Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ СУПЕРСЕГМЕНТТІ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-1-26-37

Толық мәтін:

Аннотация

Мақала қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының суперсегментті фонетика саласындағы ғылыми мұрасына арналған. Интонацияның негізгі компоненттері, олардың дыбыстық сөйлеудегі қызметі Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми ілімі тұрғысынан сипатталады. Әуен, қарқын, үдемелік, пауза, тембр деген интонацияның компоненттеріне егжей-тегжейлі сипаттама берілген. Тілдің интонациялық ерекшелігі просодикалық құралдарды таңдауда және олардың өзара байланысында көрінеді. Ахмет Байтұрсынұлының пікірінше, қазақтың просодикалық жүйесі орыс тілінен гөрі француз тілінің просодикалық жүйесіне ұқсас. Орыс екпіні сөйлемнің әр жеріне түссе, ал қазақ екпіні француз тіліндегідей сөйлемнің соңына түседі.
Интонацияның ең кіші функционалдық бірлігі туралы түсінік берілді. Интонема – таңба, оның формасы да, мазмұны да бар. Фонемалар сияқты интонеманың саны шектеулі. Эксперименттік-фонетикалық зерттеулер негізінде қазақ тілінің 8 интонемасы анықталды. Интонеманың негізгі қызметі сөйлемдерді бір-бірінен айырып ажыратуда болып табылады.
Мақалада поэтикалық сөйлеу интонациясына ерекше назар аударылады. Ғалым бунақ, шумақ, тармақ, ырғақ сияқты ұғымдарды ғылыми айналымға енгізді, солар арқылы поэтикалық мәтіндер сипатталды. Ғалымның функционалды грамматиканы дамытуға қосқан ғылыми үлесі талданады. Ахмет Байтұрсынұлы өз зерттеулерінде дискурс теориясының мәселелерін қарастырады, қазақ тіл білімінде тұңғыш рет сөйлеу фактілерін коммуникативті-прагматикалық аспектісінде зерттейді.

Автор туралы

З. М. Базарбаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
Қазақстан

бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Байтұрсынов А. Шығармалары (өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). Алматы, 1989. – 320.

2. Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. Алматы, 1996. -225 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Базарбаева З.М. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ СУПЕРСЕГМЕНТТІ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫ. TILTANYM. 2021;(1):26-37. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-1-26-37

For citation:


Bazarbayeva Z.M. AKHMET BAITURSYNULY – THE FOUNDER OF KAZAKH SUPER-SEGMENTAL PHONETICS. Tiltanym. 2021;(1):26-37. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-1-26-37

Қараулар: 466


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)