Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Көркем мәтіндердегі «қарт» концептісінің гендерлік коннотациясы

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-132-145

Толық мәтін:

Аңдатпа

Тіл мен гендер арасындағы сабақтастық мәселесі лингвистика ғылымындағы маңызды салалардың бірі. Гендерологиялық ерекшеліктердің бірден-бір көрсеткіші тіл. Тілдің әралуан қабаттарынан гендерлік белгілер тарамдалып тарқайды. Соның бір тармағы адамның «қарттық» кезеңі де тілдік гендерлік тұрғыдан көркем мәтіндерде ашық та жасырын түрде көрінеді. Осы мәселелер көркем мәтіндердегі «қарт» концептісі ретінде арнайы нысан ретінде алынып, гендерлік лингвистика тұрғысынан қарастырылады. Гендерлік лингвистикада ер адамдардың ауызша тілдесімі мен жазбаша мәтінде әйел адамдардан айырмашылығын анықтау үшін көптеген зерттеулер жүргізілді. Тілдік коммуникация барысындағы ер адамдар мен әйел адамдардың тілдесімінде гендерлік ерекшеліктер болатындығы табиғи және физиологиялық мәселелер ретінде зерттеу нысанына айнала бастады. Бұл зерттеу жұмысында дәл осы мәселеге қатысты ер және әйел адамдардың биологиялықфизиологиялық жас айырмасында да гендерлік тілдік ерекшелік болатындығы арнайы зерттеу нысанына алынып, оның ішіндегі «қарт» концептісінің гендерлік коннотациясы қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты көркем поэтикалық мәтіндерде кездесетін қарттық жасындағы ер адам мен әйел адамның тілдік қолданысында болатын гендерлік ерекшеліктерді көрсету және оларға гендерлік аспектіде лингвоталдау жасау көзделеді. Зерттеу нәтижелерінде қарттық кезеңдегі ер мен әйелдің тілдік қолданысы мен индивидуалды лексиконындағы тілдік бірліктерде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық категориялар, т.б.) кездесетін ерекшеліктер көркем мәтіндер негізінде талданады. Мақаланың практикалық құндылығы зерттеу нәтижелерін теориялық тіл білімі, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы, лингвоаксиология, лингвомәдениеттаным және гендерлік лингвистика бойынша арнайы курстар мен семинарларда қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Авторлар туралы

У. Ақбердіқызы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Улпан Ақбердіқызы, автор-корреспондент, докторант

Алматы қ.



С. А. Жиренов
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Саян Аманжолұлы Жиренов, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Арынбаева Д.Ж., Байғұтова Д.Н., Құрбанов А.Г. Д. Исабеков шығармаларындағы фразеологизмдердің ұлттық коннотациясы // Ясауи университетінің хабаршысы, 2024. – №2(132). – 102-114-бб. https://doi.org/10.47526/2024-2/2664-0686.47

2. Байғұтова А. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты: филол.ғ.к. ... дис. – Алматы, 2008. – 143 б.

3. Бахаева Л.М., Хабусиева Т.Б. Репрезентация концепта «возраст» в пословицах и поговорках чеченского языка: гендерный аспект // Гуманитарные и социальные науки, 2020. – №2. – С. 123-130.

4. Вольф Е.М. Функциональная семантика оценки. – Изд-е 2-е, доп. – Москва: Едиториал УРСС, 2002. – 280 с.

5. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка: современное написание. – Москва: АСТ: Астрель: Транзиткнига, 2006. – 352 с.

6. Елемесова Ш.М. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары (Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2003. – 27 б.

7. Есенова Қ.Ө., Сейітова Б.Б. XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының прагмастилистикалық ерекшеліктері // TILTANYM. 2023;92(4):28-36. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-4-28-36

8. Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу): филол.ғ.к. ... дис. – Алматы, 2003. – 150 б.

9. Сейітжан Д.Қ., Дукенбаева З.О., Ташағыл А. Тарихтағы тұлғаны танудың әдіснамалық мәселелері және Ақселеу Сейдімбектің өмірі, қызметі // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия сериясы, 2024. – №3(115). – 215-220-бб.

10. Төреханова Р.А., Анесова Г.Г. Қазіргі қазақ қоғамындағы ер-жігіттің рөлі мен бейнесі (әлеуметтік-сауалнама нәтижелері негізінде) // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2021. – №2 (182). – 74-85-бб.

11. Шоқым Г.Т., Буранкулова Э.Т., Мұратбек Б.Қ. «Қыз» гендерлік концептісінің этномәдени ерекшеліктері (қазақ, башқұрт, татар тілдері материалдары негізінде) // Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы журналы. Филология ғылымдары сериясы, 2024. – №4. – 289-304-бб.

12. Gal, S. Gender and the discursive authority of far right politics. Gender and Language, 2021. No.15(1). Pp. 96–103.

13. Kulmanova, Z.B., Zhirenov, S.A., Mashinbayeva, G.A., Orynbayeva, D.G. Abitova, Zh.S. Babayeva, K.S. Reflection of the Religious Worldview in Language // International Journal of Society, Culture & Language, 2022. https://doi.org/10.22034/ijscl.2022.544382.2484

14. Nicholas, D. Psychophysiological underpinnings of proactive and reactive aggression in young men and women // Physiology & Behavior, 2021. https://doi.org/10.1016/j.physbeh.2021.113601

15. Svensson, H. Language learning, gender and education: Understanding the agency and affordances of refugeebackground women with emergent literacy // Linguistics and Education, 2024. https://doi.org/10.1016/j.linged.2024.101309


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ақбердіқызы У., Жиренов С.А. Көркем мәтіндердегі «қарт» концептісінің гендерлік коннотациясы. TILTANYM. 2026;(2):132-145. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-132-145

For citation:


Akberdikyzy U., Zhirenov S. Gender Connotation of the Concept “Elderly” in Literary Texts. Tiltanym. 2026;(2):132-145. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-132-145

Қараулар: 13

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)