Цифрлық дискурс: тілдік сипаты (әлеуметтік желі мәтіндері негізінде)
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-206-221
Аңдатпа
Мақалада дискурсологиядағы жаңа бағыт саналатын цифрлық дискурс қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – цифрлық дискурстың тілдік сипатын анықтау. Осыған сәйкес мақаланың негізгі бағыты – дискурсология, негізгі идеясы: интернет кеңістігінде орындалатын дискурс цифрлық дискурсқа жатқызылады, оның өзіне тән тілдік ерекшеліктері бар. Цифрлық дискурс – бұл интернеттегі тілдік қарым-қатынастың барлық формаларын, соның ішінде сайт, блог, әлеуметтік желідегі жазбалар ұғымдарын қамтитын термин. Ұсынылған мақалада цифрлық дискурстың тілдік сипаты Instagram, Facebook, Threads әлеуметтік желі материалдарын, цифрлық қарым-қатынас стилін талдау негізінде анықталды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы зерттеу нәтижесінің дискурсология теориясын жаңа тұжырымдармен толықтыруымен, практикалық маңыздылығы әлеуметтік желі материалдарына дискурстық талдау жасау үлгісінің осындай бағыттағы өзге жұмыстарға пайдалануға жарамдылығымен анықталады. Зерттеу әдіснамасын цифрлық дискурсқа қатысушылардың Instagram, Facebook, Threads-тегі тілдік қолданыстары мен стилін танытатын материалдарды талдауда пайдаланған лексика-семантикалық және дискурстық талдау әдістері құрайды. Зерттеудің негізгі нәтижелерімен талдау: 1) цифрлық дискурстың тілдік сипаты, негізінен, арнайы символдық таңбалар жұмсалуымен, мысалы: #хэштег, эмодзилер, пост фонын таңбалау (обложка) ерекшеленеді; 2) цифрлық дискурстың лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері: қысқартулар, инверсия, сөздерді созып қолдану, әріптердің түсіп қалуы, тіл шұбарлануы т.б. Зерттеу жұмысының қорытындылары: цифрлық дискурс – өзіндік тілдік ерекшелікке ие, интернет кеңістігінде интерактивті жүзеге асатын, қоғамға ықпалы зор және нәтижесі цифрлық мәтінде таңбаланатын сөйлеу әрекеті. Жүргізілген зерттеудің құндылығы дискурсология метатілін дамытуға қосқан үлесімен (цифрлық дискурс, цифрлық мәтін т.с.с.) анықталады. Жұмыс қорытындысының практикалық маңызы: цифрлық дискурстағы тілдік қолданыстар мен коммуникациялық стиль ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың мәдени үдерістерге ықпалы мен әлеуметтік маңызын талдау барысында алынған нәтижелерді лингвистикалық бағыттағы зерттеулерде қолдануға болады.
Авторлар туралы
Қ. Е. ТәшпеноваҚазақстан
Құралай Елібайқызы Тәшпенова, докторант
Ақтөбе қ.
К. Қ. Садирова
Қазақстан
Күлзат Қаниқызы Садирова, филология ғылымдарының докторы, профессор
Ақтөбе қ.
Әдебиет тізімі
1. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007. – 244 б.
2. Баркович А.А. Интернет-дискурс: компьютерно-опосредованная связь: учеб. Интернет-дискурс: компьютерная коммуникация: учебник. – Москва: Флинта: Наука, 2015. – 288 с. Бекетова А.А. Системообразующие признаки интернет-дискурса и ценностная картина мира // Вестник АГУ. – 2017. – Вып. 2 (197). – С. 32-37.
3. Бүркітбаева Г.Г. Іскерлік дискурс. Онтология және жанр. – Алматы: Ғылым, 2005. – 232 б.
4. Галичкина Е.Н. Специфика компьютерного дискурса на английском и русском языках (на материале жанра компьютерных конференций): дис. … канд. филол. наук. – Астрахань, 2001. – 212 с.
5. Кеншинбаева Ж. Қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуі (эксперименттик-фонетикалық зерттеу): филол. ғыл. канд. … автореф. – Алматы, 2005. – 27 б.
6. Кибрик А.А. Дискурс и возникновение функционализма. / А.А. Кибрик, В.А. Плунгян // Современное американское языкознание: Фундаментальные направления. – Москва: Эдиториал УРСС, 2002. – С. 307-309.
7. Қазақ тілінің кірме сөздігі. / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
8. Қалиев Б. Дискурс және оның тілдік бірлігі // «Дискурс теориясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция. 27-28 мамыр, 2011. – 1-том. – Ақтөбе, 2011. – 8-14-бб.
9. Мемлекеттік органдардың интернет-ресустарының бірыңғай платформасы https://www.gov.kz/situations/316/810 (интернет ресурс)
10. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – Москва: Русский язык, 1987. – 750 с.
11. Ошанова О., Қалибекұлы Д., Елешева А. Сандық коммуникациядағы өшпенділік және құқықтық реттеу // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы. Журналистика сериясы, 2023. – 144 т. – П. 3. – 27-39-бб. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-27-39
12. Саяси түсіндірме сөздік. – Астана: Жүйелі зерттеулер институты, 2007. – 616 б.
13. Серікбаева А. Виртуалды коммуникациядағы тілдік жаңартпалар: кодификациялау және лексикографиялау: PhD, филоc. ғыл. док. … дис. – Алматы, 2025. – 137 б.
14. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. док. … автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.
15. Уоллейс П. Интернет психологиясы: ғылыми басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 392 б.
16. Фазылжанова А., Аушенова А. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының классификациясы // Научный журнал Павлодарского государственного университета имени С. Торайгырова. – Павлодар, 2017. – С. 466-473.
17. Щипицина Л.Ю. Понятие текста компьютерно-опосредованной коммуникации // Вестник Вятского государственного гуманитарного университета, 2009. 4-2. – С. 54-60.
18. Defleur, M.L., Ball-Rokeach, S.J. Theories of Mass Communication. New York-London: Longman, 1989. 368 p.
19. Elhija, D. Code Switching in Digital Communication // Open Journal of Modern Linguistics, 2023. 13. P. 355-372. https://www.scirp.org/journal/ojml
20. Grunig, J.E., Hunt, T. Public Relations (6th ed.) Orlando, FL: Harcourt Brace Jovanovich, 1984. 550 p. Heim, M. Virtual Realism. New York: Oxford Un. Press, 1997. 238 p.
21. Khin, S., Ho, T.C.F. Digital technology, digital capability and organizational performance: A mediating role of digital innovation. International Journal of Innovation Science, 2019. 11(2). Pp. 177-195. https://doi.org/10.1108/IJIS-082018-0083
22. Longstreet, P., Brooks, S. Life satisfaction: A key to managing internet & social media addiction. Technology in Society, 2017. 50. Pp. 73-77. https://doi.org/10.1016/j.techsoc.2017.05.003
23. Weihua, Wang Research on Teachers’ Digital Competence in STEM of Higher Education in the Context of Digital Transformation. Open Journal of Social Sciences, 2024. 12. Pp. 207-215. https://www.scirp.org/journal/jss
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тәшпенова Қ.Е., Садирова К.Қ. Цифрлық дискурс: тілдік сипаты (әлеуметтік желі мәтіндері негізінде). TILTANYM. 2026;(1):206-221. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-206-221
For citation:
Tashpenova K., Sadirova K. Digital Discourse: Linguistic Characteristics (Based on Social Media Texts). Tiltanym. 2026;(1):206-221. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-206-221
JATS XML










