Preview

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ КОРПУСТА БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-56-66

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада Қазақ тіліндегі этономәдени бірліктер жүйесіндегі заттық мәдениет атауларына жасалған сипаттамаларды қазақ тілінің ұлттық корпусына енгізу және корпуста белгілеу, берілу жолдары айтылады.

Этномәдени бірліктер қазақ тілінің ұлттық болмысын танытатын, ұлт тілін, дәстүрін, дүниетанымын, рухани әлемін сақтаушы кумулятивтік қызметі зор тілдік таңбалар болып табылады. Осы ретте бүгінгі ұрпаққа тілде бейнеленген этномәдени бірліктер арқылы дүниенің қазақи бейнесін жеткізу – қазіргі жаһандану заманында жас ұрпақтың білім-білігін арттыру үшін оңтайлы да тиімді құрал ретінде ӛзекті мәселе. Бүгінгі жас ұрпақтың кітаптан емес, ақпараттық құрылғылар арқылы оқуды, білім алуды дағдыға айналдырып бара жатқаны белгілі. Осымен байланысты тіл арқылы бүгінгі ұрпақты ұлттық құндылықтарымызбен сусындатып, ұлттық білім қорын келешек ұрпаққа жеткізу – аса маңызды. Заттық мәдениеттің ұлттық сипаттық жүйесі халық тұрмысының ең негізгі кӛрсеткіші тіл арқылы сақталған тіл иесі санасында жалғасып, бүгінгі ӛміршеңдігімен құнды. Сонымен қатар ол басқа халықтардың мәдениетімен ұштаса отырып дамиды. Бірақ кез келген ұлттың дүниетанымы, ұлттық болмысы, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ғасырлар бойы жасаған ұлттық мәдениеті оның тілінде кӛрініс табады. Сондықтан ұлттық мәдениеттің тірегі де тілде.

Қазіргі таңда антропӛзектік бағытта тілге зерттеу жүргізу қарқынды жүруде. Осымен байланысты аталған бағытта үдерісті тереңдетіп, кеңейтіп Ұлттық корпустар құрастырудың ӛзектілігіне айқындалуда. Қазақ тілінің ұлттық корпусы осындай ұлттық мәдени бірліктерді кең арнада сақтаушы, ұрпаққа танытушы қызметін атқаратын заманауи инновациялық-ақпараттық құрал болып табылады.

Мақаламызда Қазақ тілінің ұлттық корпусына этномәдени бірліктерді енгізудің жолдары сипатталып түсіндіріледі: этномәдени бірліктерді Ұлттық корпусқа енгізуде кодтау, модельдеу, алгоритмдік-программалық тәсілдер пайдалану: ең алдымен корпус базасын құруға негіз болатын этномәдени бірліктер жинау, олардың мәдени-семантикалық топтарын анықтап, сол топқа жататын сӛздердің тізімін жасау. Олардың әрқайсысына белгі-код қойылғаннан кейін ғана программист мамандарға беру. Программист мамандар этномәдени бірліктерді белгілі бір алгоритмге салып, әрі қарай корпуста ашық пайдалануға қолжетімділікті туғызу үшін бағдарламалық ӛңдеу жұмыстарын қарастыру үстінде.

Ғылыми-зерттеу жұмысымызда Қазақ тілінің ұлттық корпус базасында айқындалған белгіленімдерді (морфологиялық, сӛзжасамдық, семантикалық, лексикалық, фонетика-фонологиялық белгіленімдері) қазақ тілінің корпусына мәдени-семантикалық белгіленімдер ретінде енгізу мәселелерін қарастыруға арналған.

Авторлар туралы

А. С. Барменкұлова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Алматы



А. Ә. Жаңабекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Алматы



Ж. А. Манкеева
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Жұбанов А.Қ. (2009) Компьтер қазақ сӛзін жатсынбасынбайды. – Алматы, «Ана тілі», №17 30 сәуір-6 мамыр, 2009. – 3-11 б.

2. Жұбанов А.Қ. (2013) Компьютерлік лингвистикаға кіріспе // Монография. – Алматы, 2013. – 204 б.

3. Жұбанов А.Қ. (2014) Принципы автоматизации морфологияческой разметки текстов Национального корпуса казахского языка (НККЯ) // Материалы Международный научно-практической конференции «контрастивные исследования и прикладная лингвистика» 29-30 октября 2014 года в Минском государственном лингвистическом университете. – Минск. – 4 комп.стр.

4. Жұбанов А.Қ., Жаңабекова А.Ә. (2017) Корпустық лингвистика. – Алматы: «Қазақ тілі», 2017. – 336 б.

5. Жұбанов Қ. (1999) Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999. – 325 б.

6. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі (энциклопедия) Алматы, 2012. 5-том.

7. Қайдаров Ә.Т. (1998) Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. – Алматы: «Ана тілі», 1998. – 308 б.

8. Манкеева Ж.А. (2008) Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері – Алматы, «Жібек жолы», 2008. – 356 б.

9. Телия В.Н. (1987) О специфика отображения мира психики и знания в языке. // Сущность, развития и функция языка. – М., 1987. – 28 стр.

10. Толстой Н.И. (1995) Язык и народная культура: очерки по славянской мифологии и этнолингвистике. – М., 1995. – 300 стр. Уәлиев Н.М. (1998) Фразеология және тілдік норма. – Алматы, «Мектеп», 1998. – 128 б.

11. Finegan E. (2004) Language: its structure and use. – N.Y.: Harcourt Brace College Publisһers.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Барменкұлова А.С., Жаңабекова А.Ә., Манкеева Ж.А. ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ КОРПУСТА БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ. TILTANYM. 2023;89(1):56-66. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-56-66

For citation:


Barmenkulova A.S., Zhanabekova A.A., Mankeeva Z.A. WAYS OF TRANSMISSION OF ETHNOCULTURAL UNITS IN THE CORPUS. Tiltanym. 2023;89(1):56-66. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-56-66

Қараулар: 421


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)