Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Америкалық аналитикалық медиадағы Қазақстанның шығыс пен батыс арасындағы делдал ел ретіндегі репрезентациясы

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-158-171

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның америкалық медиадискурсындағы Шығыс пен Батыс арасындағы делдалдық рөлі тұрғысынан репрезентациялану ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі халықаралық қатынастардың трансформациялануы, геосаяси бәсекелестіктің күшеюі және Еуразиядағы жаңа көлік-логистикалық бағыттардың қалыптасуы жағдайында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Орталық Азияға деген қызығушылығының артуымен айқындалады. Осыған байланысты Қазақстанның халықаралық бейнесін қалыптастыратын тілдік және дискурстық механизмдерді талдау ерекше ғылыми қызығушылық тудырады. Зерттеудің мақсаты – америкалық аналитикалық медиасындағы Қазақстанның делдал мемлекет ретіндегі бейнесін қалыптастыратын тілдік және дискурстық құралдарды анықтау. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қазіргі медиакеңістікте мемлекеттердің халықаралық имиджін қалыптастыру механизмдері туралы түсініктерді кеңейтумен сипатталса, практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін медиалингвистика, саяси коммуникация және халықаралық қатынастар салаларындағы зерттеулерде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады. Зерттеу материалы ретінде 2021-2026 жылдары жарияланған Foreign Policy, The Diplomat, Forbes және Radio Free Europe/Radio Liberty басылымдарындағы он аналитикалық және қоғамдық-саяси мақала алынды. Зерттеудің методологиялық негізін дискурс-талдау, лингвосемантикалық талдау және концептуалдық метафораларды талдау әдістері құрайды. Зерттеу нәтижесінде америкалық аналитикалық медиакорпуста Қазақстан әртүрлі саяси, экономикалық және географиялық кеңістіктер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекет ретінде басым түрде репрезентацияланатыны анықталды. Аталған бейнені қалыптастыруда bridge, diplomacy, neutrality, balancing, Middle Corridor, connectivity және hub концептілері шешуші рөл атқарып, делдалдық қызметтің біртұтас дискурстық моделін құрайды. Сонымен қатар Қазақстанның делдалдық қызметі геосаяси, дипломатиялық және экономикалық-инфрақұрылымдық өлшемдерде жүзеге асатыны айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстанның делдал ел ретіндегі бейнесін америкалық аналитикалық медиада репрезентациялаудың негізгі дискурстық модельдерін жүйелеуден көрінеді. Зерттеу нәтижелері қарастырылған жарияланымдардың бірқатарында елдің тұрақтылық, ашықтық және сындарлы халықаралық ынтымақтастық ұғымдарымен сабақтасатын оң бейнесі қалыптасатынын көрсетеді. Алынған қорытындылар халықаралық медиадискурсты зерттеуде және Қазақстанның жағымды имиджін ілгерілету стратегияларын қалыптастыруда қолданылуы мүмкін.

Авторлар туралы

М. М. Аймагамбетова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Малика Муратовна Аймагамбетова, автор-корреспондент, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Г. К. Халел
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Гүлсезім Қонысбайқызы Халел, докторант

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Әшірбекова Г.Ш., Абылханова Ә.К. Қазақстанның медиаобразы: тарихи тәжірибе және қалыптасу жолдары // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия «Журналистика». – 2022. – №1(138). – С. 68-78.

2. Скоробогатова Л.В. Концептуальная метафора в политическом дискурсе: проблемы перевода // Вестник Волгоградского государственного университета. Серия 9. – 2017. – Вып. 15. – С. 69-72.

3. Смагулова Б.Г., Жаркынбекова Ш.К. Метафорическая репрезентация образа Казахстана в российском медиадискурсе (за период с 2010 по 2021 гг.) // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия «Филология». – 2022. – №1(138). – С. 96-111.

4. Шейгал Е.И. Семиотика политического дискурса. – Москва: Гнозис, 2004. – 326 с.

5. Anholt, S. Competitive Identity: The New Brand Management for Nations, Cities and Regions. New York: Palgrave Macmillan, 2007. 134 p.

6. Buhmann, A., Ingenhoff, D. The 4D Model of the Country Image: An Integrative Approach from the Perspective of Communication Management. International Communication Gazette, 2015. Vol. 77. No. 1. Pp. 102-124.

7. Clarke, M. Kazakhstan's Multi-Vector Foreign Policy: Diminishing Returns in an Era of Great Power Competition? Asia Policy, 2020. Vol. 15. No. 4. Pp. 65-84.

8. Fairclough, N. Language and Power. 3rd ed. London: Routledge, 2015. 274 p.

9. Isaacs, R., Marat, E. Media and Politics in Central Asia. London: Lexington Books, 2021. 256 p.

10. Kassen, M. Understanding Kazakhstan's Transit Potential and the Middle Corridor. Journal of Eurasian Studies, 2023. Vol. 14. No. 2. Pp. 155-169.

11. Lakoff, G., Johnson, M. Metaphors We Live By. Chicago: University of Chicago Press, 2003. 276 p.

12. Laruelle, M. Central Asia and the New Silk Road. Asian Affairs, 2022. Vol. 53. No. 1. Pp. 75-91.

13. Melissen, J. (Ed.). The New Public Diplomacy: Soft Power in International Relations. Basingstoke; New York: Palgrave Macmillan, 2005. 221 p.

14. Van Dijk, T.A. Discourse and Power. London: Palgrave Macmillan, 2008. 308 p.

15. Wodak, R., de Cillia, R., Reisigl, M., Liebhart, K. The Discursive Construction of National Identity. 2nd ed. Edinburgh: Edinburgh University Press, 2009. 288 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Аймагамбетова М.М., Халел Г.К. Америкалық аналитикалық медиадағы Қазақстанның шығыс пен батыс арасындағы делдал ел ретіндегі репрезентациясы. TILTANYM. 2026;(3):158-171. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-158-171

For citation:


Aimagambetova M., Khalel G. Representation of Kazakhstan as a Mediator between East and West in American Analytical Media. Tiltanym. 2026;(3):158-171. (In Russ.) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-158-171

Қараулар: 11

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)