Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ТАЛАС ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ОНОМАСТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕР

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-80-89

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада кӛне тҥркі ескерткіштеріне жататын Талас ескерткіштер тобындағы ономастикалық бірліктер жинақталып, этимологиялық тҧрғыдан талданады. Кӛне тҥркі ескерткіштері жанры жағынан, жазба тілі және әліпбилік ерекшелігі жағынан, әдебиет ӛлшемдері тҧрғысынан біршама зерттелгенімен, кӛне мәтіндердегі ономастикалық кеңістік толық қарастырылмаған. Оның ішінде, кӛлемі жағынан аз болып келетін Талас ескерткіштеріндегі жалқы есімдердің де шет қалғандығы тақырыптың ӛзектілігін айқындайды. Мақаланың мақсаты – бҧрындары қолға алынып, жеке қарастырылмаған Талас ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістікті анықтап, әр ономастикалық бірлікке этимологиялық талдау жасау. Қойылған мақсатқа орай мынадай міндеттерді орындау кӛзделеді: Талас ескерткіштерінің табылуы мен зерттелуі туралы мәліметтер келтіру; Талас ескерткіштеріндегі барлық жалқы есімдерді теріп алып, ономастикалық тҥрлерге бӛлу; табылған ономастикалық бірліктерді тҥріне қарай топтап, әрқайсысына этимологиялық талдау жасау; Талас ескерткіштеріндегі жалқы есімдердің Енисей, Орхон ономастикалық бірліктерімен ортақ белгілерін анықтау.

Автор тарихи атаулардың мағынасы туралы бҧры-соңды айтылып келген пікір, тҧжырымдарды салыстыра қарап, одан соң ӛз тҧжырымын ҧсынады. Зерттеуде тіл біліміне тән ретроспективті талдау, сипаттау, топтастыру және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылған. Тарихи, кӛне есімдердің этимологиясын ашудың ӛзіндік қиындығына байланысты, автор ӛзі ҧсынған тҧжырымдардың болжамдық сипаты басым екенін ескертіп отырады. Соған қарамастан, этимологиялық талдаулар біршама сәтті жасалғанын аңғару қиын емес.

Мақаланың кіріспе бӛлімінде Талас ескерткіштерінің табылуы мен зерттелуінен, жазылу ерекшелігі мен жазылу мерзімінен хабар беретін шағын мәлімет келтіріледі. Талас ескерткіштерін оқып, аударған ғалымдарға В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Г.Гейкель, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, А.С.Аманжолов т.б. жатады. Ол тҥркітанушы-ғалымдар, негізінен, тасқа жазылған мәтіндерді дҧрыс оқу, транскрипциялау, қазіргі тҥркі тілдеріне аудару, жанрын анықтау, тарихи деректерді салыстыру сияқты істерді жҥзеге асырды. Ал Талас ескеркіштеріндегі ономастикалық бірліктер жеке алынып зерттелген емес. Кейбір зерттеушілер мағынасы айқын, ашық жалқы есімдерге тҥсінік беріп қана кетеді. Мысалы, профессор А.С.Аманжолов Айыртам-Ой ескерткішіндегі Удун антропонимінің жанына («Скверный») деген ӛз этимологиясын қосып ӛтеді. Антропонимді мәтінен бӛліп алып, жеке талдау жасамаған. Талас мәтіндеріндеде кездесетін жалқы есімдердің аудармасы профессорлар И.А.Батманов пен А.С.Аманжолов аудармалары бойынша алынған. Талас ӛзені аңғарынан табылған 20 шақты ескерткіштерде кездесетін жалқы есімдер этимологиялық тҧрғыдан  тҥгелдей талданды. Атап айтқанда, жалқы есімдердің антропоним, этноним және топоним тҥрлері теріліп алынды. Кӛне тҥркі ескерткіштерінің дені эпитафиялық жанрда жазылғандықтан, ол мәтіндердің ішінде антропонимнің ҥлес салмағы басым болып келетіні заңды, сондықтан 17 атропоним анықталып, оларға тілдік талдау жасалды. Одан басқа екі этноним, бір топоним кездесті. Кӛне ескерткіштердің барлығында жалқы есім бола бермейді, алайда осы шағын топтың ӛзі біршама мол тілдік-тарихи мәліметтер бере алады. Мақаланың қорытынды бӛлімінде Талас ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістіктің ӛзіндік ерекшеліктері, олардың Енисей және Орхон мәтіндеріндегі жалқы есімдермен байланысы, кӛне тҥркі жазуының тарихына қатысты қҧнды тҧжырымдар жасалған Атап айтқанда, эпитафиялық жанрда жазылған мәтіндер болғандықтан, антропонимдер басым болып келетіні және адам есімдері, негізінен, лақап есім мен лауазым аттарымен араласып жататыны анықталды; кӛне тҥріктердің «ер ат» лақап есімінің берілу себебі анықталды; Талас ескерткіштерінде кездесетін әйел адамның есімі талданды; Талас-Енисей-Орхон жазба ескерткіштерінің біртҧтас тілде жазылғаны дәлелденді. Бҧл тҧжырымдар мақаланың жаңалығы болып табылады.

Автор туралы

Б. Н. Бияров
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Қазақстан

Ӛскемен



Әдебиет тізімі

1. Аманжолов, 1996,50: Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Оқу құралы. – Алматы, «Санат», 1996. – 128 бет.

2. Аманжолов,2003: Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. Алматы: «Мектеп», 2003.

3. Батманов, 1971,52: Батманов И.А. Таласские памятники древнетюркской письменности. Фрунзе: «Илим», 1971.

4. ДТС, 1969. 570, 584: Древнетюркский словарь. М., Л., 1969.

5. Қашқари, 1997,І,343: Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ит-түрк): 3 томдық шығармалар жинағы/ауд. А.Егеубай. Алматы: ХАНТ, 1997. – 1353 б.

6. Махпиров, 1997,135: Махпиров В.У. Имена далеких предков (источники формирования и особенности функцирования древнетюркской ономастики). – Алматы: Институт востоковедения МН-АН РК, 1997. – 302 с.

7. Тадыкин,1990,367: Тадыкин В.Н. О некоторых топонимах Горного Алтая // Проблемы этимологии тюркских языков. Алма-Ата: Ғылым, 1990. С,367-374.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бияров Б.Н. ТАЛАС ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ОНОМАСТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕР. TILTANYM. 2023;89(1):80-89. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-80-89

For citation:


Biyarov B.N. ONOMASTIC UNITS IN TALAS WRITTEN MONUMENTS. Tiltanym. 2023;89(1):80-89. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-80-89

Қараулар: 349


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)