Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Эпонимдердің лингвомәдениеттанудағы зерттелу үрдісі

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-124-134

Толық мәтін:

Аңдатпа

Эпонимдер – белгілі бір тарихи тұлғалардың, мәдени құбылыстардың немесе әлеуметтік оқиғалардың атауымен байланысты қалыптасқан тілдік бірліктер. Олар тілде тек атау қызметін ғана атқармай, белгілі бір кезеңнің мәдени тәжірибесін, тарихи жадын және қоғамдық түсініктерін сақтайтын лингвомәдени құбылыс ретінде көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда эпонимдерді зерттеу тіл мен мәдениеттің өзара байланысын ашуға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – эпонимдердің лингвомәдениеттанудағы орнын анықтау, олардың қалыптасу жолдарын, семантикалық ерекшеліктерін және қазақ, ағылшын тілдеріндегі қолданыс сипатын қарастыру. Сонымен қатар эпонимдердің мәдени ақпаратты жеткізудегі қызметін айқындау негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеу барысында лингвомәдени талдау, этимологиялық талдау, салыстырмалы талдау, квалитативті талдау әдістері қолданылды. Талдау материалы ретінде әртүрлі ғылыми салаларда және қоғамдық қолданыста кездесетін эпонимдік атаулар қарастырылды. Зерттеу нәтижелері эпонимдердің тек терминологиялық бірлік ретінде емес, мәдени-танымдық мазмұны бар тілдік құбылыс екенін көрсетеді. Олар тарихи тұлғалармен, мәдени тәжірибемен және әлеуметтік өзгерістермен байланысты қалыптасып, уақыт өте келе жалпы тілдік қолданысқа енеді. Сонымен қатар жаһандану, мәдени ықпалдастық және тарихи-саяси өзгерістер эпонимдердің таралуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігі анықталды. Жүргізілген зерттеу эпонимдерді лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастырудың маңызын айқындайды және олардың ұлттық мәдени кодты танытудағы рөлін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері эпонимдерді жүйелеу мен түсіндіруде, сондай-ақ лингвистика, ономастика және мәдениеттану салаларындағы зерттеулерде қолданылуы мүмкін. 

Авторлар туралы

Д. Е. Мырзаханова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Динара Есенгельдиевна Мырзаханова, докторант

Алматы қ.



Ж. Т. Таубаев
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Жарас Турыcбекович Таубаев, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Азимов А. Слова в науке: История происхождения научных терминов. – Москва: Центрполиграф, 2006. – 368 с.

2. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – Москва: КомКнига, 2007. – 576 с.

3. Әшімханова Ф.М. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2007. – 24 б.

4. Блау М.Г. Судьба эпонимов. 300 историй происхождения слов. Словарь-справочник. – Москва: ЭНАС, 2010. – 271 с.

5. Воробьев В.В. Лингвокультурология. – Москва: Изд-во РУДН, 2008. – 340 с.

6. Какзанова Е.М. Лингвокогнитивные и культурологические особенности научного дискурса: автореф. … канд. филол. наук. – Москва, 2011. – 368 с.

7. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 404 б.

8. Қарабаева Х.Ә. Адам аттарының терминденуі // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2016. – №2 (160). – 145-147-бб.

9. Лейчик В.М. Обсуждение проблем эпонимии в современной науке // I Международная заочная научнопрактическая конференция «Язык и право: актуальные проблемы взаимодействия». – 2011. – 230 с.

10. Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.К. Ономастика: зерттеу мәселелері. – Алматы: Атамұра, 2005. – 240 б.

11. Мадиева Г.Б. Имя собственное в контексте познания. Монография. Издание третье, дополненное. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 274 с.

12. Меженина Е.П., Куценок Я.Б., Печерский А.Г., Крук З.В. Словарь эпонимических названий болезней и синдромов. – Киев: Вища, 1982. – 184 с.

13. Никитина С.Е. Устная народная культура и языковое сознание. – Москва: Наука, 1993. – 187 с.

14. Орфографиялық сөздік. / құраст.: Н. Уәли, Қ. Күдеринова, А. Фазылжанова, Ж. Исаева, Н. Әміржанова, А. Әмірбекова; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тіл комитеті, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. – 6-бас. – Алматы: Дәуір, 2013. – 708 б.

15. Ражина В.А. Ономастические реалии: лингвокультурологический и прагматический аспекты: автореф. … канд. филол. наук. – Краснодар, 2007. – 156 с.

16. Рязанцев В. Словари школьника. Имена и названия. – Москва: Современник, 1998. – 228 с.

17. Старичёнок В.Д. Большой лингвистический словарь. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2008. – 812 с.

18. Таубаев Ж.Т. Эпонимдердің қазіргі өзекті лингвистикалық мәселелері // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2019. – №1 (173). – 102-108-бб. https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph25

19. Хамраев М.К. Краткий словарь терминов тюркоязычных литератур. – Алма-Ата: Мектеп, 1966. – 67 с.

20. Чурилов Л.П., Колобов А.В., Строев Ю.И.; сост. О.Л. Колобова, А.М. Константинова, В.И. Утехин. Рецензия на «Толковый словарь избранных медицинских терминов (эпонимы и образные выражения)». – СПб.: Элби, 2010. – 336 с.

21. Шелов С.Д., Лейчик В.М. Номенклатурные наименования как класс научно-технической лексики: состав и функции. Учебное пособие. – СПб.: СПб. гос. ун-т, 2007. – 80 с.

22. Энциклопедический словарь по анатомии и физиологии человека. – Том II. К – П. – Москва: Нобель Пресс, 2013. – 840 с.

23. Slabin, U. Should eponyms be kept? Emphatic yes. Journal of Baltic Science Education. 2023. 22(2). Pp. 188-191. https://doi.org/10.33225/jbse/23.22.188

24. The new lexicon. Webster’s encyclopedic dictionary of the English language: Canadian edition. New York: Lexicon Publication Inc., 1988. 1149 p.

25. Whitworth, J.A. Should eponyms be abandoned? No. BMJ. 2007. 335(7617). 425 p. https://doi.org/10.1136/bmj.39361.462035.BE

26. Woywodt, A., Matteson, E. Should eponyms be abandoned? Yes. BMJ. 2007. 335(7617). P. 424 p. https://doi.org/10.1136/bmj.39274.440613.AD


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мырзаханова Д.Е., Таубаев Ж.Т. Эпонимдердің лингвомәдениеттанудағы зерттелу үрдісі. TILTANYM. 2026;(1):124-134. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-124-134

For citation:


Myrzakhanova D., Taubayev Zh. Trends in the Study of Eponyms in Linguocultural Research. Tiltanym. 2026;(1):124-134. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-124-134

Қараулар: 175

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)