BIG CITY LIFE: ҚАЛАЛАНУДЫҢ ӘН МӘТІНДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ
https://doi.org/10.55491//2411-6076-2025-3-202-214
Аңдатпа
Бұл мақала қазақ тілінің урбандану құбылысын ән мәтіндері негізінде қарастырады. Қазақстанда урбандану үдерісі, яғни қалаларға қоныс аудару 2000 жылдардың басынан бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл құбылыс Қазақстан тұрғындарының табиғи кеңістігінің өзгерісімен ғана шектелмейді, сонымен бірге олардың дүниетанымындағы трансформацияны да қамтиды. Осы ретте ел тұрғындарының қалалық ортаны қабылдауын және жаңа ортаға сіңісуін тілдік тұрғыдан бақылау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі қалалық кеңістікті игеруді жеңілдету әрі жеделдету ісінде тіл факторы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты біз «Қалаға көшіп келген қазақтілді тіл иелменінің санасындағы қала бейнесі қандай?» деген сауалға жауап іздеп көрдік. Қалалану үдерісінің көрінісін қазақ тілінде жарияланған ән мәтіндерін талдау арқылы көрсетуді зерттеу мақсатына айналдырдық. Зерттеу материалы ретінде 2014-2025 жылдар аралығында қазақ эстрадасында танымал болған қазақ тіліндегі ән мәтіндерін алдық. Мақалада ән мәтіндеріндегі қала аттарының кездесу жиілігі, Қазақстан қалаларын сипаттаудағы негізгі паттерндер және қалалық ортаға қатысты қатынастар талданған. Мақалада урбанданудың музыкалық мәдениетке және ағымдарға әсері көрсетіліп, қалалық өмір ырғағының ән мәтіндеріндегі көрінісі және қалалық ортаға тән мәдени құбылыстар сипатталған. Зерттеуде cтатистикалық талдау, дескриптивтік талдау, семантикалық талдау, салыстыра талдау әдістері қолданылған. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда жүріп жатқан қалаға қоныстану үдерісінің әлеуметтік табиғатын айқындап, урбандануды жаңа қырынан көрсететін еңбек болады деген сенімдеміз. Қоғамның урбандануға қатысты көзқарасын ән мәтіндері негізінде талдау әлеуметтік-тілтанымдық үдерістерді зерттеудің теориялық деңгейін тереңдетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Авторлар туралы
А. МахамбетоваҚазақстан
Айдана Махамбетова, докторант
Алматы қ.
Қ. Қ. Дүйсен
Қазақстан
Қуатбек Қонысбайұлы Дүйсен, философия докторы (PhD)
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Ахатова Э.Х., Бекенова Л.М., Сейтхамзина Г.Ж. Ретроспективный анализ этапов урбанизации и тенденций развития городов в Казахстане // Научный журнал «Вестник университета «Туран». – 2022. – №3 (95).
2. Мигунова Ю.Ю., Новиков В.Ю. Влияние урбанизации на формирование социокультурного потенциала городов // Вестник Майкопского государственного технологического университета. – 2019. – №4. – С. 43.
3. Национальный доклад о человеческом развитии. Урбанизация как ускоритель инклюзивного и устойчивого развития в Казахстане. 2019 / ПРООН в Казахстане [Электронды ресурс]. – URL: https://ecogosfond.kz/wpcontent/uploads/2020/03/RUS__KAZ-NHDR2019_compressed.pdf (Пайдаланылған күні: 19.05.2024).
4. Рейтинг стран мира по показателю уровня урбанизации (Urbanization Index) / Департамент ООН по экономическим и социальным вопросам [Электронды ресурс] // Гуманитарный портал. – URL: https://gtmarket.ru/ratings/urbanization-index (Пайдаланылған күні: 20.10.2023).
5. Сүлейменова Э.Д., Шәймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С., Ақанова Д.Х. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. – Алматы: Арман-ПВ, 2020. – 400 б.
6. Ұлттық статистика бюросы. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі [Электронды ресурс]. – URL: https://stat.gov.kz/ (Пайдаланылған күні: 19.05.2024).
7. Abdulkabatova, L.G. Social infrastructure: role and importance in the development of a region // Issues of structuring the economy. 2009. No.2. P. 325-327.
8. Agugai.kz [Электронды ресурс]. – URL: http://agugai.kz/ (Пайдаланылған күні: 19.05.2024).
9. Andreenkova, N.V. A comparative analysis of life satisfaction and its determining factors // Monitoring of public opinion. 2010. No.5(99). P. 189-215.
10. Castells, M. The urban question: a Marxist approach. London, 1977. P. 77-78.
11. Erlich, G.V. The urbanization role of infrastructure in the development of the urban economy // Bulletin of SUSU. 2011. No.21. P. 238-246.
12. Gres, R.A. To the question of the influence of the process of urbanization on the intensity of ethnic and quasi-ethnic identities // Symbol of science. 2017. No.9. P. 51-57.
13. Kazamuz.kz [Электронды ресурс]. – URL: http://kazamuz.kz/ (Пайдаланылған күні: 19.05.2024).
14. Klyachko, T.L., Semionova, E.A. Employment of graduates of secondary vocational educational institutions // Economic policy. 2018. No.2. P. 100-125.
15. Kostarev, S.V. Urbanization as a factor in the dynamics of culture // Omsk Scientific Bulletin. 2012. No.5. P. 233-236.
16. Muzzona.kz [Электронды ресурс]. – URL: http://muzzona.kz/ (Пайдаланылған күні: 19.05.2024).
17. Pepinsky, T.B., Abtahian, M.R., Cohn, A.C. Urbanization, ethnic diversity, and language shift in Indonesia // Journal of Multilingual and Multicultural Development. 2022. Vol. 45(7). P. 2503-2521. https://doi.org/10.1080/01434632.2022.2055761
18. Pozdnyakov, A.L., Samokhvalov, A.M. Urbanization and its impact on the ecology of cities and settlements // Bulletin of the Southwestern State University. 2014. No.6(57). P. 74-78.
19. Tandefelt, M. Urbanization and Language Shift / Ed. B. Nordberg. The Sociolinguistics of Urbanization: The Case of the Nordic Countries. Berlin; New York: De Gruyter, 1994. P. 246-273. https://doi.org/10.1515/9783110852622.246
20. Trifonova, Z.A. Assessment of the socio-cultural potential of the centers of national-territorial formations of Russia // Proceedings of the Russian Academy of Sciences. Series: Geographical. 2008. No.3. P. 74-80.
21. Valdes Audriosola, M.S. The evolution of sociological theories of a city of XIX – XX centuries // Knowledge. Understanding. Skill. 2014. No.2. P. 319-325.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Махамбетова А., Дүйсен Қ.Қ. BIG CITY LIFE: ҚАЛАЛАНУДЫҢ ӘН МӘТІНДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ. TILTANYM. 2025;(3):202-214. https://doi.org/10.55491//2411-6076-2025-3-202-214
For citation:
Makhambetova A., Quwatbek Duysen Q. BIG CITY LIFE: THE REFLECTION OF URBANIZATION IN THE LYRICS. Tiltanym. 2025;(3):202-214. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491//2411-6076-2025-3-202-214