Preview

МӘДЕНИ-РЕПРЕЗЕНТАТИВТІ ІШКОРПУСТАРДЫ ӘЗІРЛЕУДЕГІ МӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІ АННОТАЦИЯЛАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-95-102

Толық мәтін:

Аннотация

Қазіргі қазақ қоғамындағы аса өзекті мәселелердің бірі – тіл арқылы қалыптасып, тілде сақталған төл мәдениет пен тарих сабақтастығын кешенді зерттеу арқылы халықтың рухын жандандыру. Бұл мәселенің шешімі тілді зерттеудің құрылымдық жүйесінің қазіргі қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда кең ауқымды дамып келе жатқан тілдік санадағы дүниенің ұлттық көрінісін бейнелейтін антропоөзекті бағытқа жалғасумен тікелей байланысты. Осы орайда соңғы кезде жүргізілген зерттеулер мен жарық көрген лексикографиялық еңбектер әр халықтың бар болмысын көрсететін мәдени-репрезентативті мәтіндердің мол ақпаратын пайдаланудың өзектілігін көрсетіп отыр. Өйткені әр ұлттың даралық ерекшеліктері мен бірегейлігі көрініс тапқан мұндай мәтіндер – ұлт қалыптасуының басты көрсеткіші ретінде сол ұлттың коды, баға жетпес асыл мұрасы, тілдік қазынасы. Сондықтан мәдени мәтіндерді жинап, саралап, мағыналарын жете түсіну, қайта жаңғырту - өте өзекті мәселе. Олар ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа аман есен жетіп, ұлт тілінің келешегі үшін қызмет етпек. Ендеше, көне мәдени мәтіндерімізді түгендеп алып, ұлттық тіліміздің ішкорпусын жасасақ, ұлттық құндылықтарымыздың тілдегі заманауи көрінісі жасалады, кейбір ұмыт болған немесе мағынасы күңгірттенген көнерген сөздер қайта жаңғырып, сөздік қорымыздан қайта орын алады. Сол арқылы сөздік қорымыз байи түседі, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп, терминжасам үдерісі жандана түседі.

Авторлар туралы

Ж. А. Манкеева
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Жамал Айтқалиқызы Манкеева - Бас ғылыми қызметкер, профессор.

Алматы



Н. Қ. Шүленбаев
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Нұрлан Құныпияұлы Шүленбаев - Аға ғылыми қызметкер.

Алматы



А. З. Бисенғали
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Ақмарал Зинол-Ғабденқызы Бисенғали - Аға ғылыми қызметкер.

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Әдебиеттер Гумбольд В. (2000) Избранные труды по языкознанию. – М.: Прогресс, 2000. – 400 с.

2. Сепир Е. (1993) Избранные труды по языкознанию и культурологии. – М.: Издательская группа «Прогресс», «Универс», 1993. – 656 с.

3. Поршнев В.Ф. (1974) О начале человеческой истории. – М.: Мысль, 1974. – 487 с.

4. Карасик В.В. (2010) Языковая кристаллизация смысла. – М.: Гнозис, 2010. –428 с.

5. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. (2014) Язык и культура. – Москва, Берлин: Директ-Медиа, 2014

6. Алефиренко Н.Ф. Лингвокультурология: ценностно-смысловое пространство языка. – М.: Флинта, 2020.

7. Қасиманов С. (1969) – Алматы, Қазақстан 1969

8. Арғынбаев Х. (1987) Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987

9. Мұқанов М.С. (1981) Казахская юрта. – Алма-Ата: Кайнар, 1981

10. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. (2005) – Алматы: Арыс, 2005

11. Қайдаров А.Т. (1986) Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алма-Ата: Наука, 1986. – 328 с.

12. Қайырбаева Қ.Т. (2004) Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні: филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2004. – 127 б.

13. Бабалар сөзі. (2013) – Астана: Фолиант, 2013. – 432 б.

14. Уәли Н. (2005) «Қамшы» концептісі // «Акад. Ш.Ш. Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты ғылымитеориялық конференция материалдары. Алматы: Дайк-пресс, 2005.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Манкеева Ж.А., Шүленбаев Н.Қ., Бисенғали А.З. МӘДЕНИ-РЕПРЕЗЕНТАТИВТІ ІШКОРПУСТАРДЫ ӘЗІРЛЕУДЕГІ МӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІ АННОТАЦИЯЛАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. TILTANYM. 2023;(3):95-102. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-95-102

For citation:


Mankeyeva Zh.A., Shulenbayev N.K., Bissengali A.Z. PROBLEMS OF ANNOTATION OF CULTURAL UNITS IN THE DEVELOPMENT OF CULTURAL AND REPRESENTATIVE SUBCORPUSES. Tiltanym. 2023;(3):95-102. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-95-102

Қараулар: 262


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)