АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕНІМІН ТҮЗУДЕ САТЫЛЫ-КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-86-95
Аңдатпа
Мақалада Абай өлеңдерінің морфологиялық белгіленімін түзуде сатылы кешенді талдау технологиясының орны мен қызметі қарастырылады. Абай Құнанбайұлының «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі құрамындағы сөздердің морфологиялық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасалады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей зерттеу міндеттері қойылады: сатылы құрылым арқылы талдау жасаудың ерекшеліктері сараланады. Абай өлеңдеріне морфологиялық талдау жасаудың ерекшеліктері сөз етіледі. Сатылы-кешенді талдау технологиясының білім алушыларға қазақ тілінің дыбыс құрамын, сөз құрамын, грамматикалық құрылысын, әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталатындығы сөз етіледі. Абай Құнанбайұлының бір шумақ өлеңі беріледі. Өлең құрамындағы көңілім – сөзіне төл технология негізінде талдау жасау ерекшеліктері қарастырылады. Көңілім сөзінің құрамы анықталып, сөзге тән морфологиялық ерекшеліктер қамтылады. Негізгі және дара түбірге тән анықтамалар беріледі. Берілген сөздің жалпы және категориялық грамматикалық мағыналары сатылы-кешенді талдау технологиясы көмегімен айқындалады. Өлеңнің бір тармағына ықшамдау тәсілі арқылы талдау жасаудың ерекшелігі арнайы сызба арқылы көрсетіледі. Абай өлеңдеріне цифрлық өңдеу жасаудың қажеттілігі сөз етіледі. Абай шығармаларын заманауи технология көмегімен зерттеу, талдау, өңдеу, статистикалық мәліметтерді алуға зор мүмкіндік жасалады. Абай өлеңдерін корпустық технология көмегімен модельдеудің ерекшеліктері қарастырылады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Ж. Б. СаткеноваҚазақстан
Жайна Бағашарқызы Саткенова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы қ.
Г. Б. Мадиева
Қазақстан
Гүлмира Баянжанқызы Мадиева, филология ғылымдарының докторы, профессор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. – Астана, 2021. – 740 б.
2. Байтұрсынұлы А. Сауат ашқыш. Ересектерге әліппе. – Орынбор, 1924. – 114 б.
3. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Алматы: Жалын, 1991. – 348 б.
4. Достанов М.Д. Қазақ тілі сөздерінің фонетика-лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау әдістері. – Алматы, 1991. – 169 б.
5. Ермеков Ә. Грамматикалық талдау. Орта және 7 жылдық мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1958.
6. Жұбай О. Саткенова Ж. Ұлттық білім – ұлттың жасампаздығының негізі // «Отандық тілтаным дамуының құрылымдық, коммуникативтік, антропоөзектік модустары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2023. – 128-132-бб.
7. Жұбанов А., Жаңабекова А. Корпустық лингвистика (оқу құралы). – Алматы: Қазақ тілі, 2016. – 336 б.
8. Исаев С.М. Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері. – Алматы, 1985. – 128 б.
9. Исаев С.М., Бектұров Ш.К. Сөйлемдегі грамматикалық талдаудың тәсілдері: әдістемелік құрал. – Алматы: Өнер, 2007. – 76 б.
10. Kazakh Language Corpus. [Электрондық ресурс]. URL: http: //kazcorpus.kz/klcweb/en/ (Пайдаланылған күні: 04.03.2025).
11. Оразахынова Н. Қазақ тілі сабағында сатылай комплексті талдау жүргізу. – Алматы, 1997. – 64 б.
12. Оразахынова Н. Қазақ тілі. – Алматы, 2003. – 174 бет.
13. Оразахынова Н. Синтаксистік материалдарды сатылай комплексті талдау. – Алматы, 2005. – 112 б.
14. Оразахынова Н. Сатылай комплексті талдау (фонетика, сөзжасам, морфология, лексика, синтаксис). – Алматы: Телеарна, 2006. – 302 б.
15. Оразахынова Н. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми әдістемелік негіздері. – Алматы: Дайыр, 2007. – 289 б.
16. Оразахынова Н. Қазақ тілі: сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 2010. – 166 б.
17. Пірманова К., Жаңабекова А., Барменқұлова А. Ұлттық корпустарға негізделген лингвистикалық зерттеулер жүргізу // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – №3 (187). – 2021. – 84-85-бб.
18. Mansurova, М., Madiyeva, G., Aubakirov, S., Yermekov, Zh, Alimzhanov, Ye. Design and Development of MediaCorpus of the Kazakh Language. Computational Collective Intelligence. N.T. Nguyen et al. (Eds.): ICCCI, 2017. Part II. LNAI 10449. Р. 509-518.
Қосымша файлдар
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Саткенова Ж.Б., Мадиева Г.Б. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕНІМІН ТҮЗУДЕ САТЫЛЫ-КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ. TILTANYM. 2025;(3):86-95. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-86-95
For citation:
Satkenova Zh., Madiyeva G. THE ROLE OF THE TECHNOLOGY OF STEP-BY-STEP COMPLEX ANALYSIS IN THE CONSTRUCTION OF MORPHOLOGICAL MARKUP OF ABAI'S POEMS. Tiltanym. 2025;(3):86-95. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-86-95