Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Қазақ ән өлеңдеріндегі орнитонимдердің лингвомәдени сипаты

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-160-172

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала қазақ халқының рухани мәдениетінің ажырамас бөлігіне жататын дәстүрлі ән фольклорындағы орнитонимдердің, яғни құс атауларының лингвомәдени сипатын зерттеуге арналған. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты қазақ ән өлеңдерінің мәтіндері негізінде құс атауларының ұлттық дүниетанымдағы символдық, метафоралық және эталондық қызметін айқындау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы зоонимдік лексиканың астарындағы этномәдени кодты ашу арқылы лингвомәдениеттану саласын тың деректермен толықтыруында жатыр. Зерттеу барысында сипаттамалы, компоненттік, контекстік талдау әдістері және лингвомәдени интерпретация тәсілі қолданылды. Талдау нәтижесінде орнитонимдер семантикалық үш топқа жіктелді: сұлулық пен адалдық символы (су құстары), ерлік пен тектілік символы (жыртқыш құстар) және өнер мен хабаршылық символы (сайрағыш құстар). Құс атауларының психологиялық параллелизм құрудағы және сөйлеу этикетін сақтаудағы рөлі анықталды. Жүргізілген зерттеудің құндылығы қазақ әндеріндегі орнитонимдердің биологиялық атау ғана емес, адамның ішкі сезімі мен әлеуметтік болмысын бейнелейтін тұрақты лингвомәдени бірліктер жүйесі екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеуінде. Жұмыс қорытындысының практикалық мәні алынған нәтижелерді этномәдени сөздіктер түзуде, фольклортану және тіл білімі пәндерін оқытуда, сондай-ақ ұлттық менталитетті зерттеуде пайдалану мүмкіндігімен негізделеді.

Автор туралы

А. С. Садық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Ақбота Серікқызы Садық, докторант

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Абдуманапова Ж.А. Орнитонимдердің метaфорaлaнуы және символдық мәні // Eurasian Journal of Philology Science and Education. – 2017. – Т. 165. – № 1. – 372-376-бб.

2. Ахметжанова, З.К. Казахская лингвокультура: язык, человек, этнос : монография / З.К. Ахметжанова, З.Ш. Ерназарова. – Алматы: Елтаным, 2016. – 286 с.

3. Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері: филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006. – 125 б.

4. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Т. 99: Ән-өлеңдер. – Астана: Фолиант, 2013. – 440 б.

5. Жиренов С.А. Орнитонимдік паремиялардың этномәдени семантикасы // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2023. – № 2(110). – 13-22-бб. DOI: 10.31489/2023Ph2/13-22.

6. Күркебаев К.Қ., Ордабекова Х.А. Дәстүрлі қазақ ән мәтіндерінің лингвомәдени бейнесі // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2022. – № 3(187). – 32-42-бб. DOI: 10.26577/EJPh.2022.v187.i3.04.

7. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік. – Т. 2: Қоғам. – Алматы: Сардар, 2013. – 728 б.

8. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 356 б.

9. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Москва: Тетра Системс, 2004. – 255 с.

10. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: Елтаным, 2010. – 280 б.

11. Телия В.Н. Русская фразеология: Семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты. – Москва: Языки русской культуры, 1996. – 288 с.

12. Bissengali, A., Mankeyeva, Zh., Ashimbayeva, N. Linguocognitive and Linguocultural Foundations of the Processes of Terminologization in ModernKazakh and Turkish Languages // Tiltanym. – 2024. – № 3(95). – Pp. 60-71. DOI: 10.55491/2411-6076-2024-3-60-71.

13. Daniyarova, Z.Zh. Linguocultural analysis of zooanthroponyms in Karakalpak epics // Eurasian Journal of Academic Research. 2024. Vol. 4. Issue 1. Pp. 232-238.

14. Kövecses, Z. Metaphor and Culture // Acta Universitatis Sapientiae, Philologica. 2010. Vol. 2(2). Pp. 197-220.

15. Lakoff, G., Johnson, M. Metaphors We Live By. Chicago: University of Chicago Press, 2003. 276 p.

16. Pangereyev, A.S., Kabylov, A.D., Aldashev, N.M., Umatova, Z.M., Suleimenova, Z.Y., Shuriyeva, A.Y. Epic Toponyms as Carriers of a Linguocultural Code // Eurasian Journal of Applied Linguistics. 2023. Vol. 9. № 1. Pp. 13-23. DOI: 10.32601/ejal.901002.

17. Rayeva, A., Eker, S. Linguoculturalogical Semantic Aspects of Zoo-phraseological Units in Turkic Languages // Bulletin of KazNU. Philology series. 2024. Vol. 195. № 3. Pp. 91-102. DOI: 10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph09.

18. Sakhibullina, K.A. Phraseological Units with the Ornithonym Component in Social Networks and Their Variations // Russian Linguistic Bulletin. 2023. № 1(37). DOI: 10.18454/RULB.2023.37.21.

19. Zhernovaya, O.R. The Linguistic Cultural Analysis of Phraseological Units with the Zoonym Component // European Proceedings of Social and Behavioural Sciences (ISCKMC 2020). 2021. DOI: 10.15405/epsbs.2021.05.21.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Садық А.С. Қазақ ән өлеңдеріндегі орнитонимдердің лингвомәдени сипаты. TILTANYM. 2026;(2):160-172. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-160-172

For citation:


Sadyk A. Linguocultural Features of Ornithonyms in Kazakh Songs. Tiltanym. 2026;(2):160-172. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-160-172

Қараулар: 11

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)