Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Қазақ тілінің диалектілерін жіктеу және диалектология мәселелері

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-45-58

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада тілдің тарихын, грамматикалық құрылымдарын және сөздік қорын зерттеудің маңыздылығы қарастырылады. Тілдің дамуы мен тарихи кезеңдерін анықтау сол тілдегі сөздік қорды талдау арқылы жүзеге асады. Қазақ тілінің қазіргі қолданыстағы формалары жалпыхалықтық және жергілікті тіл, яғни диалект ретінде сипатталады. Диалектологиялық зерттеулерде тілдің табиғи сипатына қарай оның ерекшеліктерін бағалау, даму үдерісін бақылау және сөздік қорын ашу – тіл біліміндегі өзекті бағыттардың бірі. Мақаламызға арқау болған жергілікті тіл туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, жергілікті тіл ұғымына анықтама, жергілікті тілдердің қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар, жергілікті тілдердің жіктелуі және бұл жіктеулердің саналуандығы, диалект пен әдеби тіл арасындағы ерекшелік, диалектілердің әдеби тілге немесе терминдік қорға енуі және оның оң және теріс тұстарын айқындауға тырыстық. Сонымен қатар мақаламызда еліміздегі жергілікті тіл зерттеулері дамуының қысқаша хронологиясын, қазақ тілінде диалектілердің бар-жоғына қатысты ғалымдардың пікірлерін, бұл көзқарастың екі топқа бөлінетіндігін, және осы екі түрлі көзқарасты ұстанатын топ өкілдерінің еңбектеріне де орын берілді. Мақала қазақ диалектологиясының қазіргі жағдайы мен оның әдіснамалық, техникалық және әлеуметтік мәселелерін кешенді түрде талдауға арналған. Қолданыстағы диалектілер классификацияларының үйлесімсіздігі, бірыңғай критерийлер мен әмбебап типологияның жоқтығы атап өтіледі. Осыған байланысты фонетикалық, морфологиялық және лексикалық ерекшеліктерді қамтитын интегративті классификация құрудың маңызы атап өтіледі. Екінші мәселе ретінде транскрипцияның біріздендірілмеуі қарастырылып, әртүрлі зерттеушілерде бір ғана дыбыстың бірнеше таңбамен белгіленуі салыстырмалы зерттеулерге кедергі келтіретіні дәлелденеді. Мұны шешудің жолы ретінде IPA (Халықаралық фонетикалық алфавит) негізінде бірыңғай транскрипция жүйесін қабылдау ұсынылады.

Авторлар туралы

Ж. Ибрагимов
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан

Жумагали Ибрагимов, автор-корреспондент, философия докторы (PhD)

Түркістан қ.



А. Сәдібеков
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан

Асқат Сәдібеков, философия докторы (PhD), доцент м.а.

Түркістан қ.



Әдебиет тізімі

1. Қалиев Г., Сарыбаев, Ш. Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Халықаралық зерттеулер журналы, 2002. – 211 б.

2. Қысметова Ш. Қазақ тіліндегі диалектизмдерді зерттеу мен зерделеудің маңызы туралы. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің хабаршысы, 2004. – 54 б.

3. Мамырбекова Г. Академик Нығмет Сауранбаев және қазақ тілінің диалектологиясы. – Алматы: Елтаным, 2024. – 504 б.

4. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлары тобы. – Алматы: Ғылым, 2010. – 187 б.

5. Омарбеков С., Жунисов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. – Алматы: Мектеп, 1985. – 208 б.

6. Akar, A. Oğuzların Dili. İstanbul: Ötüken, 2018. 335 s.

7. Akar, A. Sosyal Bilimlerin Veri Kaynağı Olarak Ağızlar. Gazi Akademik Bakış, 2016. S. 169-182.

8. Atmaca, E. Kazak Türkçesi Ağızlarının Tasnifi Çalışmalarına Bir Bakış. 2016. S. 589-625.

9. Eltazarov, J. Eski Orta Asya Oğuzcasının Kalıntısı: Harezm Oğuz Diyalekti Hakkında. Tehlikedeki Türk Dilleri. 2016, S. 81-115.

10. Erdinç, E. Ağız Araştırmalarında Transkripsiyon İşaretlerinin Farklı Kullanılması Sorunu. 2008. S. 199-211.

11. Koç, K. Türkistan Diyalektisiniñ Söz Korı. Türkistan: Yeltanım, 2014. 302 s.

12. Sakhipova, F. Kazak Türkçesinin Merkezȋ Kuzey ve Doğu (Orta Jüz) Ağızları, Ankara: Ankara Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü, Yayımlanmamış Doktora Tezi, 2007. 902 s.

13. Shalbayev, A. IX–XI Yüzyıllarda Sır Derya Oğuzları Gazi Üniversitesi. Ankara: Sosyal Bilimler Enstitüsü Yayımlanmamış YLS Tezi. 2000. 203 s.


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ибрагимов Ж., Сәдібеков А. Қазақ тілінің диалектілерін жіктеу және диалектология мәселелері. TILTANYM. 2025;100(4):45-58. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-45-58

For citation:


Ibragimov Zh., Sadibekov A. Classification of Kazakh Language Dialects and Issues of Dialect Studies. Tiltanym. 2025;100(4):45-58. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-45-58

Қараулар: 51

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)