Pp. 359-383. https://doi.org/10.1177/0957926506060250

33. “We almost lost you in the night” – the life-threatening rise of measles in the UK. URL: https://www.theguardian.com/society/2026/feb/15/life-threatening-rise-of-measles-in-the-uk [Accessed: 15.03.2026] (online resource)

34. Wodak, R. Blaming and denying. Encyclopedia of Language and Linguistics. Elsevier, 2006. Vol. 2. Pp. 59-64. https://doi.org/10.1016/B0-08-044854-2/04307-8


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ыбырайым Ә.О., Есенбаева А.Е., Суюбердиева А.А. Медиадискурстағы бағалауыш стилистикалық тілдік құралдардың прагматикалық қызметтері. TILTANYM. 2026;(3):143-157. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-143-157

For citation:


Ybyraiym A., Yessenbayeva A., Suyuberdiyeva A. Pragmatic Functions of Evaluative Stylistic Devices in Media Discourse. Tiltanym. 2026;(3):143-157. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-143-157

Қараулар: 7

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)