Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРТУДЕ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-88-96

Толық мәтін:

Аннотация

Тіл-адамдарды, ұлттарды бір-бірімен жақындастыратын, түсінуіне мүмкіндік беретін қатынас құралы. Тілді оқыту, үйрету-ең күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту барысында психологиялық негіздерге сүйенуді талап етеді. Белгілі бір ұлттың психологиялық ерекшеліктері өзге тілді үйренуде үлкен рөл атқарады. Сол себепті де тілді шет тілі ретінде оқытуды жоспарлауда, оқу материалдарын іріктеуде, алдымен жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігі ескеріледі. Жалпы тілдерді шет тілі ретінде оқытудың психологиялық мәселелерін зерттеу жұмысы өткен ғасырдан бастау алған. Психология адам әрекеттерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, әр методикаға байланысты салалармен тығыз байланыста болады. Осыған орай 20 ғасырдың 50-60-жылдарында психология мен лингвистика аралығындағы, адамның сөйлеу әрекеті, ана тілді, шет тілді меңгерудегі маңыздылықты қарастыратын психолингвистика ілімі пайда болды. Адам басқа тілді меңгергенде түрлі психологиялық процестерді басынан кешіреді. Сондықтан оқытушы оқушысының психикасын жіті бақылап, еш залалсыз, тілді меңгеруіне көмек беруі керек. Демек, оқыту процесі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, өйткені оқыту өзінің психологиялық табиғаты бойынша мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі. Оқытушы психолияны жақсы меңгеріп, өз мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарағанда ғана оқыту белгілі бір нәтиже беретіні сөзсіз. Мақалада қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдістері, психологиялық ерекшеліктері, тілді үйретудегі мұғалімнің жетекші маман екендігі, оқушының қабілетін, нышанын арттыру жолдары қарастырылады. Тіл үйренушілердің психикалық типтері анықталады.

Авторлар туралы

А. М. Ожарова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Талдықорған



М. Т. Джакыпбекова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Талдықорған



Әдебиет тізімі

1. Белянин В. П. (2003) Психолингвистика. – М.: Флинта, 2003. – 232 с.

2. Жұмасова К. (2010) Психология: Оқулық. 2- басылым. – Астана: Фолиант, 2010. – 296 б.

3. Жақыпов С.М. (2008) Жалпы психология негіздері: Дəрістер курсы: (Жоғары оқу орнында оқитын 050503 психология мамандығының студенттеріне, магистранттарға, ізденушілер мен оқытушыларға арналған). – Алматы: ҚазҰУ, 2008. – 160 с.

4. Залевская А.А. (1999) Введение в психолингвистику. – Моссква: Российский государственный гуманитарный университет, 1999. – 382 с.

5. Ибраева Ж.Қ. (2020) Психолингвистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 125 б.

6. Құнанбайұлы А. (2007) Нақыл сөздер. – Алматы: Көшпенділер, 2007. – 160 б.

7. Леонтьев А.А. (1997) Основы психолингвистики. Моссква: Смысл,1997. – 287с.

8. Маякова Е.В. (2006) Развитие детской речевой деятельности в процессе обучения иностранным языкам Вестник Московского университета. Серия 19: Лингвистика и межкультурнаяткоммуникация. 2006.№ 4. С. 146-155.

9. Шаханова Р.А. Мемлекеттік тілді үйретуде ескерілетін психологиялық ьерекшеліктер. [Электрондық ресур] URL: http://www.rusnauka.com (дата обращения 10.09.2021)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ожарова А.М., Джакыпбекова М.Т. ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРТУДЕ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ ТИІМДІЛІГІ. TILTANYM. 2022;185(1):90-99. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-88-96

For citation:


Ozharova O.M., Jakypbekova M.T. EFFECTIVENESS OF PSYCHOLINGUISTIC DIRECTION OF DEVELOPMENT OF KAZAKH LANGUAGE AS A SECOND LANGUAGE. Tiltanym. 2022;185(1):90-99. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-88-96

Қараулар: 479


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)