Preview

ПАРЕМИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КӨНЕ СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-49-60

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада қазақ паремияларындағы көне сөздердің этимологиясы, стильдік қызметі жан-жақты зерделенеді. Зерттеу барысында халық ауыз әдебиетінің тұрақты бөлшегі ретінде мақал-мәтелдерде сақталып қалған көне сөздердің табиғаты, олардың көркем мәтіндегі қолданылу ерекшеліктері мен прагматикалық бағыттары қарастырылған. Сондай-ақ көне сөздерді тарихи-мәдени ақпарат көзі ретінде сипаттап, олардың қолдану аясы мен даму эволюциясына тоқталады. Сонымен бірге көне сөздердің этимологиясы, тілдік жүйедегі орны, құрылымдық ерекшеліктері мен мағыналық өзгерістері нақты мысалдармен дәлелденеді. Мақаланың теориялық бөлімі қазақ ғылымдары Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ж. Манкеева, Ш. Сарыбаев, А. Ысқақов, А.Салқынбай, Р. Авакова т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп жазылған. Мақалада мақал-мәтел құрамындағы көне сөздердің ұлттық таным мен болмысты беруіндегі рөліне ерекше назар аударылып, олардың паремияларда көркемдікэстетикалық мақсатта шебер пайдаланылғаны көрсетіледі. Бұл тұрғыда көне сөздер лексиканың тек тілдік элементі ғана емес, сонымен қатар ұлттық рух пен тарихи жадының көрінісі екені дәлелденеді. Мақалада көне сөздердің этимологиясы, стилистикалық мәні ашыла отырып, тілдің көркемдік мүмкіндігі, халықтық дүниетанымды жеткізудегі әлеуеті жан-жақты сипатталады. Зерттеу нәтижесі қазақ тіл білімінің паремиология, стилистика, тарихи лексикология және фразеология сияқты бағыттары үшін маңызды тілдік-мәдени материал болып табылады. Мақала тілдегі көне сөздердің этимологиялық талдауы мен ұлттық тіл мұрасын зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беретін көмекші еңбек болып саналады.

Авторлар туралы

С. Ғ. Қанапина
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Қазақстан

Сәуле Ғалымбекқызы Қанапина, филология ғылымдарының кандидаты

Қостанай қ.



А. Д. Безаубекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Қазақстан

Алмагүл Дәненқызы Безаубекова,  филология ғылымдарының кандидаты

Қостанай қ.,



К. К. Есіркепова
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Қазақстан

Кенжегүл Қабылғазықызы Есіркепова, филология ғылымдарының кандидаты

Қостанай қ.



Әдебиет тізімі

1. Авакова Р. Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 292 б.

2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 319 б.

3. Жанұзақ Т. Қазақ есімдерінің анықтамалығы. – Алматы: Арыс, 2009. – 552 б.

4. Каракаев Ю.И. Устаревшая лексика ногайского языка: автореф. … канд. филол. наук. – Казань, 1999. – 23 с.

5. Кейкін Ж. Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі. – Алматы: Өлке, 2002. – 448 б.

6. Коростелева Т.В. Архаизмы как тропеическое средство в современном русском литературном языке: лингвопрагматический аспект: автореф. … канд. филол. наук. – Волгоград, 2015. – 21 с.

7. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6-том. / Құраст.: Ж. Қоңыратбаева, Ғ. Қалиев, Қ. Есенова және т.б. – Алматы, 2011. – 752 б.

8. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том. / Құраст.: Б. Момынова, Б. Сүйерқұлова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы, 2011. – 752 б.

9. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1997. – 368 б.

10. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері. 6-т. – Алматы: Сардар, 2014. – 256 б.

11. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. – 264 б.

12. Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014. – 640 б.

13. Мұқанов С. Ботагөз. – Алматы: Мектеп, 1989. – 520 б.

14. Мұстафин Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1981.

15. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 340 б.

16. Сарыбаев Ш. Кейбір сөздердің этимологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1959. – №6. – 25-б.

17. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат, 1995. – 207 б.

18. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан). – Алматы: Ел-шежіре, 2014. – 412 б.

19. Ысқақов А. Қазақтың байырғы календары. – Алматы, 1960. – 90 б.

20. Юнусалиев Б.У. Киргизская лексикология. Ч. 1. – Фрунзе: Киргизучпедгиз, 1960. – 209 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қанапина С.Ғ., Безаубекова А.Д., Есіркепова К.К. ПАРЕМИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КӨНЕ СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ. TILTANYM. 2025;(3):49-60. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-49-60

For citation:


Kanapina S., Bezaubekova A., Yesirkepova K. ETYMOLOGY OF OBSOLETE WORDS IN PAREMIOLOGICAL EXPRESSIONS. Tiltanym. 2025;(3):49-60. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-49-60

Қараулар: 11


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)