В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты еңбегіндегі қазақ сөздерінің грамматикалық сипаттамасы
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-12-24
Аннотация
Зерттеу жұмысының нысаны – В. В.Радловтың Санкт-Петербургте 1888-1911 жылдар арасында жарық көрген сегіз кітаптан тұратын төрт томдық «Опыт словаря тюркских наречий» атты сөздігіндегі қазақ тілі материалдары. Жалпы алғанда тіл ішінде болып жататын процестер мен сыртқы түрткіжайттардың ықпалынан кез келген тілдің өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Осы тұрғыдан XIX ғасырда жасалған жалпытүркілік сөздікте қамтылған қазақ сөздерінің тілдік құрамы мен құрылымын бүгінгі тіл ғылымы тұрғысынан зерделеу әрқашан маңызды да құнды болмақ.
Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты – аталмыш сөздіктегі қазақ сөздерінің грамматикалық сипатын ашу болғандықтан, осы мақсатқа сай мақалада сөздердің жалпы фонетикалық, морфологиялық, сөзжасамдық ерекшеліктерін ашу міндеттері қойылады.
Әліпби және графика, қазақ тіліндегі дыбыстардың жіктелімі, дауыстылардың үндестік заңы тәрізді күрделі мәселелердің шешімін табудағы ғалымның ұстанымдары жайында сөз болады. Зерттеу барысында тілдік материалды жинақтау, іріктеу, жүйелеу әдістері, сондай-ақ сипаттау, статистикалық талдау әдістері қолданылады. Зерттеу нәтижелері мен берілген ұсыныстар қазақ тіл білімі тарихын, тарихи лексикология мен лексикографияны зерттеу ісіне өз деңгейінде теориялық үлес, ал тіл тарихын оқыту үдерісіне практикалық үлес қосады.
Авторлар туралы
М. М. МалбақовҚазақстан
Мырзаберген Малбақұлы Малбақов, филология ғылымдарының докторы
Алматы
М. Б. Бердиллаева
Қазақстан
Меңдіқыз Бексұлтанқызы Бердиллаева, гуманитарлық ғылымдар магистрі
Алматы
Әдебиет тізімі
1. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. – Алматы: Ғылым, 1988. – 142 б.
2. Әлімбаев М. Қазақ тіліндегі үндесім құбылысының артикуляциялық сипаты : филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2010.
3. Батманов И.А. Фонетическая система современного киргизского языка. – Фрунзе, 1946. – 173 с.
4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2008. – 335 б.
5. Ел қазынасы – ескі сөз (В.В. Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері) / [құраст.: Б. Уахатов, С.А. Қасқабасов, К.С. Матыжанов ; ред. алқ.: З.А. Ахметов [ж.б.]] ; ҚР Ұлттық ғылым акад.; М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты. – Алматы: Ғылым, 1994. – 613 б.
6. Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. – Казань: Унив. тип., 1860. – 199 с.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. – 783 б.
8. Мусаев С.Ж., Садыкова С.З. Лексика кыргызского языка в словаре В.В. Радлова «Опыт словаря тюркских наречий» // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2018. – № 1. – Ч. 2. – C. 345-348.
9. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – СПб., 1893. – Т. І. – Кн. 1. – 970 с.
10. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. – СПб., 1870. – том 3.
11. Садыкова С.З., Мусаев С.Ж. Труд В.В. Радлова «Фонетика северных тюркских языков» и некоторые актуальные проблемы кыргызского языкознания // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2017. – № 10(76). – Ч. 2. – C. 151-155.
12. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 319 б.
13. Хусаинов К. В.В.Радлов и казахский язык. – Алма-Ата: Наука, 1981. – 170 с.
14. Шнайдер В.А. В.В.Радлов и фонетика современного казахского языка : дисс. ... канд. филол. наук. – Павлодар: ПаУ, 2003. – 130 с.
15. Шнайдер В.А. Түркі және қазақ тілдері вокализм жүйесіне қатысты В.В. Радлов ұстанымдарының интерпретациясы. – Павлодар, 2010. – 127 б.
16. Radloff W. Phonetik der Nördlichen Türksprachen. Leipzig: T.O. Weigel s Verlag, 1882. 318 s.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Малбақов М.М., Бердиллаева М.Б. В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты еңбегіндегі қазақ сөздерінің грамматикалық сипаттамасы. TILTANYM. 2025;97(1):12-24. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-12-24
For citation:
Malbakov M., Berdillayeva M. Grammatical characteristics of Kazakh words in the work of V.V. Radlov “The experience of the dictionary of Turkic dialects”. Tiltanym. 2025;97(1):12-24. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-12-24