Preview

Саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың тілдік тұлғасы

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-75-85

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ халқының азаттығы жолындағы күресте жетекшілік еткен, ұлт зиялыларының алдыңғы қатарында болған аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың тілдік тұлғасын зерттеуге арналған. Тұрар Рысқұлов – Қазақстан мен Орталық Азия тарихында айрықша рөл атқарған аса ықпалды тұлғалардың бірі. Оның азаматтық тұлғасы, қоғамдық қайраткерлік қызметі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық. Ал әдебиеттегі асқақ та айбынды образы өзі сүйген, өзін сүйген туған ел-жұртына етене таныс әрі ыстық. Зерттеудің басты мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азияның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орын алған қайраткер – Тұрар Рысқұловтың тілдік тұлғасын жан-жақты қарастыру. Ол үшін авторлардың алдында қайраткердің экономикалық, қоғамдық-рухани және саяси дискурсын танытатын еңбектерін қарастыру міндеті тұрды. Зерттеу нәтижесінде: 1) саяси қайраткердің еңбектеріндегі материалдық мәдениеттің озық үлгілері анықталды; 2) ғалымның  экономика, өндіріс салаларына арналған мақалалары мен баяндамалары негізінде экономикалық дискурсы айқындалды; 3) атқарған саяси қызметтері мен саяси сипаттағы еңбектері арқылы қайраткердің саяси тілдік тұлғасы анықталды. Мақаланың ғылыми-практикалық маңызы: мақалада талқыланатын мәселелер мен алынатын нәтижелерді қазақ тілтанымындағы мәтінтану, дискурс, саяси лингвистика, когнитивті лингвистика салаларында және элективті курстарда пайдалануға болады. Зерттеудің  дереккөзін Т. Рысқұловтың көптомдық шығармалар жинағы, дискурс, тілдік тұлға ұғымдарының мәнін ашуға бағытталған ғылыми тілтанымдық еңбектер құрайды. 

Авторлар туралы

T. B. Ramazanov
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Талғат Бекболатұлы Рамазанов, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



А. М. Садық
К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

Айнагүл Мақсатқызы Садық, филология ғылымдарының магистрі

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Виноградов В. Поэтика русской литературы: Избранные труды. – Москва: Наука, 1976. – 511 с.

2. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – Москва: Прогресс, 2001. – 400 с.

3. Ерсұлтанова Г. «Тілдік тұлға» ұғымының құрылымдық мәні // А. Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным, 2017. – 396 б.

4. Ерсултанова Г. Language personality in the context of journalism (mass media) – AD ALTA: Journal of International Disciplinary Research. Volume 9. 2019. P. 90-96. https://www.magnanimitas.cz/ADALTA/090107/papers/A_16.pdf

5. Жақсыбаева Ф. Газет мәтінінің прагматикалық функциясы (қазақ тілінде шығатын газет материалдары бойынша): филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2000. – 153 б.

6. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы - салғастырмалы лингвомәдени сараптама): филол. ғыл. докт. ... дис.: 10.02.19. – Алматы, 2004. – 338 б.

7. Караулов Ю. Русский язык и языковая личность. – Москва: Наука, 1987. – 261 с.

8. Кенжеқанова Қ. Саяси дискурстың прагмалингвистикалық және когнитивтік компоненттері (қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар материалы бойынша): философия докторы ... дис. – Алматы, 2015. – 168 б.

9. Қалиұлы Б. Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика, дискурс, мәтін: мақалалар жинағы. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 246 б.

10. Қартжан Н., Исакова С., Кенжемуратова С. Ертегі дискурсын зерттеу мәселесі: анықтамасы, жіктелуі және өзара байланысы // Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. №2 / 2023. https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.07

11. Қозыбаев М. Тарих зердесі. – Т. 2. – Алматы: Ғылым, 1998. – 275 б.

12. Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы, 2010. – 382 б.

13. Мұратова Г. Абайдың тілдік тұлғасы: филол. ғыл. док. ... дис. – Алматы, 2009. – 303 б.

14. Рысқұлов Т. Шығармаларының толық жинағы. – Т. 1, 2, 3, 4. – Алматы: Қазығұрт, 2007. Чудинов А. Политическая лингвистика: учебная пособие. – Москва: Флинта, Наука, 2007. –256 с.

15. Kushkimbayeva A., Tymbolova A. Precedent texts as the basis of a pragmatic level of M. Auezov’s linguistic personality // Middle-East Journal of Scientific Research 18 (4): 454-460, 2013. https://www.idosi.org/mejsr/mejsr18(4)13/6.pdf


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ramazanov T.B., Садық А.М. Саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың тілдік тұлғасы. TILTANYM. 2025;(2):75-85. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-75-85

For citation:


Ramazanov Т., Sadyq A. The Linguistic Personality of Political Figure Turar Ryskulov. Tiltanym. 2025;(2):75-85. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-75-85

Қараулар: 10


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)