Preview

«ТҮЙЕ» СӨЗІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТІРКЕСІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТА АВТОМАТТАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-200-209

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада лингвистика ғылымында «түйе» сөзінің тіркесімділік әлеуеті мен семантикалық валенттілігі талданады. Мақаланың мақсаты – «түйе» сөзінің тіркесімділігі жоғары екенін және оған негіз болған концептуалды аялық білімдердің жиынтығын таныту арқылы ішкорпуста рәсімдеу жолдарын ұсыну. Түйе – қазақтың этникалық дүние бейнесін қалыптастырған концептуалды ұғым. Оның 500-ден аса тіркесімі бар. Себебі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен күнкөрісінде түйенің орны ерекше. Шөлейтті аймаққа төзімді әрі пайдасы мол үй жануарының жеке табиғи қасиеттері мен адамға атқарар қызметі қазақ өмірінен үлкен орын алғанын тілдік жүйедегі «түйе» сөзімен тіркескен күрделі атаулар арқылы танылып отыр. Дүниенің ақиқат бейнесін танытатын кейбір ұғымдардың вербалдануын лингвистикалық ІТ ресурстарда рәсімдеудің де арнайы жолы болады. Мәселен, қазақ тілінің ұлттық корпусынан қазақтың этникалық бейнесін танытатын ұғымдық атаулардың жеке подкорпусын жасауға әбден болады. Ұлттық корпуста ұғымның концептуалды бейнесін, соның ішінде этникалық бейнесін көрсетудің тиімді жолдары беріледі. Түйе сөзімен семантикалық тіркесетін сөз тіркестерінің мәдени коды ашылады. Қазақ дүниетанымында не себепті түйеге қатысты этномаркерленген атаулардың көптігі анықталады. «Дүниенің ақиқат бейнесі» ұғымы пәнаралық зерттеу нысаны болғандықтан, әр салада әр қырынан зерттеледі. Дүние бейнесі - ментальді интерпретацияның көрсеткіші болғандықтан, жалпыадамзатқа ортақ абстрактілі ұғым туралы әр ұлттың танымы әртүрлі екенін дәйектеуші когнитивтік бірлік ретінде қызмет етеді. Сондай әлеуетке ие болған «түйе» сөзінің тіркесімділік қабілетін анықтау арқылы, түйенің түрлері, түйенің мінездері, түйенің қызметі мен адамды, өсімдікті, жануарды, адамның сырт пішіні мен мінезін сипаттауда белсенді жұсалатын коннотатты атрибут екеніне көз жеткіздік. «Түйе» сөзіне қатысты автоматтандырылған мәтінді рәсімдеу де іздеу жүйесі арқылы жүзеге асады. Ол мәтіндерді «Түйе» ішкорпусына байлау арқылы, түйе тіркесімі қатысқан сөйлемде семантикалық белгіленімге байлауға әбден болады.

Авторлар туралы

Г. Талғатқызы
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Гулнара ызы



А. Б. Әмірбекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Айгуль Байдебековна Амирбекова

Алматы



Ұ. Қайырбекова
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Қазақстан

Ұлбосын Қайырбекова

Шымкент



А. Аккузов
Ж.Ташенов атындағы университет
Қазақстан

Абдижалел Аккузов

Шымкент



Н. Шуиншина
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Кустова Г.И. (2016) Семантические переходы в абстрактных существительных // Вестник Новосибирского государственного педагогического университета, 2016, Т. 6, № 2, С. 73–85).

2. Казачук И.Г., Л.П.Юздова (2019) Понятие "валентность" как объект лингвистики и методики обучения русскому языку в вузе // Вестник Южно-Уральского государственного гуманитарно-педагогического университета №7 2019 – 125-135б.

3. Апресян Ю. Д. (1995) Избранные труды. - М.: Школа "Языки русской культуры", Лексическая семантика (синонимические средства языка). 1995. - Т. I: - 364 с.

4. Willems, K. (2006) Logical polysemy and variable verb valency // Language Sciences. -2006. - No 28. - P. 580-603

5. Захаров В. П. Экстралингвистическая разметка. Метаданные [Электронный ресурс] // URL: http://download.yandex.ru/class/zakharov/CL_L4.ppt (дата обращения: 17.08.2023).

6. Караулов Ю.Н. (2000) Показатели национального менталитета в ассоциативно вербальной сети // Языковое сознание и образ мира. М., 2000. – 129б. http://tbikartoteka.kz/

7. Саблин М. В., Гиря Е. Ю. (2009) Артефакт из Ливенцовки — Свидетельство присутствия человека на территории Восточной Европы в интервале 2,1 — 1,97 млн лет назад // Древнейшие миграции человека в Евразии. Материалы международного симпозиума. Новосибирск. Изд. ИАЭ СО РАН, 2009 г СС.166-174.

8. Amirbekova, A.B., Esenova, K.U., Tymbolova, A.O. (2013) Lingocognitive mechanisms of formation of national worldviews of Kazakh people // Middle East Journal of Scientific Research, 2013, 14(6), страницы 779–783

9. Baimurzina, A.A., Amirbekova, A.B., Khabiyeva, A.A., Abitova, G.O. (2019) The role of the Russian language in the determination of Kazakh students | El papel de la lengua Rusa en la determinación de los estudiantes Kazajos // Opcion, 2019, 35(Special Issue 23), страницы 800–817


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Талғатқызы Г., Әмірбекова А.Б., Қайырбекова Ұ., Аккузов А., Шуиншина Н. «ТҮЙЕ» СӨЗІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТІРКЕСІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТА АВТОМАТТАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ. TILTANYM. 2023;(3):200-209. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-200-209

For citation:


Talgatkyzy G., Amirbekova A.B., Kayyrbekova U., Akkuzov A.A., Shuinshina N. SEMANTIC VALENCE OF THE WORD "CAMEL" AND ITS AUTOMATION METHODS IN THE NATIONAL CORPUS. Tiltanym. 2023;(3):200-209. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-200-209

Қараулар: 257


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)