Preview

Журналдың тарихы

«Тілтаным» журналы 2001 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Уәлидің жетекшілігімен құрылды.

Содан бері журналдың уақытымен шығып тұруына және оның сапасы мен ғылыми түрде редакторлық және корректорлық жұмыстың дұрыс жүргізілуіне ф.ғ.д., профессор З.М.Базарбаева және ф.ғ.д., профессор Ж.Манкееваның қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, журналдың негізін қалаушы ғылыми-ағартушылық басылым ретінде қалыптасуына ф.ғ.к. А.Фазылжанова, А.Аманбаева, Ж.Жұмабаева, Г.Көбденова, редактор Ш.Жамықаеваның еңбегі зор.

«Тілтаным» журналына бастапқы жылдары тек Қазақстан шеңберіндегі зерттеушілер мен ізденушілердің мақалалары, кейіннен АҚШ, Канада, Кипр, Венгрия, Швейцария, Ресей (Чувашия, Хакасия, Новосибирск), Голландия, Қырғызстан, Өзбекстан (Қарақалпақстан), Әзербайжан, Қытай, Түркия, Монғолия секілді елдердің ізденушілері мен ғалымдарының мақалалары жарияланып келеді. 

2003-2017 жылдары жарияланған мақалаларда қазақ лингвистикасының, тілтанымдық ғылыми ойдың дамуын көрсететін тіл білімінің өзекті мәселелері жарияланып отырды. Сондай-ақ тіл білімінің өзекті проблемаларын қамтитын, әсіресе қазіргі тіл ғылымында жаңа бағыттарға қатысты көптеген тың ізденістер бойынша мақалалар оқырманның (ізденуші, зерттеуші, тәлімгер) білім көкжиегін кеңейтуіне жол ашады.