Preview

Мақалаларды қабылдау

Мақалаларды жіберу

Сізде TILTANYM журналына арналған логиніңіз бар ма?
Логин

Логин керек пе?
Тіркелу

Егер сіз тіркеліп, өз аккаунтыңызға кірсеңіз, Сіз мақаланы жіберу процесін бастай аласыз. Ол үшін Автор рөлін таңдау керек.

Мақаланы жіберу
 

Авторларға арналған ережелер

Авторларға арналған ережелер

Журналға материалдарды жариялау онлайн-беру және рецензиялау жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Тіркелу немесе авторизация «Мақаланы жіберу» бөлімінде қолжетімді.

Авторларға қойылатын талаптар:

  • «TILTANYM» редакциялық алқасы журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақала электрондық форматта журнал сайтының www.tiltanym.kz ElPub платформасында жүктеледі.
  • Қаріп кеглі – 12 (аннотация, тірек сөздер, әдебиет – 10, кесте мәтіні – 9-11), қаріп – Times New Roman, теңестіру – мәтін ені бойынша, интервал – бір, абзац шегінісі – 0,8 см, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол және оң – 2 см.
  • Суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, 1-сурет – Атауы). Суреттер, кестелер, графиктер және диаграммалар саны мақаланың барлық көлемінің 20%-ынан аспауға тиіс (кейбір жағдайларда 30%-ға дейін).
  • Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметті, аннотация, тірек сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) 2 500 сөзден кем болмауы және 7 000 сөзден аспауы тиіс.
  • Авторлар міндетті түрде журнал сайтында мақала бұрын еш жерде жарияланбағанын және мақалада оларға сілтемесіз басқа жұмыстардан алынған мәтін үзінділері жоқ екенін көрсетуге тиіс.

 

Мақала құрылымы:

  • Алғашқы жол – ҒТАМР нөмірі (ерекше жағдайларда ӘОЖ), туралау – сол жағы бойынша, қаріп – жартылай қою (қараңыз http://grnti.ru).
  • Мақала атауы (Тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырман назарын аударуы керек. Тақырып қысқа, мазмұнды болуы керек және жаргон мен қысқартулар болмауы керек. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы 5-7 сөзден тұрады (кейбір жағдайларда 12 сөзге дейін). Мақала тақырыбы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы керек. Мақала тақырыбы қою, кіші әріптермен, ортасында беріледі.
  • Мақала авторы(-лары) – аты-жөні және тегі, жұмыс орны (Ескертпе: ЖОО-ның толық атауы көрсетіледі). Тәртіп бойынша қала, мемлекет атауы беріледі.
  • Ел, қала – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; электрондық мекенжайы жазылады. Авторлар туралы мәліметтер жай қаріппен кіші әріптермен ортасында беріледі.
  • Төменде ортасында ORCID ID сілтемесі көрсетіледі. (Тіркелу үшін нұсқаулық  https://orcid.org/);
  • Аннотация көлемі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кемінде 130 сөзден кем емес, бірақ 300 сөзден аспауы, шрифті 10 болуы тиіс. Аннотация құрылымы төмендегі міндетті тармақтарды қамтуы тиіс:
    • Кіріспе.
    • Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары.
    • Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы.
    • Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы.
    • Негізгі нәтижелер мен талдау, зерттеу жұмысының қорытындылары.
    • Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).
    • Жұмыс қорытындысының практикалық мәні.
    • Тірек сөздер / сөз тіркестері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі (5 сөз/сөз тіркесінен кем болмауы керек).

Келесі бет (жаңа):

  • «Кіріспе» бөлімі келесі негізгі элементтерден тұрады: тақырыпты таңдауды негіздеу; мәселенің өзектілігі, зерттеу мақсаты. Зерттеуге негіз болатын тәжірибені сипаттау барысында тақырыпты таңдауды негіздеуде проблемалық жағдайдың болуы туралы хабарланады (зерттеулердің болмауы, жаңа объектінің пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі осы объектінің зерттелуіне жалпы қызығушылықпен анықталады, тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді; объектіні, пәнді, мақсаттарды, міндеттерді, әдістерді, тәсілдерді, гипотезаны және жұмыстың мәнін анықтауды қамтиды.
  • «Материал және әдістер» бөлімі материалдар мен жұмыс барысын сипаттаудан, сондай-ақ пайдаланылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруға тиіс.

- зерттеу материалының сипатталуы оның сапалық және сандық жағынан көрсетілуін қамтиды.

Материалдың сипаттамасы - тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.

- бұл бөлімде мәселенің зерттелу дәрежесі сипатталады, бұрын жарияланған белгіленген жайттарды қайталамай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат беріледі;

- жабдықты (бағдарламалық жасақтаманы) сәйкестендіру және материалдар мен әдістерді қолдану кезінде міндетті түрде жаңалық енгізе отырып, материалдардың сипаттамасы қолданылады.

- ғылыми әдістеме мыналарды қамтуы керек:

- зерттеу мәселесі;

- гипотеза (тезис);

- зерттеу кезеңдері;

- зерттеу әдістері;

- зерттеу нәтижелері.

  • «Әдебиетке шолу» бөлімінде отандық және шетелдік авторлардың іргелі және жаңа жұмыстары, оларды авторлардың ғылыми үлесі тұрғысынан талдау, сондай-ақ автор өз жұмысында толықтыратын зерттеу қамтылуға тиіс.
  • «Нәтижелер және талқылау» бөлімінде мақаланың маңызды және негізгі бөлімдерінің бірі ретінде автор алған зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау, ғылыми тұжырымдар жасау керек. Алдыңғы жұмыстармен, талдаулармен және қорытындылармен салыстырғанда зерттеу нәтижелерін талдау және тиісті нәтижелерді талқылау қажет.
  • «Қорытынды» бөлімі –жұмыс нәтижелерін қорыту және қорытындылау; автор алға қойған тұжырымның растығын және алынған нәтижелерді ескере отырып, қорытындысын растау. Қорытынды абстрактілі болмауы керек, оларды белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау үшін, ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолдану керек.
  • Қорытындыда мынадай тармақтар болуға тиіс: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай болды; зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары; зерттеудің келешегі және әзірлеуді енгізу, қолдану мүмкіндіктері.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – транслитерацияланған әліпбимен беріледі.
    • МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» (КОКСОН тізіміне кіретін басылымдарға қойылатын талаптар).
    • Транслитерацияланған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мынадай болуы керек: автор (лар) (транслитерация - http://www.translit.ru ) → (жақшадағы жыл) → транслитерацияланған нұсқадағы мақала атауы (транслитерация немесе ағылшын атауы - бар болса), ағылшын тілінде басылған шығыс деректері.

Мысалы: Zhubanov K. (1999) Kazak tili zhonindegi zertteuler. – Almaty: «Gylym», 1999. – 581 b. [Zhubanov K. (1999) Research on the Kazakh language. Almaty: "Science", 1999. – 581 p.] (in Kazakh)

Әліпби тәртібімен авторлардың тегі көрсетіледі (тегінен кейін үтір қойылмайды); тегінен кейін дөңгелек жақшада жарияланымның шыққан жылы көрсетіледі. Барлық сызықшалар мен қиғаш сызықтарды алып тастау керек (яғни, бөлу белгілері). Егер дереккөз қазақ тілінде болса, сілтеменің соңында (in Kazakh), егер дереккөз орыс тілінде болса (in Russian) т. б. беріледі.

Мәтінге сілтемеде бірінші авторы, шыққан жылы, бет (-тер) саны көрсетіледі. Мысалы, (Виноградов, 1991: 25). Егер әдебиеттер тізімінде бір автордың сол жылы жарияланған бірнеше жұмыстары болса, шыққан жылына «а», «б» әрпі және т.б. Мысалы, (Жұбанов, 2001а: 15), (Жұбанов, 2001б, 22).

Ескерту: мақалада қою қаріппен беруге және астын сызуға рұқсат етілмейді, тек курсивпен ғана беріледі.

 

Қолжазбаның төменгі жағында жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болса) және лауазымы, байланыс тағы бір рет көрсетіледі.

 

Деректемелер:

ҚР БҒМ ҒК
А.Байтұрсынов атындағы
«Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК
Индекс, мекенжайы: 050010, Алматы қ.,
Шевченко к-сі, 28
ЖСК: KZ84 6010 1310 0000 9298
Банк: "Қазақстан Халық Банкі"АҚ
БСК: НSBKKZKX
КБЕ: 16

 

Авторлық құқықтар

Авторы, публикующие в данном журнале, соглашаются со следующим:

  1. Авторы сохраняют за собой авторские права на работу и предоставляют журналу право первой публикации работы на условиях лицензии Creative Commons Attribution License, которая позволяет другим распространять данную работу с обязательным сохранением ссылок на авторов оригинальной работы и оригинальную публикацию в этом журнале.
  2. Авторы сохраняют право заключать отдельные контрактные договорённости, касающиеся не-эксклюзивного распространения версии работы в опубликованном здесь виде (например, размещение ее в институтском хранилище, публикацию в книге), со ссылкой на ее оригинальную публикацию в этом журнале.
  3. Авторы имеют право размещать их работу в сети Интернет (например в институтском хранилище или персональном сайте) до и во время процесса рассмотрения ее данным журналом, так как это может привести к продуктивному обсуждению и большему количеству ссылок на данную работу (См. The Effect of Open Access).

 

Құпиялылық

Имена и адреса электронной почты, введенные на сайте этого журнала, будут использованы исключительно для целей, обозначенных этим журналом, и не будут использованы для каких-либо других целей или предоставлены другим лицам и организациям.