Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Қысаң (y, і, ū, ü) дауыстылардың фонологиялық және артикуляторлық-акустикалық сипаты

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-22-34

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі кезде ауызша сөз қоғамда ерекше мәртебеге ие болып, оның әлеуметтік мәнділігі күшейе түсті. Ауызша сөз электрондық коммуникациялық жүйелерінде, аудиовизуалды бұқаралық ақпарат құралдарында, сахна өнерінде тілдік қарым-қатынастың негізгі құралы болып отыр. Қазақ тілінің  дыбыс жүйесі синхронды, диахронды аспектіде теориялық және қолданбалы бағытта зерттеліп келеді. Қазақ тілінің өзіндік заңдылықтарының басы ашылып, соған лайық зерттеу ғылыми аппараты қалыптастырылды. Фонема – күрделі абстрактілі дыбыстық бірлік және әртүрлі акустикалық-артикуляциялық қасиеттердің жиынтығы. Сөйлеу ағынында олар сигнификативтік (мағына ажыратушы) қызмет атқарады. Тілдің фонетикалық жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, фонема әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Егер бір позицияда бір дыбыстың орнына басқа дыбыс қолданылса, сөз мағынасы өзгереді. Мұндай дыбыстар екі фонеманың көрінісі ретінде танылады. Осындай қасиет [u] және [ü] қысаң дауысты дыбыстарының арасында байқалады. Мысалы, tus сөзіндегі [u] қысаң дыбысын [ü] қысаң дыбысына алмастырсақ, tüs деген жаңа сөз пайда болады. Ал егер туыстас екі дыбыс бір позицияда кездеспесе, олар бір фонеманың комбинаторлық варианты деп есептеледі. Дыбыстардың жасалым, айтылым, естілім сипаттамасы жан-жақты анықталды. Дегенмен, әр дәуірдің өзіне лайық теориялық жетістіктері мен практикалық талаптарына сай қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесін тиянақтап отыру қажет. Ұсынылып отырған зерттеуде қазақ тілінің дыбыс қоры тіл білімінің жаңа бағыттары шеңберінде сипатталады: спектралды, просодикалық, фонологиялық, артикуляторлыакустикалық талдау негізінде аудиторлық, экспериментті-компьютерлік әдістер қолданылады.  

Авторлар туралы

З. Базарбаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Зейнеп Базарбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик

Алматы қ.



Ж. Жумабаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Жанар Жумабаева, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Н. Оспангазиева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Назгүл Оспангазиева, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Аманбаева А.Ж. Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты (эксперименттік-фонетикалық зерттеу): филол. ғылым. канд. ... дис. – Алматы, 2006.

2. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. – Алматы: Ғылым, 1988. – 144 б.

3. Артемов В.А. Экспериментальная фонетика. – Москва: Издательство литературы на иностранных языках, 1956. – 228 с.

4. Базарбаева З.М. Қазақ тілі: интонология, фонология. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 326 б. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

5. Джунисбеков А. Гласные казахского языка: экспериментально-фонетическое исследование. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 94 с.

6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 362 б.

7. Жұмабаева Ж.Т. Түркі тілдеріндегі дауыстылардың фонологизациялануы: филол. ғылым. канд. ... дис. – Алматы, 2006. – 130 б.

8. Жүнісбек А. Сингармониялық фонетикаға кіріспе. – Алматы, 2008.

9. Жүнісбек А. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. – 312 б.

10. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). – Алматы: Қазақтың мемл.оқу-педагогика баспасы, 1962. – 315 б.

11. Оспангазиева Н.Б. Түркі тілдеріндегі фонологиялық айырым белгілерінің тарихи негіздері: докторлық диссертация (PhD). – Алматы, 2026. – 146 б.

12. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі (педагогикалық училищелерге арналған). – Алматы: Қазақтың мемл.оқупедагогика баспасы, 1953. – 219 б.

13. Светозарова Н.Д. Пауза. // Лингвистический энциклопедический словарь. – Москва: Советская энциклопедия, 1993. – 175 с.

14. Фазылжанова А.М. Қазақ тіліндегі қосқұрамды құрмалас сөйлем интонациясы (эксперименттік-фонетикалық зерттеу): филол. ғылым. канд. ... дис. – Алматы, 2000. – 131 б.

15. Bazin, L. Y a-t-il en turc des alternances vocaliques. // UAIB, 1961. XXXIII, 1-2.

16. Malmberg, B. Les domaines de la phonétique. / B. Malmberg. Paris: Presses universitaires de France, 1971. – 300 p. Pinaéva, V. Aperçu de l'intonation française. / V. Pinaéva. Moscou: École supérieure, 1965. 83 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Базарбаева З., Жумабаева Ж., Оспангазиева Н. Қысаң (y, і, ū, ü) дауыстылардың фонологиялық және артикуляторлық-акустикалық сипаты. TILTANYM. 2026;(1):22-34. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-22-34

For citation:


Bazarbayeva Z., Zhumabayeva Zh., Ospangaziyeva N. On the Phonological and Articulatory-Acoustic Characteristics of Close (Y, I, Ū, Ü) Vowels. Tiltanym. 2026;(1):22-34. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-22-34

Қараулар: 160

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)