Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Ортағасырлық мәмлүк-қыпшақ «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішіндегі ономастикалық кеңістік

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-79-92

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған ортағасырлық жазба ескерткіштердің бірі – «Байтарату’л-Вазих» қолжазбасындағы діни лексика кешенді түрде талданады. Атбегілік пен ветеринария саласына арналған бұл еңбек араб тіліндегі «Байтара» атты трактаттың қыпшақша аудармасы болып табылады. Соған байланысты оның тілдік құрамынан  исламдық теологиялық ұғымдар жиі кездеседі. Зерттеу барысында қолжазбадағы діни сөздер тақырыптық топтарға бөлініп, лексика-семантикалық тұрғыдан жүйеленеді, олардың мағынасы мен қолданылу контекстері анықталады. Негізгі тақырыптық топтарға теологиялық ұғымдар (Тәңірі), ислам дініне қатысты лексика (Аллаһ, Құран, тағалла, рабб, Расул,ахирет, қиямет, расул, сахаба, сахиб), діни қызмет пен рәсім терминологиясы (намаз, фиқһ, мәкрух, таһият, дуа), моральдық-этикалық концептілер (сабыр, шүкір, күнә, үкім, рахым, ризық), діни антропонимдер, пайғамбарлар мен сахабалар есімдері: Адам, Мұхаммед, Мұхаммед Мұстафа, Әбу Бәкір, Омар, Осман ибн Аффан), топонимдер (Мекке), сондай-ақ арнайы діни тіркестер (Бісмілләһі р-рахмани р-рахим, әл-әләмин, расул алейһис-сәләм) талданады. Аталған лексикалық бірліктерді қарастыру барысында қолжазбаның теолингвистикалық кеңістігіне шолу жасалып, ортағасырлық қыпшақ қоғамының рухани-діни дүниетанымына қатысты маңызды тілдік-мәдени деректер анықталды.«Байтарату’л-Вазих» қолжазбасы – қыпшақ тілінің тарихи даму үдерісін, оның қазіргі қазақ тілімен арасындағы лексикалық әрі құрылымдық сабақтастығын анықтауға мүмкіндік беретін құнды тарихи жазба мұра. Ескерткішті лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу түркітану және қазіргі қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерін шешуде маңызды ғылыми база болып табылады.

Авторлар туралы

К. Батырбекова
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан

Камшат Батырбекова, докторант

Шымкент қ.



С. Боранбаев
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Сандыбай Боранбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор

Шымкент қ.



С. Байменова
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан
Қазақстан

Сәуле Байменова, автор-корреспондент, докторант

Шымкент қ.



Әдебиет тізімі

1. Амирова Г. The Lexical and Semantic Analysis of Zamakshari' Dictionary «Muqaddimat Al Adab» and its Relation to The Kazakh Landuage International Journal of Society, Culture & Language (IJSCL), 2024. https://doi.org/10.22034/ijscl.2023.2011077.3159

2. Аубакирова Қ. Иршәдүл-мулук уәс-салатин» ескерткішіндегі (XIVғ.) теолингвистикалық кеңістік. – Қызылорда: «Жиенай», 2023. – 160 б.

3. Баласағұни Й.. Құтадғу білік: Құт әкелетін білім. – Түркістан: Тұран, 2024. – 555 б.

4. Боранбаев С., Серкебаева Г. Ортағасырлық «Кодекс Куманикус» жазба ескерткішінің сөздігі. – Шымкент: Әлем, 2024. – 220 б.

5. Жақыпов Ж., Кәрібай Қ. Дін негізді фразеологизмдер // Тілтаным. – №2 (90). – 2023.

6. Жалмаханов Ш., Серімов Е., Ағабекова Ж.М. Замахшари «Мукаддимат әл-әдәб» сөздігі (ХІІғ). – Қарағанды: Tengri, 2023. – 282 б.

7. Иассауи Қ.А. «Диуани Хикмет» Ақыл кітабы. – Алматы: Өнер, 2007. – 312 б.

8. Исахан М., Муслимов, М., Көкенай, С., Сыдықов, Б. Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы. – Астана, 2015. – 60 б.

9. Кемел М. Күлтегін. Тоныкөк. – Астана: Аударма, 2002. – 96 б.

10. Кенжалин К.Қ. Қазақ тілінің тарихи сөздігі. – Астана, 2022а. – Т. 3. – 472 б.

11. Кенжалин К.Қ. Қазақ тілінің тарихи сөздігі. – Астана, 2022b. – Т.1. – 432 б.

12. Кенжалин К.Қ. Қазақ тілінің тарихи сөздігі. – Астана, 2022c. – Т.2. – 472 б.

13. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 797 б.

14. Малбақов М., Есентаева, Қ., Хинаят, Б. Қазақ әдеби тілінің сөздігі XIV том және тағы басқалар. Том 14. – Алматы, 2011. – 800 б.

15. Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2017. – 656 б.

16. Мухитдинов Р., Жұмабеков Қ., Сейдамат Ә. Теолингвистикалық сөздік. – Алматы: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2020. – 200 б.

17. Наделяев В.М., Насилов Д.М., Тенишев Э.Р., Щербак А.М. Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969. – 760 с.

18. Оңғар қажы Өмірбек, Құран Кәрім.1-ден 30-ға дейінгі паралар, арабша транскрипциясы және қазақша мағынасы. – Алматы: Дәуір, 2021. – 1216 б.

19. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т. 3. – СПб. – 1893. – C. 1047-1048.

20. Садықбеков А. «Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі» (Китаб Муқаддима Әбу Ләйс әсСамарқанди) еңбегінің негізінде. – Алматы, 2010.

21. Сайлаубайұлы Н., Ыбрайымұлы Е. Намаз оқып үйренейік. – Алматы: «Көкжиек-Б» баспасы, 2013. – 88 б.

22. Сүлейменов О. Азия. – Алматы: «Библиотека Олжаса ИД», 2014. – 356 с.

23. Үдербаев А., Нақысбеков, О., Қоңыратбаева, Ж. (2010). Уалиханов Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы. – 464 б.

24. Akalɪn, М., Mehmet Emin Ačar. Baytaratü 'l-vazɪh (inceleme-metin indeks) Nu: 7105 Ocak, 1986.

25. Atalay, B. Divanü Lügat-it-Türk Tercümesi III. Ankara: TDK Yayınları, 1941.

26. Çağatay, Saadet. Eine osttürkische Handschrift: Baytaratʼul-vażiḥ Ankara, 1957. 602 s

27. Özgür, C. Baytaratü 'l-vazɪh (metin). 1988. 209 s.

28. Şirin, R. Kitäb fi Riyazati ՚l-Hayl, Kitab fiilm՚n Nüşṣäb.Erzurum, 1989.

29. Uğurlu, М. Munyetu՚ll-ğuzat. Ankara: Ağustos, 1984.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Батырбекова К., Боранбаев С., Байменова С. Ортағасырлық мәмлүк-қыпшақ «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішіндегі ономастикалық кеңістік. TILTANYM. 2026;(2):79-92. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-79-92

For citation:


Batyrbekova K., Boranbayev S., Baimenova S. The Onomastic Space in the Medieval MamlukKipchak Written Monument “Baytaratu’l-Wazih”. Tiltanym. 2026;(2):79-92. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-79-92

Қараулар: 6

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)