Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Қазіргі медиамәтіннің мультимодальды табиғаты (ғылыми әдебиеттер негізінде контент-талдау)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-247-264

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада қазіргі медиамәтін теориясындағы мультимодальдылық мәселесі медиалингвистика, семиотика және дискурс теориясы тоғысындағы өзекті ғылыми бағыттардың бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты ғылыми әдебиеттер негізінде қазіргі медиамәтіннің мультимодальды табиғаты туралы қалыптасқан теориялық тұжырымдарды жүйелеу, мультимодальдылық ұғымының мазмұнын айқындау және оның медиакоммуникацияны түсіндірудегі ғылыми-әдіснамалық маңызын анықтау. Зерттеу барысында 2011-2025 жылдар аралығында жарияланған отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге контент-талдау жүргізіліп, мультимодальдылықтың медиамәтіннің поликодты, көпарналы және интегративті сипатын түсіндірудегі орны сараланды. Нәтижесінде қазіргі медиамәтін теориясында мультимодальдылықтың вербалды, визуалды, аудиалды және технологиялық компоненттердің өзара әрекеттесуіне негізделген күрделі семиотикалық жүйе ретінде қарастырылатыны анықталды. Сонымен қатар мультимодальдылық ұғымының медиамәтіннің құрылымдық ұйымдасуын, мағына тудыруын және ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін түсіндіретін маңызды теориялық категориялардың бірі екендігі айқындалды. Зерттеу нәтижелері медиамәтіннің мультимодальды табиғатын ғылыми тұрғыдан пайымдауға және осы бағыттағы теориялық ізденістерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Мақаланың практикалық маңызы оның теориялық қорытындыларын жоғары оқу орындарында «Медиалингвистика», «Медиамәтін теориясы», «Мультимодальды коммуникация», «Цифрлық журналистика» пәндерін оқыту барысында оқу-әдістемелік материал ретінде қолдану мүмкіндігімен өзектеледі.

Авторлар туралы

К. М. Қурмантай
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Карина Манасқызы Курмантай, автор-корреспондент, докторант

Алматы қ.



Б. Қ. Момынова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Бағдан Қатайқызы Момынова, филология ғылымдарының докторы, профессор

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Ақабаева М.О., Абикенова Г.Т. Медиакоммуникацияның лингвистикалық мәселелері // Вестник Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана. Серия: Филологические науки. – 2022. – №1 (64). – С. 21-34. DOI: 10.48371/PHILS.2022.64.1.002.

2. Ахренова Н.А., Зарипов Р.И. Лингвопрагматические характеристики современного поликодового мультимодального медиатекста в контексте информационно-психологического воздействия // Медиалингвистика. – 2023. – Т. 10. – №4. – С. 428–449. DOI: 10.21638/spbu22.2023.401.

3. Бральнин Д.О. Структурные компоненты в креолизованных и мультимодальных текстах и типы их взаимодействия // Вестник Сыктывкарского университета. Серия гуманитарных наук. – 2024. – №1(29). – С. 4-13.

4. Воробьева Е.Н. Актуальные вопросы полимодальных исследований: систематический обзор // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – 2025. – Т. 18. – №8. – С. 3312-3323.

5. Елубаева П.К., Кудьярова Ш.Т., Хамидова А.Х. Медиамәтіннің теориялық негіздері мен коммуникативтік құрылымы // Вестник Казахского национального университета имени аль-Фараби. Серия: Филология. – 2025. – №3 (199). DOI: 10.26577/EJPh202519935.

6. Ильичева И.Л., Карпиевич М.Н. Модусная мультимодальность медиатекста // Вестник Полесского государственного университета. Серия общественных и гуманитарных наук. – 2019. – №1. – С. 19-27.

7. Лущинская О.В. Медиатекст конвергентных средств массовой коммуникации в контексте дискурса // Журнал Белорусского государственного университета. Журналистика. Педагогика. – 2019. – №2. – С. 32-39.

8. Марченко Т.В. Прецедентность в дискурсах медиапространства: к проблеме исследования вербальных и невербальных феноменов // Гуманитарные и юридические исследования. – 2021. – №2. – С. 143-150.

9. Рацибурская Л.В., Бусарева С.Г. Проблема поликодовости как синтеза вербальных и невербальных средств воздействия (на материале медийных новообразований) // Вестник Санкт-Петербургского университета. Язык и литература. – 2021. – Т. 18. – №4. – С. 831-846.

10. Рябуха О.В. К вопросу типологии и интерпретации медиатекстов // Исследования языка и современное гуманитарное знание. – 2020. – Т. 2. – №2. – С. 72-80. DOI: 10.33910/2686-830X-2020-2-2-72-80

11. Шабалин А.Д. Средства кроссмедийной выразительности в мультимедийных проектах: экология языка современных СМИ: дис. канд. филол. наук. – Барнаул, 2024.

12. Abuczki, A.A. Multimodal analysis of the sequential organization of verbal and nonverbal interaction // Argumentum. 2011. No. 7. Pp. 261–279.

13. Grynyuk, S.P. The concepts of media discourse and media text as major categories of media linguistics: towards an understanding of their interdependence // Publishing House “Baltija Publishing”. 2023.

14. Harrison, R.P. Nonverbal communication // Human Communication As a Field of Study: Selected Contemporary Views. 1989. Vol. 113. Pp. 16.

15. Maximenko, O.I. et al. Linguosemiotic Organization of Heterogeneous Texts (Case Study of Media and Internet Texts) // European Proceedings of Social and Behavioural Sciences. 2020. DOI: 10.15405/epsbs.2020.10.05.279

16. Soares, L.A. The principle of complementarity between verbal and visual languages in media images: a systemicfunctional approach // Cadernos de Estudos Linguísticos. 2022. Vol. 64. e022002. DOI: 10.20396/cel.v64i00.8663896.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қурмантай К.М., Момынова Б.Қ. Қазіргі медиамәтіннің мультимодальды табиғаты (ғылыми әдебиеттер негізінде контент-талдау). TILTANYM. 2026;(2):247-264. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-247-264

For citation:


Kurmantay K., Momynova B. Multimodal Nature of Contemporary Media Texts (а Content Analysis of Scholarly Literature). Tiltanym. 2026;(2):247-264. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-247-264

Қараулар: 10

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)