Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі тілдің медиациялық қызметі
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-81-92
Аңдатпа
Зерттеу жұмысы қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі тілдің медиациялық қызметін қарастыруға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ қоғамының тарихи-мәдени тәжірибесінде тілдің келісімге келтіру, дауды реттеу, әлеуметтік қатынастарды үйлестіру құралы ретіндегі қолданылу ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа сәйкес мақаланың міндеттері: дәстүрлі қазақ қоғамындағы тілдік медиацияның мәдени-әлеуметтік негіздерін талдау; дауды тіл арқылы шешу институттарының тілдік құрылымдары мен прагматикалық стратегияларын сипаттау; ұлттық мәдениеттегі татулыққа бағытталған тілдік нормалардың мағыналық ерекшеліктерін анықтау. Мақалада аталған міндеттерді шешу барысында қазақтың ауызша шешендік мұрасы тілдік-прагматикалық тұрғыда талданады. Зерттеу нәтижесінде қазақ дәстүрлі мәдениетінде тілдің медиациялық қызметі тек коммуникациялық қызметімен шектелмейтіндігі, ол қоғамдық татулықты сақтау, әлеуметтің моральдық кодексін реттеу және даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешу механизмдерінің негізін құрайтыны анықталды. Сондай-ақ ел ішіндегі топ бастаған көсем мен сөз бастаған би-шешендердің сөйлеу мәдениеті медиацияның ерекше ұлттық моделін қалыптастырғаны және бұл модельдің тілдік стратегиялары (әдеп формулалары, жанама сөйлеу тактикалары, метафоралық-символдық құрылымдар, прагматикалық жұмсарту тәсілдері) қазіргі медиация теорияларымен өзара үндес келетіні дәлелденді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – қазақ мәдениетіндегі медиация феномені лингвистикалық-прагматикалық аспектіде алғаш рет жүйелі түрде қарастырылып, дәстүрлі тілдік тәжірибенің жалпы медиация теориясына қосатын үлесі көрсетіледі. Практикалық құндылығы – алынған тұжырымдар медиаторларды даярлау бағдарламаларында, келіссөз жүргізудің этномәдени модельдерін құруда, қазақтың ауызекі тілде сөйлеу мәдениетін жаңғыртуға бағытталған жобаларда қолданыс таба алады.
Авторлар туралы
Г. С. ЗакиряеваҚазақстан
Гүлназ Сәбитқызы Закиряева, автор-корреспондент, докторант
Алматы қ.
С. А. Жиренов
Қазақстан
Саян Аманжолұлы Жиренов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Алматы қ.
А. Ә. Иманғазина
Қазақстан
Айгүл Әбидуллақызы Иманғазина, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ақтөбе қ.
Әдебиет тізімі
1. Әділет. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі [Электронды ресурс]. – https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000401 (Пайдаланылған күні: 15.12.2024).
2. Әуезов М. Абай жолы. – Т 1. – Алматы: Meloman Publishing, 2020. – 834 б.
3. Балғабаева Г.З., Кенжебай А. Қазақ қоғамындағы билер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы. // Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жаршысы. – 2017. – №1. – 90-98 бб.
4. Елшибаева К.З. Шаршысөз дискурсының лингвопрагматикалық аспектісі: философия докторы (PhD) дәpeжeciн aлу үшiн дaйындaлғaн диc. – Алматы, 2021. – 166 б.
5. Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөзі материалдары негізінде). – Алматы, 2007. – 450 б.
6. Зиманов С.З. Суд биев – уникальная судебная система. – Алматы: Атамұра, 2008. – 223 с.
7. Коломытцева В.В. Этапы становления медиации в зарубежных странах. // Вестник Тамбовского университета. – 2013. – №2. – С. 268-272.
8. Куликова Л.В., Прохорова О.А. Исследовательские подходы к дискурсу медиации в фокусе междисциплинарности. // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – 2016. – № 2(56). – С. 100-104.
9. Қазақ сөздігі. / құраст.: Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков. – Алматы: Дәуір, 2013. – 1488 б.
10. Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда: монография. – Алматы: Арыс, 2010. – 280 б.
11. Уәли Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 75 б.
12. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2015. – 369 б.
13. Уразгалиева О.А. Вербализация коммуникативной стратегии сотрудничества в политическом дискурсе (на примере выступления В.В. Путина на 70-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН). // Политическая лингвистика. – 2017. – №3 (63). – С. 94-101.
14. Шешендік шиырлары: Шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы. / құраст. І. Есхожин. – Алматы: Қайнар, 1993. – 240 б.
15. Shoqan.kz [Электронды ресурс]. – https://shoqan.kz/incompleted/works_zapiska_sudebnoy/ (Пайдаланылған күні: 28.11.2024).
16. Taisoigan.kz [Электронды ресурс]. – https://taisoigan.kz/tarikh-lketanu/article_post/dәstүrli-akˌsakˌaldar-instituty (Пайдаланылған күні: 02.12.2024).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Закиряева Г.С., Жиренов С.А., Иманғазина А.Ә. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі тілдің медиациялық қызметі. TILTANYM. 2025;100(4):81-92. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-81-92
For citation:
Zakiryayeva G., Zhirenov S., Imangazina A. The Mediation Function of Language in Traditional Kazakh Culture. Tiltanym. 2025;100(4):81-92. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-81-92
JATS XML









