Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Ілияс Жансүгіров өлеңдеріндегі лексемалардың лингвопоэтикалық сипаты

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-54-65

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі жаһандану кезеңінде Ілияс Жансүгіровтің лингвопоэтикалық дискурсы ұлттық бірегейлікті сақтау мен тарихи-мәдени тұтастықты жаңғырту парадигмасында қазақ халқының этномәдени танымы мен тілдік дүниетанымын бейнелейтін маңызды рухани-танымдық құндылық ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты Ілияс Жансүгіровтің поэтикалық дискурсында қолданылатын лексикалық бірліктерді семантикалық және стилистикалық аспектіде жүйелеп, олардың көркемдік-эстетикалық қызметін анықтау, сондай-ақ поэтикалық тіл мен этномәдени таным арасындағы өзара байланысты ашып көрсету. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы оның нәтижелерін қазақ тілінің лексикалық-тілдік бірліктерді жүйелеуде, көркем мәтіндегі этномәдени мәнді ашуда және поэтикалық дискурсты кешенді тілдік талдауда қолдануға болады. Зерттеудің әдіснамалық негізін лексемалардың семантикалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған лингвистикалық және когнитивтік талдау, сондай-ақ сөздік дереккөздерге сүйенетін лексикографиялық әдіс құрайды. Талдау Ілияс Жансүгіровтің идиолектісіндегі бірліктердің мәнмәтіндік және мәдени-танымдық сипаттарын ескере отырып жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Ілияс Жансүгіровтің поэтикалық тілінің бейнелілікке және ұлттық-мәдени мазмұнның тереңдігіне қанық екені анықталды. Ақынның идиолектісі қазақ халқының дүниетанымдық көкжиегін, таным-түйсігін және эстетикалық құндылықтарын айшықтайтын күрделі семиотикалық құрылым ретінде танылады. Зерттеудің құндылығы поэтикалық тілдің көркемдік-эстетикалық әлеуетін ашуға және ұлттық танымды тілдік деңгейде сипаттауға қосатын үлесімен ерекшеленеді.

Авторлар туралы

М. Т. Джакыпбекова
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Мамиля Тургамбаевна Джакыпбекова, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Талдықорған қ.



Ш. А. Кыяхметова
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Шара Асетовна Кыяхметова, автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Талдықорған қ.



А. Ө. Әуелбек
Международный университет Астана, Казахстан
Қазақстан

Ақмаржан Өсемханқызы Әуелбек, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка: учебное пособие. 2-е изд., доп. – Алматы: Санат, 1997. – 608 с.

2. Әбдуәли Қ. Қазақ қандай халық? – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 652 б.

3. Бабалар сөзі. Т. 93. Магиялық фольклор. – Астана: Фолиант, 2013. – 432 б.

4. Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. – Алматы: Жазушы, 2009. – 224 б.

5. Бакраденова А.Б. Ақын музейі – көненің көзі, тарихтың өзі // «Жансүгіров тағылымы»: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Талдықорған, 2023. – 227 б.

6. Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. Өлеңдер. Т. 1 / құраст. Ш. Кыяхметова. – Алматы: Баянжүрек, 2019. – 528 б.

7. Исаева Г. Жаңбыр және оның түрлері // Ана тілі. – 2016. – 19 мамыр.

8. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.

9. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі: энциклопедия. – Т. 1. АД. – Алматы: DPS, 2011. – 736 б.

10. Құрманалиева Э.Т., Тілегенов Н., Сайлауова А.Т. Артық болмас білгенің: рухани-танымдық жинақ. – Тараз: Тараз университеті, 2018. – 400 б.

11. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 356 б.

12. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 8. – Алматы: Ел-шежіре, 2014. – 292 б.

13. Тер-Минасова С. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2008. – 264 б.

14. Уәли Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы: Қазақ тілі, 2021. – 120 б.

15. Фазылжан А. Қазақ сөзінің құрылысы: екпін мәселесі [Электронды ресурс]. – URL: https://kitap.kz/music/9/27-kazaq-sozining-qurylysy-ekpin-m-selesi (қаралған күні: 01.06.2026).

16. Хасен Б., Жанайхан Б. Қазақ және түрік тілдеріндегі «сары» сөзі қатысқан тіркестердің семантикалық ерекшеліктері // Тілтаным. – №1. 2016. –45-48-бб.

17. Issabekova, G., Nazarbekova, P., Abdykadyrova, T., Rizakhojayeva, G., Akeshova, M. Teaching the Linguistic Aspects of Ethnocultural Units Employing Comparative-Historical Method // Eurasian Journal of Applied Linguistics. Vol. 10. No.3, 2024. Pp. 33-46.

18. Jakypbekova, M., Abyzova, A., Kyyakhmetova, S., Shukenay, G., Turysbekova, A., Myrzabek, N. Cognitive

19. Characteristics of Ethnographisms Related to Material Culture (Based on Ethnographic Poems of Ilyas Zhansugurov) // Eurasian Journal of Applied Linguistics. Vol. 11. No.2, 2025. Pp. 109-121.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Джакыпбекова М.Т., Кыяхметова Ш.А., Әуелбек А.Ө. Ілияс Жансүгіров өлеңдеріндегі лексемалардың лингвопоэтикалық сипаты. TILTANYM. 2026;(2):54-65. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-54-65

For citation:


Dzhakypbekova M., Kyyakhmetova Sh., Аuelbek A. The Linguopoetic Characteristics of Lexemes in the Poems of Ilyas Zhansugurov. Tiltanym. 2026;(2):54-65. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-54-65

Қараулар: 11

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)