Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

А. БАЙТҦРСЫНҦЛЫНЫҢ «ТІЛ-ҚҦРАЛ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-141-154

Толық мәтін:

Аннотация

Ҧлттық негіздегі жазу жҥйесін қҧру және бекіту – тілдің ҧлттық сипатын, бірегейлігін сақтап қалуға тірек болатын ең басты алғышарт. Қазақ жазуының реформаторы А.Байтҧрсынҧлы қалыптастырған жазу жҥйесі де осы тҧрғыдан жоғары бағаланады. Емле мәселесі әрдайым ӛзекті саналатындықтан, емле ережелерінің басты ҧстанымдарын  айқындау қазақ тіл білімі ҥшін аса қажет. Мақалада емле ережелері жҥйелі берілген алғашқы еңбек – «Тіл-қҧралдағы» жазу қағидалары мен грамматикалық заңдылықтардың ықпалдастығы талданады. Зерттеудің мақсаты – А.Байтҧрсынҧлы қалыптастырған емле ережелері мен грамматикалық мәселелердің байланысын айқындау.

Зерттеудің практикалық маңызы емле ережелерін тҥзуде грамматикалық ҧстанымды негізге алудың маңыздылығын талдаудан кӛрінеді. Мақалада диахрондық және синхрондық аспектіде салыстырулар жасалып, XVIII, ХІХ ғасыр мәтіндеріндегі қазақ тілі емлесінің даму сипаты және грамматикалық бірліктердің жазудағы кӛрінісі қарастырылды. Нақтырақ айтқанда, сипаттау, жҥйелеу және салыстыру тәсілі негізінде тарихи деректер, соның ішінде, ескі қазақ жазба тілі материалдарындағы грамматикалық заңдылықтардың бҧзылу себебі және оның жазуға әсері кӛрсетілді. Нәтижесінде еңбектегі морфологияға қатысты ережелердің емлемен байланысы «Сӛз тҧлғасы және емле», «Сӛз қҧрамы және емле», «Пунктуация және емле» деген ҥш тҥрлі қатынасқа жіктеліп, қарастырылды.  

Авторлар туралы

М. А. Имангазина
Ахмет Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Г. М. Мужигова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университеті
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Алтынсарин И. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. Оренбург, 1871.

2. Байтҧрсынҧлы А. «Тіл-қҧрал» басылымдарының графикалық проекциясы: (Дыбыс жҥйесі мен тҥрлері, 1кітап. 1914, 1924, 1927). / Жоба жетекшісі А.Фазылжан – Алматы: ЖК «Асыл», 2023. – 312 б.

3. Байтҧрсынҧлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – қҧрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІІІ: –384 б.

4. Байтҧрсынҧлы А. Шығармалары – Сочинения. Он екі том. Тіл-жҧмсар. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

5. Байтҧрсынҧлы А. Тіл-қҧрал (Қазақ тілінің сарфы) Бірінші жылдық. – Орынбор, 1914.

6. Байтҧрсынҧлы А. Тіл-қҧрал Дыбыс жҥйесі мен тҥрлері. Бірінші тілтанытқыш кітап (қазақ-қырғыз білімділерінің бірінші тобының қаулысы бойынша ӛзгертіліп 7-басылуы). – Семей: «Гҥбиздат» баспаханасы - 1927.

7. Сыздықова Р. Ахмет Байтҧрсынов – Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1990, 52 бет.

8. Мамырбекова Г.М. Ескі қазақ тілінің жазба нҧсқалары. – Алматы, «Шапағат-нҧр» 2012. – 360 б.

9. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Ч.1. Фонетика и морфология.: 2011. – 87 с.

10. Сайбекова Н. Грамматологиялық парадигма: А.Байтҧрсынҧлы және қазақ жазу ҥлгісінің қалыптасуы. Философия (PhD) дәрежесін алу ҥшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2020.

11. Уәли Н.М. Графика. Орфография. Орфоэпия / Нҧргелді Мақажанҧлы Уәли. – Алматы: «А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты» баспасы, 2018 ж. – 344 б.

12. Уәли Н. Ахмет Байтҧрсынҧлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // Ҧлттық рухтың ҧлы тіні / Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 568 б.

13. Маралбек Е. Елдес Омарҧлының емле туралы кӛзқарастары. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ Хабаршысы. Филология сериясы. №3 (140) / 2022.

14. Маралбек Е. Ахмет Байтҧрсынҧлының «Тіл-қҧрал» еңбегіндегі қазақ емле ережелерінің қҧрылымдық ерекшелігі және оның ғылыми негізі. Аль-Фараби журналы 4 (80) 2022


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Имангазина М.А., Мужигова Г.М. А. БАЙТҦРСЫНҦЛЫНЫҢ «ТІЛ-ҚҦРАЛ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ. TILTANYM. 2023;89(1):141-154. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-141-154

For citation:


Imangazina M., Muzhigova G.M. CONNECTION OF SPELLING RULES AND GRAMMATICAL PROBLEMS IN THE WORK OF AKMET BAITURSYNULY "TIL-KURAL". Tiltanym. 2023;89(1):141-154. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-141-154

Қараулар: 254


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)