Нейролингвистикадағы тілдік сананың ілімдер тоғысындағы моделі
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-12-28
Аңдатпа
Қазіргі нейролингвистика тілді жекелеген ми аймақтарының қызметімен шектемей, өзара байланысқан нейрондық желілердің бірлескен жұмысы ретінде қарастырады. Осы ұстаным тілдік сананың табиғатын нейробиологиялық деңгейде түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты тілдік сана туралы психолингвистикалық көзқарастарды қазіргі нейролингвистикадағы тілдік желілер, семантикалық-синтаксистік интеграция, сенсомоторлық байланыс және когнитивтік бақылау тұжырымдарымен сабақтастыра талдап, тілдік сананың ілімдер тоғысындағы моделін теориялық тұрғыдан негіздеу болып табылады. Зерттеу теориялықконцептуалдық сипатта жүргізілді. Ғылыми еңбектерді сипаттамалы-талдамалы шолу, салыстырмалы талдау және теориялық синтез әдістері қолданылды. Бұл тәсіл тілдік сана ұғымының психолингвистикалық мазмұны мен тілдік ақпаратты өңдеудің нейробиологиялық тетіктері арасындағы байланысты жүйелеуге негіз болды. Теориялық талдау мен концептуалдық синтез нәтижесінде тілдік сананың нейролингвистикалық ұйымдасуын бес өзара сабақтас деңгей арқылы сипаттайтын интегративті модель ұсынылды. Бірінші деңгей тілдік сигналды бастапқы сенсорлық қабылдауды қамтитын перцептивтік кіріспен байланысты. Екінші деңгейде тілдік ақпаратты өңдеуге маманданған ми аймақтарын біріктіретін ядролық тілдік желінің қызметі қарастырылады. Үшінші деңгейде сөйлем құрылымын қалыптастыру, мағыналық және синтаксистік ақпаратты біріктіру, алдағы тілдік бірліктерді болжау үдерістері жүзеге асады. Төртінші деңгей дыбыстық қабылдау мен артикуляциялық әрекетті байланыстыратын сенсомоторлық жүйелердің қызметін қамтиды. Бесінші деңгейде жұмыс жады, назар, ішкі сөйлеу және коммуникативтік ниетпен сабақтас когнитивтік бақылау мен прагматикалық реттеу тетіктері қарастырылады. Ұсынылған модельдің ерекшелігі жаңа нейрондық механизмдерді анықтаудан емес, әртүрлі ғылыми бағыттарда жеке сипатталған тілдік өңдеу тетіктерін тілдік сана ұғымы аясында бір жүйеге келтіруден көрінеді. Осы тұрғыдан тілдік сана тілдік ақпаратты қабылдау, өңдеу, біріктіру, сөйлеуді ұйымдастыру және саналы бақылау үдерістерінің өзара байланысына негізделген динамикалық жүйе ретінде түсіндіріледі. Зерттеудің ғылыми маңызы психолингвистикадағы тілдік сана тұжырымын қазіргі желілік нейролингвистикалық көзқарастармен сабақтастыруында. Ұсынылған модель афазия, көптілділік, екінші тілді меңгеру, ішкі сөйлеу және метатілдік бақылау бағыттарындағы кейінгі эмпирикалық зерттеулердің зерттеу болжамдарын қалыптастыруға теориялық негіз бола алады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Ф. Ш. ОразбаеваҚазақстан
Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Алматы қ.
А. Д. Рыскулова
Қазақстан
Айнагүл Дүйсенбекқызы Рысқұлова, автор-корреспондент, докторант
Алматы қ.
Ж. А. Коканова
Қазақстан
Жаркинай Атаевна Коканова, филология ғылымдарының кандидаты
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Выготский Л.С. Мышление и речь: психологические исследования. – Москва; Ленинград: Соцэкгиз, 1934. – 324 с.
2. Жақсылыққызы Қ., Нәбиева Г.С. Современные методы психолингвистики и нейролингвистики в усвоении второго языка. Филология сериясы. – 183(3), 2021: 13–21.
3. Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность. – Москва: Просвещение, 1969. – 214 с.
4. Лурия А.Р. Основные проблемы нейролингвистики. – Москва: Издательство Московского университета, 1975. – 254 с.
5. Оразбаева Ф.Ш. Нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің байланысы: методология мен әдістеме. Tiltanym. 2025;97(1):106-124. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-106-124
6. Попова З.Д., Стернин И.А. Язык и национальное сознание: вопросы теории и методологии. – Воронеж: Воронежский МИОН, 2002.
7. Сүлейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж. Словарь социолингвистических терминов. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 170 с.
8. Уфимцева Н.В. Языковое сознание: динамика и вариативность. – Москва: Институт языкознания РАН, 2011. – 252 с.
9. Fedorenko, E., Thompson-Schill, S.L. Reworking the language network. Trends in Cognitive Sciences 18(3) 2014: 120–126.
10. Fedorenko, E., Ivanova, A.A., Regev, T.I. The language network as a natural kind within the broader landscape of the human brain. Nature Reviews Neuroscience 25(5) 2024: 289–312.
11. Fitz, H., Hagoort, P., Petersson, K.M. Neurobiological causal models of language processing. Neurobiology of Language 5(1) 2024: 225–247.
12. Fridriksson, J., den Ouden, D.B., Hillis, A.E., Hickok, G., Rorden, C., Basilakos, A., Yourganov, G., Bonilha, L. Anatomy of aphasia revisited. Brain 141(3) 2018: 848–862.
13. Friederici, A.D. The brain basis of language processing: from structure to function. Physiological Reviews 91(4) 2011: 1357–1392.
14. Friederici, A.D. The cortical language circuit: from auditory perception to sentence comprehension. Trends in Cognitive Sciences 16(5) 2012: 262–268.
15. Hagoort, P., Indefrey, P. The neurobiology of language beyond single words. Annual Review of Neuroscience 37, 2014: 347–362.
16. Hickok, G., Poeppel, D. The cortical organization of speech processing. Nature Reviews Neuroscience 8(5) 2007: 393–402.
17. Ibrayeva, Zh.K., Zhaksylykkyzy, K. The role of neurolinguistic research in the study of bilingualism. Bulletin of Abai KazNPU. Series of Philological Sciences 75(1) 2021: 67–73. https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.11
18. Kutas, M., Federmeier, K.D. Thirty years and counting: finding meaning in the N400 component of the event-related brain potential (ERP). Annual Review of Psychology 62, 2011: 621–647.
19. Matchin, W., Hickok, G. The cortical organization of syntax. Cerebral Cortex 30(3) 2020: 1481–1498.
20. Price, C.J. A review and synthesis of the first 20 years of PET and fMRI studies of heard speech, spoken language and reading. NeuroImage 62(2) 2012: 816–847.
21. Pulvermüller, F. How neurons make meaning: brain mechanisms for embodied and abstract-symbolic semantics. Trends in Cognitive Sciences 17(9) 2013: 458–470.
22. Utegulova, Z., Orazbayeva, F., Imankulova, M., Issayeva, Z., Beissembayeva, S. Scientific and Practical Aspects of Communicative Grammar in the Process of Writing. Forum for Linguistic Studies 7(7): 2025. 1129–1138. https://doi.org/10.30564/fls.v7i7.9888
23. Zhaksylykkyzy, K., Ibrayeva, Z.K., Kustubayeva, A.M., Roehm, D., Zholdassova, M. Processing effects of L1/L2 from L3 in translation recognition paradigm: an exploratory ERP study. Frontiers in Psychology 16: 2026. 1710959. https://doi.org/10.3389/fpsyg.2025.1710959
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Оразбаева Ф.Ш., Рыскулова А.Д., Коканова Ж.А. Нейролингвистикадағы тілдік сананың ілімдер тоғысындағы моделі. TILTANYM. 2026;(3):12-28. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-12-28
For citation:
Orazbayeva F., Ryskulova A., Kokanova Zh. A Model of Linguistic Consciousness in Neurolinguistics at the Intersection of Disciplines. Tiltanym. 2026;(3):12-28. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-12-28
JATS XML










