Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Абай қара сөздеріндегі менталды етістіктердің танымдық сипаты

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-93-105

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі тіл білімінде тіл мен танымның өзара байланысын нақты мәтіндік материал негізінде ашу өзекті бағыттардың біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда, Абайдың қара сөздері адамның ішкі ойлау әрекетін, өзін-өзі тану мен моральдық бағдарын тіл арқылы танытатын бірегей дереккөз. Мақаланың мақсаты Абай қара сөздеріндегі менталды етістіктердің танымдық сипатын айқындап, олардың мәтіндегі ой әрекетін ұйымдастырудағы қызметін көрсету. Зерттеу міндеттері мыналарды қамтиды: қара сөздердегі менталды етістіктердің қолданысын сөйлем деңгейінде контекстік талдау арқылы анықтау; етістіктің семантикалық өзегі мен қосымша реңктерін ашу; менталды мағынаның берілу жолдарын дара етістік, тіркес, көмекші етістік және тұрақты орамдар арқылы сипаттау; менталды бірліктердің оқырманды өзін-өзі таразылауға, дәлелді пайымға, шындық өлшемін сақтауға жетелейтін функционалдық-қатысымдық қырын көрсету. Эмпирикалық база ретінде Абайдың 45 қара сөзі алынды. Қара сөз тілін зерделеген Р. Сыздық пен Н. Уәлидің тұжырымдары, сондай-ақ етістік пен сөз семантикасына қатысты А. Байтұрсынұлы, Ы. Маманов, А. Ысқақов, Н. Оралбаева, М. Оразов, Б. Қасым еңбектеріндегі қағидалар әдістемелік тірек болды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы менталды етістіктердің қара сөздердегі жүйесін олардың танымдық қызметімен байланыстыра сипаттап, «ақыл, ой, көңіл» тірек сөздері арқылы жасалатын күрделі құрылымдардың мәтін логикасын құраудағы рөлін көрсетумен байланысты. Практикалық құндылығы: Абай қара сөздерінің тілін оқыту мен мәтіндік талдау тәжірибесінде, менталды етістіктерді семантикалық-қызметтік тұрғыдан сипаттайтын сөздік және оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуде, қазақтілді ЖИ жүйелері, соның ішінде QazLLM үлгілерін оқытуға арналған мазмұнды дерек пен датасет құрастыруда пайдалануға болады.

Авторлар туралы

А. Bekbulatovich Ә.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Альфия Әбдікенқызы Солтанбекова, автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



К. Х. Смағұлова
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті
Қазақстан

Қанат Хайроллақызы Смағұлова, филология ғылымдарының магистрі

Алматы қ.

 



Әдебиет тізімі

1. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. – Москва: Языки славянской культуры, 1999. – 896 с.

2. Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. Он екі том. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022. – 4-том. – 384 б.

3. Васильев Л.М. Значение в его отношении к системе языка. – Уфа: БашГУ, 1985. – 128 с.

4. Ильиш Б.А. История английского языка. – Москва: Высшая школа, 1968. – 420 с.

5. Қасым Б. Когнитивті семантика. – Алматы: Kemel kitap, 2024. – 256 б.

6. Құрманбайұлы Ш. Абай шығармаларындағы «қыл» етістігінің қолданысы // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2020. – №3 (179). – 74-85-бб. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph9

7. Макеева И.И. Исторические изменения в семантике некоторых русских ментальных глаголов. – Москва: Наука, 1993. – 405 с.

8. Мамадиярова Н., Қасым Б., Талдыбаева М. Интеллектуалды әрекетті білдіретін етістіктердің мағынасы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №4 (138). – 29-43-бб. https://doi.org/10.47526/2025-4/2664-0686.271

9. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014. – 640 б.

10. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 216 б.

11. Оразов М. Етістік. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2001. – 387 б.

12. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Арыс, 2004. – 208 б.

13. Сыздық Р. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы: Көптомдық шығармалар жинағы. 1том. – Алматы: Ел-шежіре, 2014. – 384 б.

14. Уәли Н. Тілтанымдық зерттеулер. Бірінші кітап. – Алматы: Асыл ЖК, 2025. – 424 б.

15. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 208 б.

16. Davis, E., Landau, B. Seeing and Believing: The Relationship between Perception and Mental Verbs in Acquisition // Language Learning and Development. 2021. No.1 (17). Pp. 1-27. https://doi.org/10.1080/15475441.2020.1862660

17. Hacquard, V., Lidz, J. On the Acquisition of Attitude Verbs // Annual Review of Linguistics. 2022. No.8 (115). Pp. 193-212. https://doi.org/10.1146/annurev-linguistics-032521-053009

18. Karttunen, L. Implicative Verbs // Language. 1971. No.2 (47). Pp. 340-358. https://doi.org/10.2307/412084

19. White, A.S., Hacquard, V. Semantic Information and the Syntax of Propositional Attitude Verbs // Cognitive Science. 2018. No.2 (42). Pp. 416-456. https://doi.org/10.1111/cogs.12512


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ә. А.B., Смағұлова К.Х. Абай қара сөздеріндегі менталды етістіктердің танымдық сипаты. TILTANYM. 2026;(2):93-105. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-93-105

For citation:


Soltanbekova A., Smagulova K. Cognitive characteristics of Mental Verbs in Abai's “The Book of Words”. Tiltanym. 2026;(2):93-105. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-93-105

Қараулар: 14

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)