Preview

ФОНОГРАММА МӘТІНДЕРІ СОТ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-210-220

Толық мәтін:

Аннотация

Мақала тіл білімі мен заңгерлік салалар тоғысындағы мәселелер шешіміне арналады. Нақты айтқанда, мақалада сот процесінде көрініс беретін тіл бірліктері арасындағы омонимиялық құбылыстарға байланысты күдікті тұлғаның ауызша сөзінің нақты семантикасын ажырату туралы мәселе шешімінде фонограммаларға жүргізілген лингвистикалық сараптама тәжірибесі баяндалады. PRAAT компьютерлік бағдарламасын субъект сөзінің интонациялық контурларын анықтауда қолданылу барысы сипатталады және қойылған мәселе шешіміндегі сенімділік деңгейі бағаланады. Субъектінің дыбыстық құрамы, яғни формасы бірдей, алайда интонацияның қойылуы, дауыстың қарқындылығы, созылыңқылығы сияқты просодиялық кешеннің ерекшелігіне қарай әртүрлі мағыналарды білдіру мүмкіндігіне ие сөзінің семантикасына байланысты объективті қорытынды жасау үшін оның барлық сөйлеу актілері зерттеу нысанында қарастырылады. Осы орайда фонограмма мәтіндерінің лингвистикалық сараптамасында тікелей адресант (сөйлеуші субъект), адресат (тыңдаушы) сөздерін және олардың өзара қарым-қатынасының сипатын (стилі), сөйлеу жағдаятын, коммуниканттардың (адресант және адресат) стратегиялары мен сөйлеу тактикаларын зерттеуге бағытталатын лингвопрагматикалық талдау әдісі қолданылды. Мақала тіл теориясындағы ғылыми тұжырымдардың сот-лингвистикалық сараптама саласындағы маңыздылығын көрсетеді.

Авторлар туралы

А. Қ. Таусогарова
https://scholar.google.com/citations?user=kPkRyH4AAAAJ&hl=ru
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Аяужан Таусогарова - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Алматы



Ж. А. Әлішева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Әдебиеттер Апресян Ю.Д. (1995) Избранные труды: Интегральное описание и системная лексикография. Т.2. – М.: Языки рус.культуры, 1995. – 545 с.

2. Арутюнова Н.Д. (1992) Человеческий фактор в языке: Коммуникация, модальность, дейксис. – М.: Наука, 1992. – 281 с. Базарбаева З. М. (2008) Казахская интонация /. - Алматы : Дайк-пресс, 2008. – 281

3. Вендлер З. (1985) Иллокутивное самоубийство // НЗЛ. Вып. XVI: Лингвистическая прагматика. – М., 1985. – с. 238 -250.

4. Гак В.Г. (1998) Языковые преобразования. М.: Школа Языки русской культуры, 1998. 768 с.

5. Галяшина Е. И. (2014) СУДЕБНАЯ ФОНОСКОПИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА: ПРОБЛЕМЫ ДИАГНОСТИКИ АУТЕНТИЧНОСТИ ФОНОГРАММ // Вестник университета им. О.Е. Кутафина (МГЮА), №3, 2014, 15 – 26 стр

6. Глушак В.М. (2010) Лингвопрагматический аспект речевого поведения коммуникантов в ситуациях повседневного общения: на материале немецкого языка // Дисс. На соискание ученой степени док.филол.н. – М., 2010. – 430 стр. https://www.dissercat.com/content/lingvopragmaticheskii-aspekt-rechevogo-povedeniya-kommunikantov-vsituatsiyakh-povsednevnogo

7. Григорьева В.С. (2007) Дискурс как элемент коммуникативного процесса: прагмалингвистический и когнитивный аспекты: монография. – Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн.ун-та, 2007. – 288 с.

8. Жүнісбек Ә. (2009) Қазақ фонетикасы. А.: Арыс, 2009.-334 б.

9. Мур Дж. Э. (1999) Природа моральной философии / Предисл. А. Ф. Грязнова и Л. В. Коноваловой; Пер. с англ., сост. и прим. Л. В. Коноваловой. — М.: Республика, 1999. — 351 с.

10. Мустайоки А. (2006) Теория функционального синтаксиса: от семантических структур к языковым средствам. – М.: Языки славянской культуры, 2006. – 512 с.

11. Ормаханова Е. Н. (2015) Роль паузы как функционального компонента интонации в телевизионном дискурсе // Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале. Филологические науки. Евразийский Союз Ученых (ЕСУ) # 4 (13), 2015. 109 – 113 с.

12. Рогожникова Т.М., Салихова Э.А. (2019) Лингвистические и психолингвистические признаки креолизованного конфликтогенного текста: технология выявления и описание // Евразийская адвокатура EURASIAN ADVOCACY 1(38) 2019; 26 – 38 стр

13. Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. (2018) Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 бет.

14. Шпомер Е. А. (2013) Коммуникативные стратегии и тактики как фактор эффективной коммуникации // Вестник Хакасского государственного университета им. Н. Ф. Катанова. 2013. 109 – 113 с.


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Таусогарова А.Қ., Әлішева Ж.А. ФОНОГРАММА МӘТІНДЕРІ СОТ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА НЫСАНЫ РЕТІНДЕ. TILTANYM. 2023;(3):210-220. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-210-220

For citation:


Taussogarova A.K., Alisheva Zh.A. PHONOGRAM TEXTS AS AN OBJECT OF FORENSIC LINGUISTIC EXAMINATION. Tiltanym. 2023;(3):210-220. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-210-220

Қараулар: 259


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)