Публицистикалық дискурстағы авторлық интенция (Ә.Кекілбайұлының «Нарыққа да парық керек» мақаласы негізінде)
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-79-89
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі публицист Ә. Кекілбайұлының әлеуметтік-экономикалық мәселелерді арқау еткен «Нарыққа да парық керек» мақаласына талдау жасалады. Мақалада мәтін тек мазмұндық тұрғыдан ғана емес, автор мен оқырман арасындағы коммуникативтік өзара әрекеттестік, автордың мақсатты ықпал ету стратегиялары, сондай-ақ мәнмәтіндік және әлеуметтік факторлар кешенді түрде талданады. Автордың ұлттық дүниетанымға, қоғамдық санаға және тәуелсіздік кезеңіндегі әлеуметтік трансформацияларға қатысты көзқарастарына тілдік талдау жасалады. Жүргізілген мәтіндік талдау негізінде авторлық интенцияны, адресатқа әсер етудің тілдік амалдарының мүмкіндіктерін көре аламыз. Автордың тілдік стратегиялары, бағалауыштық лексикасы, ұлттық-мәдени кодтарды пайдалану ерекшеліктері, прецеденттік бірліктерді қолдану тәсілдері арнайы қарастырылады. Зерттеуде прагматикалық талдау, сыни дискурстық талдау (CDA), риторикалық талдау, стилистикалық талдау, интенционалдық талдау (T. van Dijk контекст моделі), интертекстуалдық талдау әдістері қолданылған. «Нарыққа да парық керек» мақаласы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі экономикалық қиындықтарды, қоғамдағы әлеуметтік бөлініс пен рухани дағдарысты бейнелейтін маңызды публицистикалық дереккөз ретінде бағаланады. Талдау барысында автордың идеологиялық ұстанымдары, моральдық-этикалық бағдары айқын көрінеді. Мәтінде қолданылған көріктеуіш құралдар дискурстың әсер ету қуатын күшейтетін тілдік-когнитивтік тетіктер ретінде айқындалады. Жалпы алғанда мақала Ә. Кекілбайұлының публицистикалық дискурстағы мүмкіндігін ашып көрсететін жан-жақты ғылыми талдау сипатына ие. Зерттеу нәтижелерін тұлғатану, дискурс талдау, кекілбаевтану, мәтін стилистикасы және прагматика саласындағы ғылыми еңбектерде қолдануға болады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
А. МахамбетҚазақстан
Айдана Махамбет, докторант
Алматы қ.
Н. Йылдыз
Түркия
Наджие Йылдыз, филология ғылымдарының докторы, профессор
Анкара
Әдебиет тізімі
1. Aғымедуллаева Н.Б. Медиадискурс ерекшеліктері: лингвомәдени аспект (қазақ және ағылшын медиа материалдары негізінде). – Ақтөбе, 2025. – 197 б.
2. Ақбай Н.Е. Абай жолы энциклопедиясы. – Алматы: Арда, 2008. – 504 б.
3. Ашева А. Жанрово-тематические особенности публицистического дискурса элитарной языковой личности (на материале публицистики С. Рассадина) // Альманах современной науки и образования. – 2013. – №11 (78).
4. Әміров Р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде // Тіл мәдениеті және баспасөз. – Алматы: Ғылым, 1972. – 224 б.
5. Бизақов С. Синонимдер сөздігі. – Алматы: Арыс, 2007. – 640 б.
6. Буряковская В.А. Коммуникативные характеристики массовой культуры в медийном дискурсе (на материале русского и английского языков): монография. – Волгоград: Волгогр. науч. изд-во, 2010.
7. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі: филол. ғылым. канд. ... автореф.: 10.02.02. – Алматы, 1996. – 29 б.
8. Добровольский Д.О., Зализняк А.А. «Риторический вопрос» в лингвистике и в речи // Слово.ру: балтийский акцент. – 2025. – Т. 16. – №2. – С. 53-70. doi:10.5922/2225-5346-2025-2-3.
9. Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиамәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдарының негізінде). – Алматы, 2007. – 450 б.
10. Ерсұлтанова Г. Публицистикалық дискурстағы тілдік тұлға: PhD диссертациясы. – Алматы, 2020. – 185 б. Жумагулова А.М., Каримова Б.Ж. Публицистикалық дискурс және әлеуметтік-коммуникативтік арақатынас // ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы. – 2021. – №3(61). https://doi.org/10.26577/HJ.2021.v61.i3.03
11. Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы (Уақыт мінбесінен айтылған сөз). – Алматы, 1998. – 736 б.
12. Кембаева А.Т., Жұбай О.С., Екер С. Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы көркем және публицистикалық дискурстағы ұлттық діл көрінісі // А. Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – 2025. – №1 (135). – 185-197-бб.
13. Клушина Н.И. Стилистика публицистического текста. – Москва: Медиа-Мир, 2008. – 242 с.
14. Ковешникова М.Н. Речевая манипуляция и приемы речевого манипулирования // Царскосельские чтения. – 2014. – Т. 1. – №18. – С. 387-395.
15. Кожина М.Н., Дускаева Л.Р., Салимовский В.А. Стилистика русского языка. – Москва: Флинта: Наука, 2008. – 464 с.
16. Құрманбайұлы Ш., Исақова С., Мизамхан Б. және т.б. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 596 б.
17. Манкеева Ж., Бизақов С., Жүнісбек Ә. және т.б. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. – Алматы, 2011. – 752 б.
18. Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 140 б.
19. Сарбасова А.Е., Кубаева А.Г. Газет тақырыпаттарындағы прагматикалық әлеуетті арттырушы тілдік құралдар (Ақтөбелік «Эврика» газеті мысалында). – 2024. – Т. 74. – №3. https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74
20. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. 2-басылым. – Алматы: Елтаным, 2010. – 252 с.
21. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. – 230 б.
22. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: докт. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 329 б.
23. Фильчук Т.Ф. Современный публицистический дискурс в контексте постмодернистской парадигмы // Вестник Харьковского университета. Серия: Филология. – 2010. – №58. – С. 57-62.
24. Dor, D. On newspaper headlines as relevance optimizers. Journal of Pragmatics. 2003. Рp. 695-721.
25. Fairclough, N. Critical Discourse Analysis: The Critical Study of Language. London: Longman, 1995.
26. Makhambetova, A., Khabiyeva, A., Rsaliyeva, N., Yermekova, Zh., Kozhakhmetova, F., Magzhan, S. Cognitive and Pragmatic Potential of the Language of Political Leaders. Forum for Linguistic Studies. 2025. Vol. 07. No. 3.
27. Van Dijk, T.A. Discourse, context and cognition. Discourse Studies. 2006. Vol. 8. No. 1. Pp. 159-177.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Махамбет А., Йылдыз Н. Публицистикалық дискурстағы авторлық интенция (Ә.Кекілбайұлының «Нарыққа да парық керек» мақаласы негізінде). TILTANYM. 2026;(1):79-89. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-79-89
For citation:
Makhambet A., Yıldız N. Authorial Intention in Publicistic Discourse (Based on the Article «Naryqqа da paryq kerek» by A. Kekilbayev). Tiltanym. 2026;(1):79-89. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-79-89
JATS XML










