«Қарқара/Қарқаралы» атауының шығу тегін лингвогеографиялық тұрғыдан зерттеу
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-66-78
Аңдатпа
Қарқара/Қарқаралы Қазақстан жерінде кең таралған ерекше географиялық атау. Бұл топонимнің шығу тегі, мағынасы ғылыми еңбектерде тырна құсының бір түрі немесе түйе үстіне артатын қазақи бұйым ретінде, қазақ әйелдерінің дәстүрлі баскиіміне немесе тау сөзінің әр тілдегі атауына байланысты бірнеше бағытта қарастырылған. Топонимика саласында жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, бұл атаудың мән-мағынасын толыққанды түсіндіретін тұжырымның әлі қалыптаспағаны байқалады. Сондай-ақ географиялық факторлардың жеткілікті дәрежеде ескерілмеуі әдіснамалық олқылықтарға, ал жекелеген түсіндірмелер «Қарқаралы» топонимінің сакралды және тарихи маңызын бұрмалауға алып келгенін аңғартады. Осы зерттеуде «Қарқаралы» топонимі табиғаттағы географиялық құбылыстардың дыбыстық ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылып, олардың тілдік санада жер-су атауларына қалай ықпал еткені талданады. Сонымен қатар түбірлес атаулардың әлемнің 15 елінде кездесетіні анықталып, бұл топонимнің өте ерте кезеңдерден бері сақталып келе жатқандығы негізделеді. «Қарқара» сөзімен байланысты жер-су атауларының картасы жасалып, олардың кеңістіктік таралуы мен лингвогеографиялық маңызы картографиялық әдіс арқылы түсіндіріледі. Зерттеу нәтижелері ономастика, лингвогеография салаларындағы теориялық тұжырымдарды толықтырып, географиялық атаулардың пайда болу заңдылықтарын түсіндіруге үлес қосып, Қазақстан топонимдерінің электрондық базасын жетілдіруде, тарихи-географиялық карталарды әзірлеуде және географиялық атауларды жүйелеу жұмыстарында пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарының ономастика, лингвогеография және өлкетану пәндері бойынша оқу үдерісінде, арнайы курстар мен оқу құралдарын дайындауда қолдануға болады.
Автор туралы
Е. БаделгажыМоңғолия
Ербахыт Баделгажы, философия докторы (PhD)
Улаанбаатар қ.
Әдебиет тізімі
1. Ақынжанов С. Ортағасырлық Қазақстандағы қыпшақтар. – Алматы, 1995.
2. Артықбаев Ж. Қарқаралы басында жалғыз арша // Qazaqstan tarihy. [Электронды ресурс]. – https://ehistory.kz/kz/news/show/339213 (Пайдаланылған күні: 25.01.2026).
3. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы: Ғылым, 1975.
4. Әрінұлы А. Атақоныс – Арқадағы – шежірелі Қарқаралы: шежіре, тарихи әңгімелер, естеліктер. – Алматы: Дәуір, 2003. – 224 б.
5. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы: «Азия» баспасы, 2004. – 128 б.
6. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы: атаулар сыры. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 524 б.
7. Иллич-Свитыч В.М. Опыт сравнения ностратических языков. – Москва: Наука, 1971.
8. Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогы. ІІ том. Солтүстік Қазақстан облысы. /Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі, РМҚК Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры/. – Алматы, 2004.
9. Қазақстан Республикасының ұлттық атласы. Табиғи жағдайлары мен ресурстары. І том. – Алматы, 2010. – 131 б.
10. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi. ІІ том. – Алматы: РПК «СЛОН», 2012.
11. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. I- IV томдар. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
12. Қалымқұлов Р. Ертіс-Кереку өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылысының жалпы тарихы және елді мекен атаулары (XVIII – XXI ғғ). – Астана, 2008.
13. Қожырбайұлы М. Қарқараға жаның жеткенше, шыда, бауырым // Аbai.kz [Электронды ресурс]. – https://abai.kz/index.php/post/68700 (Пайдаланылған күні: 25.01.2026).
14. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттарының сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1985.
15. Құмырзақұлы А. Тарихы тылсым Қарқаралы // Qazaqstan tarihy. [Электронды ресурс]. – https://e-history.kz/kz/projects/show/23109 (Пайдаланылған күні: 25.01.2026).
16. Мазаржанова Қ.М. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреациялық жағдайы // «Сейфуллин оқулары-14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру жаңа даму кезеңі» атты республикалық ғылыми теориялық конференцияның материалдары. – 2018. – 272-275-бб.
17. Мурзаев Э.М. Природа Синьцзяна и формирование пустынь Центральной Азии. – Москва: Наука, 1966.
18. Орталық Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 1989.
19. Сыздықов С.М. Қарқаралы-Қазылық: ғылыми-танымдық кітап /ҚР Мәдениет және спорт министрлігі/. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2015. – 302 б.
20. Хұсайын К.Ш. Қазақ тіліндегі дыбысбейнелеуіштік сөздер номинациясы: филол. ғыл. докт. ... дис. – Алматы, 1988.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Баделгажы Е. «Қарқара/Қарқаралы» атауының шығу тегін лингвогеографиялық тұрғыдан зерттеу. TILTANYM. 2026;(2):66-78. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-66-78
For citation:
Badyelgajy Ye. Linguogeographical Study of the Origin of the Toponym “Qarqara/Qarqaraly”. Tiltanym. 2026;(2):66-78. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-2-66-78
JATS XML










