Preview

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ІШКОРПУСЫН ӘЗІРЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-144-152

Толық мәтін:

Аннотация

Ономастикалық ішкорпус тіл білімі, география және когнитивистика ғылымдары үшін өзекті құрал болады. Ішкорпусты құрастыруға қазақ ономастикасы бойынша қорғалған диссертациялар мен ғылыми монографиялар арқау болды. Мақалада қазақ ономастикасының дамуына шолу жасалып, Ономастикалық ішкорпус құрастырудың маңызы мен әдістемелік технологиялары көрсетілді. Ішкорпусқа енгізілген оним түрлері мен оларға берілген сипаттамалар талқыланады. Ономастикалық ішкорпусқа енгізілген жалқы есімдерге берілген лингвистикалық ақпарат пен метаақпараттар сөз болады. Сондай-ақ ішкорпусты ғылыми және практикалық мақсатта да пайдалануға болатындығы негізделді. Ең алдымен түрлі жанрдағы мәтіндерде кездескен жалқы есімдердің мәнмәтіндегі мазмұны мен қызметі ашылады. Екінші жағынан, ішкорпус үлкен сөздік ретінде пайдаланушыға өзінің туған жері, есімі, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және т.б. туралы толыққанды мағлұмат береді. Ономастикалық атаудың бойында сақталған ақпараттарды жүйелеп беру – ономастикалық ішкорпустың негізгі мақсаты. Жалқы есімдер – қоғам өмірімен тығыз байланысты әлеуметтік құбылыс, идеологиялық қызметі басым тілдік бірлік. Әрбір оним белгілі бір кезеңге қатысты болып, тарихилық қасиетін сақтайды. Сол себептен де оның бойында тілден тыс географиялық, этномәдени, тарихи ақпараттар жинақталады. Осы мағлұматтарды жинақтап, жүйелеп, электронды түрде көпшілікке қолжетімді ету ономастикалық ішкорпус еншісінде. Ішкорпусқа енгізілген жалқы есімдер сөзжасамдық, грамматикалық заңдылықтары тұрғысынан, сондай-ақ, семантикалық, этимологиялық, дұрыс жазылуы және т.б. қырынан сипатталады.

Авторлар туралы

Қ. Рысберген
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Ресей

Алматы



З. Садырбаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Д. Пашан
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Ә. Сейтбатқал
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Сейтбатқал Әрлен Берікұлы

Алматы



Д. Садық
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Тілеубердиев Б.М. (2006) Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, – 280 б.

2. Подольская Н.В. (1988) Словарь русской ономастической терминологии. – Москва: Наука, – 192 с. https://qazcorpus.kz/. Қазақ тілінің ұлттық корпусы

3. Мадиева Г.Б. (2004) Имя собственное в контексте познания. – Алматы: Қазақ университеті, – 190 с.

4. Бияров Б. (2002) Өр Алтайдың жер-су аттары. – Алматы, – 180 б.

5. Шайкенова А.Ж. (2012) Көркем мәтін және дискурстық талдау. Филология студенттеріне арналған оқу құралы. – Петропавл.

6. Жұбанов А.Қ., Жаңабекова А.Ә. (2017) Корпустық лингвистика. – Алматы: Қазақ тілі, – 336 б.

7. Мамонтова В.В. (2010) Корпусная лингвистика в современной языковедческой парадигме Актуальные вопросы современной науки, № 12, с. 231-235.

8. Қожахметова А. (2015) Көркем мәтін прагматикасын корпустық лингвистика кеңістігінде зерттеу ҚазҰУ хабаршысы Филология сериясы. №6 (158), – 300-305 бб.

9. Шаров C.A. (2003) Представительный корпус русского языка в контексте мирового опыта Научно-техническая информация – Серия 2 Информационные процессы и системы, № 6, С. 10.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Рысберген Қ., Садырбаева З., Пашан Д., Сейтбатқал Ә., Садық Д. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ІШКОРПУСЫН ӘЗІРЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ. TILTANYM. 2023;(3):144-152. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-144-152

For citation:


Rysbergen К., Sadyrbayeva Z., Pashan D., Seitbatqal A., Sadyk D. EXPERIENCE OF CREATING THE ONOMASTIC SUBCORPUS OF THE NATIONAL CORPUS OF THE KAZAKH LANGUAGE. Tiltanym. 2023;(3):144-152. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-144-152

Қараулар: 275


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)