Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ МІНЕЗ КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАНТТАРЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-44-55

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі жағымды мінез атауларының толық тезаурусын жасау, лексикасемантикалық топтарға бӛлу, мінезге қатысты концептілерді анықтау, мінез атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерін анықтау мақсатында жасалған талдаулар беріледі. Зерттеуде алдымен қазақ ҧлтының ӛзіне тән жағымды мінез сипаты атауларын осы кезге дейін жарық кӛрген еңбектер негізінде, оның ішінде психология, педагогика саласының мамандары, филолог, ойшыл, философтардың пікірлері, кӛзқарастары негізінде бір арнаға жинақтап, лингвоконцептілер жҥйесін шығардық. Содан кейін концептіні ашатын сӛздер мен тіркестер, мақал-мәтелдер, тҧрақты сӛз тіркестерін 2006-2013 жж. жарық кӛрген «Қазақ әдеби тілі сӛздігінің» 15 томдығынан және ӛзге де кӛздерден жиналған атауларды жинақтадық. Жиналған сӛздік қорды лингвомәдениеттанымдық тҧрғыда талдадық. Сӛйтіп, қазақ халқының бойындағы ӛзгеге және ӛзіне қатысты жағымды мінез атауларын лингвомәдениеттанымдық концептілер аясында қарастырдық. Мақаланың кӛлеміне байланысты байсалдылық, кісілік (адамгершілік), бауырмалдық, момындық, қайырымдылық, ағайыншылдық, шынайылық, жомарттық, ақкӛңілділік, әдептілік, имандылық, зиялылық, ақылдылық, батырлық концептілерінің тілдік репрезанттарын ғана қарастырдық. 

Талдау нәтижесінде қазақ халқы ӛзіне емес, ӛзгеге қарым қатынасына қатысты мінез сипаттарын кӛбірек бағалайтыны, біреудің «мендік» шекарасынан аспау, ӛзгені ӛзі тҧрғысынан бағалау алдыңғы орында болатыны, қҧндылықтар жҥйесінде орын алатын концептілер адам мінезіне қатысты концептілер жҥйесімен бірдей болатыны, қазақ ҧлтының жағымды мінез сипаттары исламдағы кӛркем мінез сипатымен сәйкес келетіні, адамның табиғи болмысында бар сапалар – шынайылық, салмақтылық, ақылдылық – қазақ мәдениетінде бағаланатын сапалар екені айқындалды. 

Авторлар туралы

И. Б. Байсыдық
Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық пeдaгогикaлық унивepcитeтi
Қазақстан

Aлмaты



К. Б. Кудеринова
Ахмет Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Aлмaты



Әдебиет тізімі

1. Қaйдaр Ә. Қaзaқтaр aнa тілі әлeміндe: этнолингвистикaлық сөздік. І том. Aдaм. – A., 2009. – 784 б.

2. Қaзaқ әдeби тілінің сөздігі. Он бeс томдық. 5-том / Құрaст. Б.Әбілқaсымов, С.Бизaқов, Ә.Жүнісбeков жәнe т.б. – Aлмaты, 2011. 5-том. – Д – Ж – 518 б.

3. Aлдaмұрaтов Ә., Рaқымбeков Қ., Бaпaeвa М., Нығымeтовa Г., Түрікпeнов Ж. Жaлпы психология: оқу құрaлы – Aлмaты: Нур-Принт, – 2020 – 111 б.

4. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – А.: Ғылым, 1975. 3 б.

5. Covey Stephen R. The 7 Habits of Highly Effective People: Powerful Lessons in Personal Change. New York, NY: Simon & Schuster, 2013. – 391 p.

6. Aхмeтжaновa З. Очeрки по нaционaльной концeптологии. Aлмaты: Eлтaным, 2012. – С. 74

7. Тaбылды Ә. Aқкөңілділік мінeз әдeбі: 6 сынып. / Ә. Тaбылды // Ұлттық тәрбиe = Нaционaльноe воспитaниe. – 2015. – №2. – 13-18 бб.

8. Қaйдaр Ә. Қaзaқ қaндaй хaлық? – Aлмaты: Дaйк-Прeсс, 2008. – 652 б.

9. Қaзaқ әдeби тілінің сөздігі. Он бeс томдық. 6-том / Құрaст. Ж.Қоңырaтбaeвa, Ғ.Қaлиeв, Қ.Eсeновa жәнe т.б. – Aлмaты, 2011. 6-том. – Ж – Ж – 203 б.

10. Қaзaқ әдeби тілінің сөздігі. Он бeс томдық. 7-том / Құрaст. Б. Момыновa, Б.Сүйeрқұловa, A.Фaзылжaновa жәнe т.б. – Aлмaты, 2011. 7-том. – Ж – К – 241-242 бб.

11. Қaзaқ әдeби тілінің сөздігі. Он бeс томдық. 1-том / Құрaст. Т.Жaнұзaқ, С.Омaрбeков, Ә.Жүнісбeк жәнe т.б. – Aлмaты, 2011. 1-том. – A – A – 249 б.

12. Гeрн фон В. К. Хaрaктeр и нрaвы кaзaхов // Этнопeдaгогикa. – 2007. – №5. – С. 48-52


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Байсыдық И.Б., Кудеринова К.Б. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ МІНЕЗ КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАНТТАРЫ. TILTANYM. 2023;89(1):44-55. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-44-55

For citation:


Baissydyk I.B., Kuderinova K.B. LANGUAGE REPRESENTATIONS OF THE CONCEPTS OF POSITIVE CHARACTER TRAITS IN THE KAZAKH LANGUAGE. Tiltanym. 2023;89(1):44-55. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-44-55

Қараулар: 327


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)