Preview

А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ӘЛІПБИІНІҢ ФОНЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-15-24

Толық мәтін:

Аннотация

Әліпбидегі әріптердің фонематикалық негізін зерттеу – өзекті мәселе. Себебі ол тілдің құрылымы мен дыбыстық құрамын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Әліпби әріптерінің фонематикалық негізін зерттеу арқылы сөздерді дұрыс айту үшін, сонымен қатар оқу, жазу дағдыларын дамыту үшін қажет. Қазақ тіл білімінде әліпбидегі әріптердің фонематикалық негізі А. Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін істеген игі істерінің бірі – қазақ тілінің дыбыстық ыңғайына қарай ұлттық әліпби түзуі. А. Байтұрсынұлының қазақ тіліндегі дыбыстық қорды дәл анықтауы, фонетика-фонологиялық жүйеге негізделген әліпби түзуі оның қазақ грамматологиясындағы алғашқы фонолог екенін дәлелдей түседі. Себебі ғалым әліпбиді тек дыбыс пен әріп арақатынасымен ғана өлшемей, оны фонологиялық ойлаудан өткізе отырып, қазақ танымымен байланысты категория екенін түсініп жасаған. Әліпбидегі әріптердің фонематикалық негізі – тілдің дыбыстық құрамынан анықталады. А.Байтұрсынұлы – қазақ тілінің дыбыстық құрамын дәл анықтаған ғалым. Сондықтан ғалымның әліпбиі тілдің табиғаты мен заңдылықтарына сәйкесті. Осыған байланысты мақалада А.Байтұрсынұлының әліпбиіндегі әріптердің фонетика-фонематикалық негізі қарастырылып, ғалымның жасаған әліпбиіндегі әріптердің белгілі бір грамматологиялық принциппен жасалғаны анықталады. А.Байтұрсынұлының әліпбиіндегі әріптердің фонематикалық принциппен таңдалғаны және фонемалардың ортақ, айырым белгілеріне байланысты тұрпат межесі өзара ұқсас таңбаларды алуындағы тілтанымдық принциптердің бар екені анықталады. Сонымен қатар зерттеу барысында А.Байтұрсынұлы әліпбиі әріптердің жиынтығы емес, фонологиялық мазмұндағы әліпби екені анықталды. Сондай-ақ мақалада А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі фонологиялық негіз әріптердің мазмұн мен тұрпат межесіне, фонология теориясындағы фонемалардың ортақ және айырым белгілерлеріне, әріптердің ретінің қазақ тілінің фонетика-фонологиялық сипатына байланысты құрылғаны талданады. Мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі» (AP13068356)» атты жоба аясында жазылды.

Авторлар туралы

Н. Әміржанова
https://orcid.org/0000-0002-3068-5907
Назарбаев Университеті
Қазақстан

Назира Сериковна Амиржанова

Астана



А. Абсурды
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Әдебиеттер Айтбаев Ө. (1997) Ұлттың ұлы ұстазы // «Саясат» журналы. – №12. – 1997 (87-99).

2. Базарбаева З. (2021) А.Байтурсынулы – основоположник казахской суперсегментной фонетики. // «Тілтаным» журналы. №1. 2021.

3. Байтұрсынұлы А. (2022) Таңдамалы шығармалары. –1-2-том. – Алматы, 2022. – 694 б.

4. Волков А. (1982) Грамматология. Семиотика письменной речи. – М., 1982. –176 с.

5. Джусупов М. (1995) Фонемография А. Байтурсынова и фонология сингармонизма. – Ташкент: 1995. – 221 с.

6. Жүнісбек Ә. (2002) Қазақ фонетикасы. – Алматы, 2002. – 345 б.

7. Кәкішев Т. (1990) Әр дарынның өз орны бар // «Қазақ әдебиеті» газеті. – 1990. 2-наурыз (6-7) Күдеринова Қ. (2006) Қазақ жазуының онтогенездік дамуы. – Алматы, 2006. – 330 б.

8. Қозыбаев М. (1998) А.Байтұрсынов – ХХ ғасырдың ұлы реформаторы // «Егемен Қазақстан» газеті, 24-қыркүйек, 1998 (4).

9. Қойгелдиев М. (1995) Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995. – 368 б.

10. Құсайнов К. (1998) Дәстүр жалғастығы // «Қазақстан мектебі» журналы.– №6. – 1998. Мамырбекова Г. (2006) XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері: фил. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2006. – 130 б.

11. Маралбек Е. (2021) А. Байтұрсынұлы – Қазақтың тұңғыш профессоры // «Егемен Қазақстан», 27-қаңтар. – 2021.

12. Машқанова Н. (1994) Ахмет Байтұрсынов – қазақ жазуының реформаторы: фил. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация. –Алматы, 1994. –154 б.

13. Мектепов А., Әнесов Ғ. (1989) Ана тілін түрлеген Ахаң // «Жалын»журналы. – №2. 1989 (15-19).

14. Нұрғали Р. (1991) Арқау. Ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. – Алматы, 1991. – 580 б. (517-534)

15. Нұрпейісов К. (1998) Алаштың күрескер ұлы // «Қазақстан мектебі» журналы. – №6. 1998. (1-11)

16. Омарбеков Т. (1995) Рухани көсем болған. – Алматы, 1995.– 368 б.

17. Поливанов Е.Д. (1926) Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография. –Ташкент, 1926. –16 с.

18. Сыздықова Р. (1998) Ұлттық білім-ғылымының көшбастары // «Қазақстан мектебі». – №6. – 1998. (52-53)

19. Уәли Н. (1993) Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1993.–162 б.

20. Уәли Н. (1993) Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1993.–162 б.

21. Шонанов Т. (1992) А. Байтұрсынов халық ағарту және әдебиет саласында // «Жұлдыз» журналы. – №2. – 1992.

22. Яковлев Н.Ф. (1970) Математическая формула построения алфавита // Реформатский А.А. Из истории отечественной фонологии. – М.: Наука, 1970. – 575 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Әміржанова Н., Абсурды А. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ӘЛІПБИІНІҢ ФОНЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ. TILTANYM. 2023;(3):15-24. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-15-24

For citation:


Amirzhanova N., Absadyk A. PHONEMIC BASIS OF THE LETTERS OF THE ALPHABET BY A. BAITURSYNULY. Tiltanym. 2023;(3):15-24. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-15-24

Қараулар: 382


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)