Preview

А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі ғылыми білімнің антропоцентристік парадигмалары және тілді құрал мен қару ретінде анықтау

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-12-27

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада аса өзекті мәселе ретінде А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі парадигмалар, ғылыми білім парадигмалары мен антропоцентризм құбылыстары, олардың ғылыми жүйедегі орны, көрініс беру арналары мен түрлік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. «Парадигма» ұғымы, термині үш аспектіде талқыланады: Ф. де Соссюр түсінігіндегі парадигма – тіл бірлігінің грамматикалық (я басқа) формасының бір түрі я түрлер жиынтығы; Т.Кун түсінігіндегі парадигма – ғылым танымында бір уақыт кезеңі (дәуірі, ғылым дамуына, кезеңдеріне байланысты); парадигма, тілтанымындағы ғылыми білімдер парадигмаларының А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі орны (тарихи-салыстырмалы, жүйелі-құрылымдық, антропоцентристік). Ғылыми ізденіс барысында А.Байтұрсынұлының еңбектері зерттеліп, мәтіндеріндегі парадигма, ғылыми білімдер парадигмалары, антропоцентризм бағыттарына сай көзқарастары анықталып, ішкі және сыртқы дүниелері талқыланып, ғалымның бүгінгі тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттарға лайықты ғылыми ізденістер жасағаны көрсетілді. А. Байтұрсынұлы тілді құрал, қару ұғымында түсінгені және соларды ғылыми ақпаратқа ендіргені, тілтанымдық, әдістемелік еңбектерді дүниеге келтіргені жан-жақты зерттеліп, айқындалды. Әлемдік тіл білімінде бірінші болып (1914 ж.) «тіл – құрал», «тіл – қару» ғылыми концепциясын тіл біліміне, әдістемеге нық ендіргендігі дәлелденеді. Еуропа тілтанымында (мысалы, орыс тілтанымында) «тіл – құрал», «тіл – қару» (язык – инструмент, язык – оружие) ұғымы  XX ғасырдың соңы мен XXI ғасыр басында айтыла бастады (В.А. Маслова, С.Г. Тер-Минасова т.б.). Мақалада А. Байтұрсынұлының антропоцентризмді екі аспектіден тұратынын анықтап, соған лайықты тілдік материалды (жалпы адамзаттық (универсалды), ұлттық-мәдени) жиі қолданғаны көрсетіліп, талқыланады. А. Байтұрсынұлының еңбектерінде универсалды және қазақи-ұлттық антропоцентристік аспектілер біртұтас іргелі негіз ретінде қызмет атқарып, оның ғылыми тұжырымдарының терең мазмұнын айқындай түседі. Қазақи-ұлттық антропоцентризм аспектісі адамзаттық антропоцентризм аспектісімен бірігіп, өзекті ғылыми тұғыр ретінде ұсынылады. Ғылыми ізденіс барысында семантикалық, салыстырмалы, лингвотеориялық жазылым, индуктивтік, дедуктивтік т.б. зерттеу әдістері қолданылғаны еңбектің теориялық және тәжірибелік маңызын ашуға негіз болды.

Автор туралы

М. Джусупов
Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті
Өзбекстан
Маханбет Джусупов, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ташкент қ.



Әдебиет тізімі

1. Алефиренко Н. Ф. Современные проблемы науки о языке. – Москва: Флинта, 2005. – 416 с.

2. Антропоцентризм в языке и культуре. – Москва: Индрик, 2017. – 264 с.

3. Байтұрсынов А. Тіл – құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері). 1-інші тіл танытқыш кітап. – Қызыл-Орда, 1925 // А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы (қазақ тілімен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 173-198бб.

4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // А. Байтұрсынов «Ақ жол». – Алматы: Жалын, (1926), 1991. – 340-461-бб.

5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 447 б.

6. Байтұрсынұлы А. Оқу құралы. Қазақша алифба. 1-кітап. Орынбор, 1912 // А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы (қазақ тілімен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 33-47-бб.

7. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы). Бірінші жылдық. Орынбор, 1914 // Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 141-171-бб.

8. Большой толковый словарь русского языка. – Санкт-Петербург: Норинт, 2002. – 536 с.

9. Большой энциклопедический словарь. Языкознание. /Гл. ред. В.Н. Ярцева. – Москва: научное издательство «Большая Российская энциклопедия», 2000. – 687 с.

10. Буранов Дж. Сравнительная типология английского и тюркских языков. – Москва: Высшая школа, 1983. – 267 с.

11. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – Москва: Прогресс, 2000. – 400 с.

12. Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингорманизма. – Ташкент: Узбекистан, 1995. – 178 с.

13. Джусупов М., Ибраимов Қ.Ш. Ахмет Байтұрсынұлы: ғылымтаным, терминжасам, стилистика. – Алматы: Әлем, 2015.

14. Джусупов Н.М. Когнитивная стилистика: теория и практика, стратегии выджвижения в художественном тексте. – Ташкент: VNESHINVESTPROM, 2019. – 464 с.

15. Джусупов М. Антропоцентризм в триединстве человек – язык – социум и его выражение в пословице // Иностранные языки в Узбекистане. – 2023. – № 5 (52). – С. 122-142.

16. Джусупов М. Полиаспектный характер выражения антропоцентризма в пословицах русского, казахского, узбекского, английского языков. – Tiltanym, 2024(3). – С. 12-21.

17. Жүсіпұлы Маханбет (Джусупов М.) Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонолгиясы. – Алматы: Ғылым, 1998. – 218 б.

18. Кун Т. Структура научных революций. – Москва: Прогресс, 1977. – 300 с.

19. Маслова В.А. Введение в лингвокультурологию: учеб. пособие. – Москва: Наследие, 1997. – 206 с.

20. Маслова В.А. Современные направления в лингвистике. – Москва: Издательный центр «Академия», 2008. – 272 с.

21. Попова З.Д., Стернин И.A. Очерки по когнитивной лингвистике. – Воронеж: Истоки, 2001. – 191 с.

22. Русско-казахский словарь. Т. 2. – Алматы, 2007. – 635 с.

23. Соссюр Ф. Курс общий лингвистики. – Москва: Логос, 1998. – 296 с.

24. Тер-Минасова С.Г. Язык как орудие культуры. – Москва: МГУ, 1999. – 110 с.

25. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация : учебное пособие. 3-е изд. – Москва: МГУ, 2008. – 352 с.

26. Тіл білімі сөздігі. «Словарь по языкознанию». – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 с.

27. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. – Москва: ЛКИ, 2008. – 432 с. Юсупов У.К. Теоретические основы сопоставительной лингвистики. – Ташкент: Фан, 2007. – 126 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Джусупов М. А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі ғылыми білімнің антропоцентристік парадигмалары және тілді құрал мен қару ретінде анықтау. TILTANYM. 2025;(2):12-27. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-12-27

For citation:


Dzhusupov M. Anthropocentric Paradigms of Scientific Knowledge in the Works of A. Baitursynuly: Language as a Tool and Weapon. Tiltanym. 2025;(2):12-27. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-12-27

Қараулар: 16


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)