Preview

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-85-94

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазақ терминологиясындағы семантикалық үдерістерге (көпмағыналылық (полисемия), кеңмағыналылық (эврисемия), мағынаның жылжуы (кеңею/тарылу), архаизмдердің терминденуі мен бейтерминденуі және неологизмдердің терминденуі, жарыспалылық құбылысы) жеке-жеке сипаттама беріліп, тілдік деректер келтірілді. Көпмағыналы (полисемиялы) терминдер бірнеше ғылым саласында әртүрлі заттың, нысанның атауы болғанымен, олардың мағынасы бір-бірімен өзара тығыз байланысты, жақын болып келсе, кеңмағыналы терминдердің (эврисемиялы) ғылыми анықтамасы (дефинициясы) бір-бірінен алшақ болады.

Сонымен қатар мақалада терминологиясындағы мағынаның кеңеюі нәтижесінде жасалған терминдердің негізінде қазақ ұлтының тұрмысына тән заттар мен құбылыстардың, іс-әркеттердің атаулары жататыны, яғни ұлттық таным негізінде метафоралану жолымен жасалатыны дәйектелді.

Тіліміздегі архаизмдердің терминденуі мен бейтерминденуіне әртүрлі экстралингвистикалық түрткіжайттар (саяси жағдайлар, мемлкеттік формацияның ауысуы және т.б.) негізгі әсер болып табылады.

Сондай-ақ қазіргі кезде қазақ терминологиялық қорын толықтырып отырған көздің бірі неологизмдер екі түрге жіктелді: 1) тілде бұрын-соңды болмаған жаңа ұғымдардың пайда болуына байланысты жасалған неологизмдер; 2) тілде бұрыннан бар атауларды жаңартып, жаңғыртып, түрлендіріп қолдану жолымен пайда болған неологизмдер. Осы ретте бірінші топқа жататын лексикалық бірліктер – кірме сөздер, ал екінші топтағылары қазіргі қазақ терминологиясында басымдық ала бастаған ұлттық таным негізіндегі терминжасам үдерісінде пайда болған неологизмдер деуге болады. Қазіргі кезде тіліміздегі неологизмдердің басым көпшілігі орыс тіліне ағылшын тілінен енген терминдер болып табылады.

Қазіргі кезде тілімізде терминдердің жарыспалы (дублетті) қолданысы кеңінен байқалады. Салалық сөздіктерде, заңнамада, ғылыми еңбектерде еуропа тілдерінен орыс тіліне енген терминдер қазақ тіліндегі баламасымен қатар жарыса қолданылып отыр. Мұндай жарыспалылық құбылысын мынадай түрлерге бөлуге болады: 1) қазақ тіліндегі терминнің орыс тіліндегі немесе орыс тіліне еуропа тілдерінен енген нұсқасы мен қазақ тіліндегі баламасының жарыса қолданылуы: 2) орыс тіліндегі немесе орыс тіліне еуропа тілдерінен енген терминнің қазақ тілінде бірнеше баламасының қолданылуы.

Авторлар туралы

С. Қ. Құлманов
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Ресей

Сәрсенбай Қуантайұлы Құлманов

Алматы



Н. М. Рсалиева
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



А. Д. Омарова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Алматы



Ж. Е. Ескендір
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Айдарбек Қ.Ж. (2011) Ежелгі және қазіргі тілдік қатынастардың қазақ терминологиялық жүйесіндегі көрінісі // Turco-Slaviсa: Язык, этнос, культура в едином пространстве. Коллективная монография. / Отв. ред. проф. Н.Ж. Шаймерденова. – Петропавл, АО «Полиграфия», 2011. – С. 197-278.

2. Алдашева А. (1992) Лексические новообразования в современном казахском литературном языке (на материале периодической печати 1976-1991 гг.). Автореф. ... дисс. канд. филол. наук. – Алматы, 1992. – 27 с.

3. Aldasheva, K. S.; Kondybayeva, R. Zh.; Serikbayeva, A. D. (2021) Potential possibilities of codification of neologisms in the modern kazakh language. // Вестник КазНУ. Серия филологическая, [S.l.], v. 184, n. 4, dec. 2021. ISSN 2618-0782. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph1

4. Алдашева Қ. (2022) Тіл синергетикасы және лексикалық жаңалықтар: монография. – Алматы. «Жылдам полиграфия орталығы», 2022. – 248 бет.

5. Амосова Н.Н. (1963) Основы английской фразеологии. – Л., 1963. – 206 с.

6. Әшімбаева Н.М. (1997) Көнерген сөздер – терминжасамның бір көзі // Тіл тарихы және сөз табиғаты (ғылыми мақалалар жинағы). – Алматы: Ғылым, 1997. – 190-197-бб.

7. Бисенғали А. (2022) Қазақ және түрік тілдеріндегі терминдену үдерістері (лингвомәдени және лингвокогнитивтік салыстырмалы талдау). – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2022. – 164 бет.

8. John McWhorter (2020), The Processes of Semantic Changes in Language. Columbia University, 2020 https://www.wondriumdaily.com/the-processes-of-semantic-changes-in-language

9. Джарасова Т.Т., Рскелдиева Д.Б., (2015) Заманауи мамандық атауларындағы англицизмдер мен американизмдер // Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. № 1 / 2015. 33-38бб.

10. Hamitova E. (2016) Қазақ тіліндегі этномәдени тарих пен тілдік процестердің «ақпарат көзі» – көнерген сөздер хақында // Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt:4. Sayı: 8. Ocak, 2016. – Türkiye. – 206-218-бб.

11. Қадырқұлов Қ. (1995) Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар. Фил.ғыл.канд. ... дисс. – Алматы, 1995. – 113 б.

12. Құлманов С. (2022) Ахмет Байтұрсынұлы жасаған лингвистикалық терминдердің метафоралық сипаты // «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ЖК «Асыл», 2022. 93-99-беттер.

13. Құрманбайұлы Ш. (2014) Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. – Алматы: «Сардар», 2014. – 928+16 жапсырма бет.

14. Махмутов А. (1963) Архаизмы и историзмы в казахском языке. Автореферат дисс. ... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1963. – 20 с.

15. Сыздық Р. (2009) Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы: Арыс, 2009. – 226 б.

16. Шелов С.Д., Лейчик В.М. (2012) Терминология и профессиональная лексика: состав и функции: Учебное пособие. – СПб.: СПбГУ. РИО. Филологический факультет, 2012. – 96 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Құлманов С.Қ., Рсалиева Н.М., Омарова А.Д., Ескендір Ж.Е. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР. TILTANYM. 2023;(3):85-94. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-85-94

For citation:


Kulmanov S.K., Rsaliyeva N.M., Omarova A.D., Eskendir Zh.E. SEMANTIC PROCESSES INMODERN KAZAKH TERMINOLOGY. Tiltanym. 2023;(3):85-94. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-85-94

Қараулар: 258


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)