Preview

«ҚОБЫЗ» СӨЗІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ БОЛМЫСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-151-162

Толық мәтін:

Аңдатпа

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттың ғасырлар бойы жинақтаған танымы мен тәжірибесін, рухани болмысын, құндылықтар жүйесін және даналық дүниетанымын сақтайтын құрал. Тіл арқылы халықтың дүниеге көзқарасы, өткенінен қалған өмірлік бай мұрасы көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, тілдің сөздік қоры мен грамматикалық жүйесі ұрпақтардың тәжірибесін, ойлау ерекшеліктерін және байқауларын жинақтап, келесі ұрпаққа жеткізудің негізгі арнасы болып табылады. Әсіресе, лексикалық құрамда этномәдени мазмұнның орны ерекше. Соның бірі – ұлттық болмысты танытатын музыкалық аспаптар атаулары. «Қобыз» ұғымының этномәдени болмысын ашу үшін ұлттың тарихымен, тұрмыс тіршілігімен, таным-түсінігімен ажырамас бірлікте қарастырылып, ұлт тіліне тән мағыналық кеңістікті түзетін лексикалық топ ретінде қараудың маңызы зор. Қазақ тіл білімінде этномәдени лексикалық бірліктердің мағынасы, этимологиясы, таныммен байланысы, этнографизмдердің мәдениетпен байланысы зерттелгенімен, ұлттық аспаптардың этномәдени болмысының репрезентациясы қарастырылмады. Осы зерттеуде «қобыз» ұғымы негізінде тілдің өміршеңдігін айқындау мәселесі қарастырылады, бұл тақырып ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті. Этностың дүниетанымындағы «қобыз» аспабының қазіргі кезеңдегі ассоциативтік бейнесін зерттеу – жұмыстың негізгі мақсаты. Атап айтқанда, «қобыз» сөзімен байланысты этномәдени санадағы ұғымдарды талдау арқылы тіл мен ұлттың тұтастығын терең түсінуге, ұлттық кодтың сақталу үдерісін бағалауға және жаһандану жағдайында ұлттың бірегей болмысын ана тілі арқылы танып-білуге жол ашылады. Қобызға қатысты ұжымдық сананың мазмұны еркін ассоциациялар әдісі мен сауалнама жүргізу арқылы анықталды. Алынған нәтижелер жастардың танымында музыкалық аспаптар халық тұрмысы мен дәстүрімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл дерек тілдің ұлтты сақтаудағы қызметін, сондай-ақ қазақ дүниетанымындағы киелі ұғымдарды ұрпаққа жеткізудегі маңызын дәлелдейді. Зерттеу барысында мұндай тұжырымдар «қобыз» сөзін ассоциациялық стимул ретінде қолдану арқылы айқындалды.

Автор туралы

Ж. К. Өмірбекова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Жамиля Қалдыбекқызы Өмірбекова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Алдашева К.С., Набидуллин А.С. Лексикалық жаңалықтардың менталды лексикондағы ассоциативтіквербалды желісі: эмпирикалық зерттеу нәтижелері // ҚазҰУ. Филология сериясы. – 2022. – №3 (187). – 14-24-бб.

2. Аскольдов С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. – Москва, 1997. – 220 с.

3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.

4. Біржанова Г.И. Қазақ тілі және қазақ музыка мәдениеті: Оқу құралы. – Астана: Баспа-полиграфиялық орталығы, 2004. – 176 б.

5. Горошко Е.И. Проблемы проведения свободного ассоциативного эксперимента // Известия Волгоградского государственного педагогического университета. – 2005. – №3 (12). – С. 53-61.

6. Дмитрюк Н.В., Молдалиева Д.А., Нарожная В.Д., Молданова Ж.И., Мезенцева Е.С., Сандыбаева Н.А., Абрамова Г.И. Қазақша ассоциациялық сөздік. Казахский ассоциативный словарь. – Алматы-Москва: Медиа-ЛотоС, 2014. – 330 с.

7. Жанпейісов Е. Қазақ этнолингвистикасының мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 256 б.

8. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 320 б.

9. Жұбанов А. Тәуелсіздік құндылықтарының бірі ретіндегі қазақ тілінің мәтіндер корпусын жасаудың теориялық негіздері // Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік кепілі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2011. – 45-81-бб.

10. Исмайылов Р. Қобыз және этномәдениет. – Астана: Фолиант, 2015. – 230 б.

11. Карасик В.И. Введение в когнитивную лингвистику. – Москва, 2004. – 156 c.

12. Қалиев Б.Қ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Керемет медиа, 2023. – 728 б.

13. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 2002. – 368 б.

14. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Лузина Л.Г., Панкрац Ю.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. – Москва, 1996. – 197 с.

15. Ляшевская О.Н. Репрезентативность и стратификация в корпусной лингвистике // Вопросы языкознания. – 2015. – №4. – С. 40-52.

16. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2008. – 356 б.

17. Овчинникова Б. Символика музыкальных инструментов. – Москва: Восточная литература, 2010. – 178 с.

18. Плангиан А. Национальные корпуса как инструмент межстилевого анализа // Филологические науки. – 2018. – №6. – С. 19-24.

19. Сарыбаев А. Қазақ тіл мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1983. – 145 б.

20. Смағұлова Г.Н. Түркілер өркениеті: қазақ этномәдени лексикасы // Altay Communities Language and Literature. – Istanbul, 2017. – Р. 185-197.

21. Harnsberger, J.D., Svirsky, M.A., Kaiser, A.R., Wright, R., Pisoni, D.B. “Vowel Spaces” of Normal-Hearing and Hearing-Impaired Listeners with Cochlear Implants // Research on Spoken Language Processing. Indiana University Progress Report, 1999. – 417 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Өмірбекова Ж.К. «ҚОБЫЗ» СӨЗІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ БОЛМЫСЫ. TILTANYM. 2025;(3):151-162. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-151-162

For citation:


Omirbekova Zh. THE ETHNOCULTURAL IDENTITY OF THE WORD “QOBYZ”. Tiltanym. 2025;(3):151-162. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-151-162

Қараулар: 13


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)