Орта түркі мәтіндеріндегі медицина лексикасы: семантикасы және жаңғыру әлеуеті
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-108-120
Аңдатпа
Мақалада орта түркі дәуіріндегі медициналық лексиканың қалыптасуы, дамуы және қазіргі қазақ медицина терминологиясындағы семантикалық трансформациясы қарастырылады. Орта түркі жазба ескерткіштері – түркі халықтарының тілдік, мәдени және ғылыми дүниетанымын сақтаған құнды дереккөздер болып есептеледі. Атап айтқанда, «Диуани лұғат ат-түрк», «Құтадғу білік», «Шипагерлік баян» секілді шығармалардағы медициналық атаулардың тарихи сипаты мен қазіргі қолданысы тарихи салыстырмалы тұрғыда талданады. Зерттеу барысында тарихи салыстырмалы, диахрондық және синхрондық әдістер қолданылып, медицинаға қатысты бірқатар лексемалардың мағыналық кеңеюі, мағыналық тарылуы мен терминденуі әрі жаңғыру үдерісі айқындалады. Сонымен қатар Ислам өркениетінің ықпалы, араб-парсы тілдік қабатының түркі медициналық терминологиясына әсері көрсетіледі. Мақалада ортағасырлық түркі медициналық трактаттар мен этномедициналық деректердің тілдік жүйедегі орны сараланып, қазіргі терминжасам үдерісінде ұлттық сөздікқорымызды тиімді пайдалану мәселесі сөз болады. Зерттеу нәтижесінде ортағасырлық түркі тілінен әртүрлі жолдармен қазақ тілінің лексикалық қорында сақталған обыр, зембіл, сарысу, тәж, камфара, қандауыр сөздерінің қазіргі қолданыста қайта жаңғыру ерекшеліктері айқындалды. Сонымен қатар ортағасырлық түркі дәуіріне тән медициналық лексиканың қазіргі қазақ медициналық терминологиясының тарихи негіздерінің бірі екендігі көрсетіліп, аталған лексикалық бірліктердің тарихи-тілдік және мәдени-танымдық сабақтастығы жүйелі түрде сараланды.
Автор туралы
А. А. ҚайратҚазақстан
Асау Айниязұлы Қайрат, докторант
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Алекторов А.Е. Болезни киргизов и средства врачевания их // Оренбургский Листок. – 1891. – №2. – В кн.: Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах. – Казань, 1900. – 985 с.
2. Джанабеков Қ., Джанабекова Г. Орысша-қазақша ветеринариялық сөздік. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2013. – 288 б.
3. Жиекбаева А.Б. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 168 б.
4. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құраст.: Ш. Құрманбайұлы, С. Исақова, Б. Мизамхан және т.б. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
5. Қазақ тілінің ұлттық корпусы. – Qazcorpus.kz
6. Қайыржанұлы К. «Шипагерлік баянның» терминологиядағы маңызы / дайындаған Ә. Әшімұлы // Abai.kz. – 2024. – 18 шілде. – Электрондық ресурс. – URL: https://abai.kz/post/185277 (қаралған күні: 24.09.2026).
7. Мамырбекова Г., Сейтбекова А. Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресінің» тезаурус сөздігі. – Алматы: «Фирма Орнак», 2013. – 480 б.
8. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 304 б.
9. Сағынтаев Б.Ж. Ескі сөз ел мұрасы (Торғай өңірінің фольклорлық мұралары). – Қостанай: «Қарлығаш» баспасы, 2019. – 424 б.
10. Сейтханова Б.Т. Жалпы иммунология: оқулық. – Алматы: Эверо, 2022. – 176 б.
11. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана: Елорда, 2000. – 532 б.
12. Терминологиялық хабаршы: Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. – 2022. – №1 (62). – URL: https://termincom.kz/assets/pdf/5886a98d209754125cf4d959c23ab791.pdf (қаралған күні: 24.09.2026).
13. Терминологиялық хабаршы: Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. – 2023. – №2 (65). – URL: https://termincom.kz/assets/pdf/238396fe8d8a9937c8f9c720741f8249.pdf (қаралған күні: 24.09.2026).
14. Шадкам З., Қыдырбаева Ү.Т., Тұяқбаев Ө.О. Ортағасырлық түркі шипагерлік дәстүрі және жазба жәдігерлері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы, 2021. – № 3 (102).
15. Шадкам З., Тұяқбаев Ө.О., Қыдырбаева Ү.Т., Абдраханов Д.М. «Дастур ал-‘илāж» медициналық трактаты және қолжазба нұсқалары // ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. – Алматы, 2021. – №3 (98).
16. Ягмин А. Киргиз-кайсакские степи и их жители. – Санкт-Петербург, 1845. – Т. VI. – С. 77.
17. Atalay, B. Divanü Lûgat-it-Türk Dizini. Ankara: Türk Tarih Kurumu Basımevi, 1986. 491 s.
18. Etimoloji Türkçe. www.etimolojiturkce.com
19. Kaşgarlı Mahmud. Dîvânu Lugâti’t-Türk: Türk Dilinin İlk Sözlüğü. Çev. Mustafa S. Kaçalin. İstanbul: VakıfBank Kültür Yayınları, 2023.
20. Kaygusuz, R. Nehcü’l Ferâdîs’te “Ya‘nî” ve “Ma‘nî” Bağlaçlarıyla Kavram Açıklaması // 7. Uluslararası Sosyal Bilimler ve Eğitim Bilimleri Sempozyumu (USVES) Tam Metin Kitabı / editörler: M. Şen, M. S. Bakıcı. Elazığ: Asos Yayınevi, 2025. S. 52–62.
21. Şemseddin Sami. Kamus-ı Türki. 1900. Osmanlicasozlukler.com
22. Yıldırım, T., Çifci, M. Dîvânü Lugâti’t-Türk’te yer alan alet-eşya adları // Turkish Studies. 2012. Cilt 7. Sayı 2. S. 1229–1249.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Қайрат А.А. Орта түркі мәтіндеріндегі медицина лексикасы: семантикасы және жаңғыру әлеуеті. TILTANYM. 2026;(3):108-120. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-108-120
For citation:
Kairat A. Medical Vocabulary in Middle Turkic Texts: Semantics and Revitalization Potential. Tiltanym. 2026;(3):108-120. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-108-120
JATS XML










