Preview

Нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің байланысы: методология мен әдістеме

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-106-124

Толық мәтін:

Аңдатпа

   Қазіргі заманғы лингвистикада тілдік әрекеттің когнитивтік және прагматикалық аспектілерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Нейролингвистика адам миының сөйлеу әрекетін қалыптастырудағы рөлін, когнитивтік механизмдердің тілдік құрылымдарға ықпалын зерттейді. Коммуникативтік тіл білімі, өз кезегінде, тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін, сөйлеу актілерінің прагматикалық, дискурстық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл екі бағыттың тоғысуы тіл білімінде жаңа әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етеді.

   Зерттеудің мақсаты – нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің өзара байланысын айқындау, олардың теориялық және әдіснамалық негіздерін салыстыру, когнитивтік механизмдердің сөйлеу әрекетіне тигізетін ықпалын сипаттау.

   Осы мақсатқа сәйкес зерттеуде тілдік құрылымдардың когнитивтік өңделуі мен сөйлеу процестерінің нейролингвистикалық және коммуникативтік-прагматикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы тілдік әрекеттің когнитивтік және нейропсихологиялық тетіктерін жүйелі сипаттау арқылы нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің байланысын негіздеуге бағытталады. Жұмыстың практикалық маңызы тіл үйрету әдістемесін когнитивтік және нейропсихологиялық тәсілдермен жетілдіру жолдарынан, сөйлеу актілерінің прагматикалық құрылымын сипаттаудан, тілдік коммуникацияны оңтайландыру амалдарын ұсынудан аңғарылады. Зерттеу барысында бірнеше әдістер қолданылды: теориялық талдау, салыстырмалы әдіс, дискурстық талдау, когнитивтік моделдеу және контент-талдау. Бұл әдістер әртүрлі ғылыми мектептердің тілдік коммуникацияны зерттеудегі ұстанымдарын салыстырып, нейролингвистикалық және коммуникативтік факторларды біртұтас жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің бірін-бірі толықтыратын зерттеу салалары екенін көрсетеді. Когнитивтік механизмдер мен прагматикалық факторлар сөйлеу әрекетінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Тілдік ақпараттың өңделуі мен сөйлеу әрекетінің құрылымы когнитивтік процестермен реттелетіні дәлелденді. Сонымен қатар сөйлеу актілерін интерпретациялау мен прагматикалық мағыналарды түсінудің когнитивтік негіздері айқындалды. Зерттеу нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің интеграциясы арқылы тілдік коммуникацияны кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер когнитивтік тіл біліміндегі жаңа ғылыми тәсілдерді негіздеуге және тіл үйрету үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелерін тіл үйрету әдістемесіне, сөйлеу әрекетін дамытуға және тілдік коммуникацияны оңтайландыруға қолдануға болады. Нейролингвистикалық және коммуникативтік-прагматикалық тәсілдерді үйлестіре отырып, тілді меңгерудің тиімді стратегияларын ұсынуға мүмкіндік туады.

Автор туралы

Ф. Ш. Оразбаева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Фаузия Шәмсіқызы Оразбаева, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2005.

2. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Ғылым, 2018.

3. Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. – Алматы: Арыс, 2015.

4. Байырқызы Л. Қазақ тіліндегі прагматикалық зерттеулер. – Алматы: ҚазҰУ, 2019.

5. Дулатов М. Оян, қазақ! – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер (2-басылым). – Алматы: Арыс, 2010.

7. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б.

8. Қайдар Ә. Т. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі (2-басылым). – Алматы: Арыс, 2014.

9. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің прагматикасы (2-басылым). – Алматы: Раритет, 2012.

10. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы: Қазақпарат, 1911.

11. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі (2-басылым). – Алматы: Арыс, 2015.

12. Austin, J.L. (1975) How to Do Things with Words. Oxford: Oxford University Press, 1975.

13. Chomsky, N. (2015) Aspects of the Theory of Syntax. Cambridge, MA: MIT Press, 2015.

14. Devlin, J.T., & Watkins, K.E. (2007) Stimulating Language: Insights from TMS. Brain, 130(3), P. 610–622.

15. Fillmore, C.J. (1976) Frame Semantics and the Nature of Language. Annals of the New York Academy of Sciences, 280, P. 203-222.

16. Friederici, A.D. (2011) The Brain Basis of Language Processing. Annual Review of Neuroscience, 34, P. 385-406.

17. Gazzaniga, M.S., Ivry, R., & Mangun, G.R. (2018) Cognitive Neuroscience: The Biology of the Mind (5<sup>th</sup> ed.). New York: W.W. Norton & Company, 2018.

18. Grice, H.P. (1989) Logic and Conversation. In Studies in the Way of Words (P. 22–40). Cambridge, MA: Harvard University Press, 1989.

19. Hagoort, P. (2005). On Broca, Brain, and Binding. Trends in Cognitive Sciences, 9(9), 416-423.

20. Jackendoff, R. (2002) Foundations of Language: Brain, Meaning, Grammar, Evolution. Oxford: Oxford University Press, 2002.

21. Just, M.A., Carpenter, P.A., Keller, T.A., Eddy, W.F., & Thulborn, K.R. (1996) Brain Activation Modulated by Sentence Comprehension. Science, 274(5284), P. 114-116.

22. Lakoff, G., & Johnson, M. (2003) Metaphors We Live By. Chicago: University of Chicago Press, 2003.

23. Pinker, S. (2007) The Language Instinct: How the Mind Creates Language. New York: Harper Perennial Modern Classics, 2007.

24. Tomasello, M. (2003) Constructing a Language: A Usage-Based Theory of Language Acquisition. Cambridge, MA: Harvard University Press, 2003.

25. Van Dijk, T.A. (1997) Discourse as Structure and Process. London: Sage, 1997.

26. Weiss, S., & Mueller, H.M. (2012) The Contribution of EEG Coherence to the Investigation of Language. Brain and Language, 121(2), P. 111-125.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Оразбаева Ф.Ш. Нейролингвистика мен коммуникативтік тіл білімінің байланысы: методология мен әдістеме. TILTANYM. 2025;97(1):106-124. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-106-124

For citation:


Orazbayeva F. The interrelation of neurolinguistics and communicative linguistics: methodological and methodical foundations. Tiltanym. 2025;97(1):106-124. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-106-124

Қараулар: 144


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)