Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ономастикалық атаулардың зерттелуі
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-70-80
Аңдатпа
Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ономастикалық кеңістігінде орын алған өзгерістер мен оларды зерттеу мәселелері қарастырылған. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдерде ұлттық сананың қайта жаңғыруы нәтижесінде жер-су, елді мекен, көше атауларында айтарлықтай өзгерістер болды. Қазіргі таңда ұлттық ономастика мәселесі мемлекет тарапынан үлкен саяси-идеологиялық мәнге ие болып отыр. Себебі ономастикалық атаулар – халықтың тарихи жадын, мәдени болмысын және ұлттық бірегейлігін айқындайтын рухани құндылық. Ономастикалық атаулардың ұлттық мазмұнға сай қайтадан жаңғыруы – елдің отарсыздану саясатын, тарихи әділдікті қалпына келтіру үрдісін және ұлттық сананы нығайтудың нақты көрінісі болып табылады. Осымен байланысты ономастика тек тілдік немесе географиялық жай атау ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси әрі мәдени маңызы зор сала екендігін көреміз. Егемендік алғанға дейін отаршылдық саясат халықтың ұлттық жады мен тарихын ұмыттыру мақсатында көптеген дәстүрлі атауларымызды өзгерткені мәлім. Егемендік алғаннан кейін Үкімет тарапынан арнайы Мемлекеттік Ономастика комиссиясы құрылып, жүйелі жұмыс атқарып келеді. Ұлттық ономастика мәселесіне Президент Қ-Ж.К. Тоқаев та ерекше назар аударып, биыл өткен Ұлттық құрылтай жиынында: «Қалалар мен көшелердің атауынан халқымыздың төл тарихы көрініс табуы қажет» – деген болатын. Қалалар мен көшелер, жер-су және елді мекен атауларын ұлттық құндылыққа сәйкес реттеу негізінде ұлттың тарихи жады мен мәдени коды қайтадан жаңғыратыны сөзсіз.
Авторлар туралы
А. Д. НурекеноваҚазақстан
Айгерим Дуйсеновна Нурекенова, автор-корреспондент, докторант
Алматы қ.
Ә. Ж. Әміров
Қазақстан
Әбдібек Жетпісұлы Әміров, филология ғылымдарының кандидаты
Алматы қ.
А. Ш. Тлеулесова
Қазақстан
Ардақ Шайкенқызы Тлеулесова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы: Ғылым, 1975. – 207 б.
2. Әлімхан А. Шығыс Қазақстан топонимиясындағы орыс тілі қабаты. // Ономастикалық хабаршы. – 2016. – № 2 (32). – 118 б.
3. Бияров Б. Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері. Монография. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 460 б.
4. Жанұзақ Т. Атаулар сыры. – Алматы: Дайк-пресс, 2007. – 520 б.
5. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ азаматтары аты-жөндерінің емле ережелері жайлы ұсыным. // Ономастикалық хабаршы. – 2016. – № 2 (32). – 118 б.
6. Жартыбаев А. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи-лингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері: филол. ғыл. докт... автореф.: 10.02.06. – Алматы, 2006. – 44 б.
7. Конкашпаев Г. Словарь казахских географических названий. – Алма-Ата: Академии наук КазССР, 1963. – 185 с.
8. Көшім Д. Ономастика – тәуелсіздік көрсеткіші. Halyq Line сайты [Электрондық ресурс]. Қолжетімді: https://halyqline.kz/masele/onomastika-taewelsizdik-koersetkishi/ (қаралған күні: 20.08.2025).
9. Қараман А., Сапашев О. Аймақтық сакральды топонимиядағы номинация жүйесі ұлттық код ретінде. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. – №2. – Б. 159-171.
10. Мадиева Г. Ономастика Казахстана: аналитический обзор (подходы исследования онимов). – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 120 с.
11. Нұрмағанбетов Ә. Жер-су аты – тарихтың хаты. – Алматы: Балауса, 1994. – 64 б. Очерки истории Рудного Алтая. – Усть-Каменогорск, 1970. – 200 с.
12. Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері: филол. ғыл. док. дис. Тіл білімі ин-ты. – Алматы, 2010. – 245 б.
13. Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, 2006. – 368 б.
14. Уәли Н. Ономастикалық атаулардағы тарихи-мәдени кодтарды ашудың лингвокогнитивтік негіздері. Ономастикалық хабаршы. – 2014. – №2(28). – 118 б.
15. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. – Алматы: Қазақ тілі, 2021. – 408 б.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Нурекенова А.Д., Әміров Ә.Ж., Тлеулесова А.Ш. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ономастикалық атаулардың зерттелуі. TILTANYM. 2025;100(4):70-80. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-70-80
For citation:
Nurekenova A., Amirov A., Tleulesova A. The Study of Onomastic Names in the Period of Independent Kazakhstan. Tiltanym. 2025;100(4):70-80. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-70-80
JATS XML









