Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ тіліндегі -хана компонентті сөзжасамдық модельдің динамикасы

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-28-38

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада -хана аффиксоидімен бірігу арқылы жасалған зат есімдер қарастырылады. Зерттеудің мақсаты тәуелсіздік кезеңінде қазақ тіліндегі құрамында -хана аффиксоиді бар сөзжасамдық модельдің динамикасын анықтау. Тәуелсіздік кезеңінде бұл модель жаңа саяси, әлеуметтік-мәдени, ұйымдастырушылық және тұрмыстық құбылыстар мен ұғымдардың атауларын жасау барысында белсенді қолданыла бастады. «Хана» сөзінің парсы тілінен шыққанына қарамастан, ол қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне сіңісіп, ежелден зат есімдерді жасауда өнімді қызмет атқарған. Алайда отаршылдық кезеңде қазақ тілінің қоғамдық қолданыс аясының тарылуына байланысты сөзжасамдық модельдің өнімділігі төмендеп, қолданыстан шыға бастады. Дегенмен тәуелсіздікпен бірге келген жаңа әлеуметтік-мәдени жағдай тілдің ішкі тетіктерін жандандырып, соның ішінде күрделі сөздердің -хана аффиксоиді арқылы қалыптасу үдерісі қайта қарқын алды. Мақалада -хана компоненті арқылы жасалған зат есімдердің құрылымдық және семантикалық модельдері сипатталады. Олардың қатарында бірінші компоненті зат есімнен және етістіктен жасалған модельдер қарастырылады. Күрделі сөздердің семантикалық модельдері белгілі бір заттардың орналасатын, сатылатын және сақталатын орнын, сондай-ақ тамақ дайындау, емдеу, қолөнер сияқты кәсіби қызмет түрлері жүзеге асырылатын мекенді білдіреді. Қазіргі қазақ тілінде бірінші компоненті зат есім болатын модель ең өнімді сөзжасамдық үлгі болып табылады. -хана компоненті лексикалық мағынасын ішінара жоғалтқан, қазіргі кезде оның негізгі қызметі сөзжасам, яғни жаңа күрделі сөздердің заттылық мағынасын білдіру. 

Авторлар туралы

З. К. Темірғазина
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Қазақстан

Зифа Қақбаевна Темірғазина, филология ғылымдарының докторы, профессор

Павлодар қ.



З. Қ. Құрманова
Қазақ ұлттық спорт университеті
Қазақстан

Зәуреш Кеңесқызы Құрманова,автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты

Астана қ.



Г. К. Шахажанова
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Гүлнәр Кәрімжанқызы Шахажанова, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Барахнин В.Б., Бакиева А.М., Бакиев М.Н., Тажибаева С.Ж., Батура Т.В., Лукпанова Л.Х. Стемматизация и генерация словоформ в казахском языке для систем автоматической обработки текстов // Вычислительные технологии. – 2017. – Вып. 22. – №4. – С. 11-21.

2. Бектаев К. Қазақша-орысша сөздік. Казахско-русский словарь. – Алматы:Алтын Қазына, 2007. – 709 б.

3. Волкова Н.А., Драчева С.И. Аффиксоиды как морфемы переходного типа в словообразовательной системе русского языка // Мир науки, культуры, образования. – 2020. – №4(83). – С. 307-309. https://doi.org/10.24411/1991-5497-2020-00769

4. Жаңабекова А.Ә., Пірманова К.Қ. Сөзжасамдық белгіленімдердің құрылымдық аспектісі (туынды сөздер және сөзжасам тәсілдері) // Тілтаным. – 2020. – №3. – 24-34-бб.

5. Жиренов С., Оразова Г. Қазақ тіліндегі гидронимдік номинацияның ұлттық-мәдени семантикасы // Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі / Язык и литература: теория и практика. – 2025. – T. 4. – №4. – 63-77-бб. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2025-4-4-58-73

6. Күдеринова Қ., Маралбек Е. Қазіргі және дәстүрлі қазақ сөзсаптамы: салыстырмалы талдау // Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі / Язык и литература: теория и практика. – 2025. – Т. 4. – №1. – 49-62-бб. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2025-4-1-49-62

7. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. – 256 б.

8. Қалиев Б. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2014. – 728 б.

9. Касым Б. Проблемы и методологии исследования композитообразования современного казахского языка. 2007. URL: https://www.rusnauka.com/4._SVMN_2007/Philologia/18516.doc.htm (қолжеткізу күні: 20.09.2025).

10. ҚОС: Қазақша-орысша сөздік. Орысша-қазақша сөздік. – URL: https://sozdik.kz/ (қол жеткізу күні: 10.10.2025).

11. ҚТАС: Қазақ тілінің аймақтық сөздігі / Құраст. Ғ. Қалиев, О. Нақысбеков, Ш. Сарыбаев, А. Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 824 б. URL: https://sozdikqor.kz/sozdik/?id=73 (қол жеткізу күні: 10.11.2025).

12. Момынкулов Ж.Б. Развитие казахского языка в период независимости Республики Казахстан // Ученые записки Крымского федерального университета имени В.И. Вернадского. Филологические науки. – 2011. – Вып. 24(63). – №3–2. – С. 176-183.

13. Мұсабаев Ғ.Ғ. Қосымша -дай/дей, -тай/тей туралы // Известия Академии наук Казахской ССР. Серия филологии и искусствоведения. – 1955. – Вып. 3–4.

14. Сарсенбаева М.К. О семантическом аспекте словообразования в казахском языкознании // Всероссийский журнал научных публикаций. Филологические науки. – 2011. – Вып. 2. – №3. – С. 34-35.

15. Сауранбаев Н.Т. Проблемы казахского языкознания. Избранные труды. – Алма-Ата: Наука, 1982. – 352 с.

16. Тектигул Ж. Эволюция общетюркских аффиксов в казахском языке. – Академия естествознания, 2013. URL: https://monographies.ru/ru/book/section?id=6658 (қол жеткізу күні: 20.09.2025).

17. Темиргазина З.К., Андрющенко О.К. Десемантизация древнетюркских элементов baj, bek, xan в современных казахских антропонимах // Turkic studies journal. – 2023. – Вып. 5. – №1. – C. 129-142. http://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-129–142.

18. Ысқaқов A. Қaзaқ тіліндегі күрделі сөздер // Қaзaқстaн мектебі. – 1963. – №3. – 72 б.

19. Ысқақов А. Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 310 б.

20. Akar, A., Pirmanova, K.K., Shaimerdenova, N.Zh., Shalabayeva, I.M. Methods of Transferring Full Word-Formation Affixes in the National Corpus of the Kazakh Language // Tiltanym. 2023. No. 3. Pp. 3-14. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-3-14.

21. Bauer, L. Compounds and Compounding. Cambridge: Cambridge University Press, 2017. 195 p.

22. Ulagat.com. Сөз таптарының сөзжасамы. Зат есім сөзжасамы. 2020. URL: https://ulagat.com/2020/12/17/ (қол жеткізу күні: 20.09.2025).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Темірғазина З.К., Құрманова З.Қ., Шахажанова Г.К. Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ тіліндегі -хана компонентті сөзжасамдық модельдің динамикасы. TILTANYM. 2026;(2):28-38. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-28-38

For citation:


Temirgazina Z., Kurmanova Z., Shakhazhanova G. Dynamics of the Word-Formation Model with the Component -khana in the Kazakh Language of the Independence Era. Tiltanym. 2026;(2):28-38. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-28-38

Қараулар: 12

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)