Preview

Әлеуметтік желілердегі лингвомәдени лексика

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-140-152

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала бүгінгі таңда адамдардың өзара ақпарат алмасуы мен коммуникативтік кеңістігі болып табылатын әлеуметтік желілердегі ұлттың тілі мен мәдениетін сабақтастыра көрсететін лингвомәдени құндылықтардың насихатталу мәселелеріне арналып отыр. Зерттеудің негізгі мақсаты – сандық платформалар арқылы ұлттық кодтың тасымалдаушысы болып табылатын ақпаратты тарату және ұсыну ерекшеліктерін анықтау. Жұмыстың эмпирикалық негізі ретінде Instagram, Telegram, Facebook, TikTok және YouTube сияқты әлеуметтік желілер таңдалды. Талдауда сандық кеңістікте кеңінен ұсынылған мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жұмбақтар, шешендік өнер үлгілері сияқты ауызша ауыз әдебиеті элементтерінің лингвомәдени ерекшелігіне назар аударылады. Зерттеу ұлттың рухани мұрасын әлеуметтік желі арқылы жеткізу тиімділігін, оның қазіргі жағдайдағы өзектілігін, «әлемнің тілдік бейнесін» қалыптастырудағы маңызын түсінуге бағытталған. Зерттеу әдістемесі әлеуметтік желілерде ұлттық-мәдени ақпаратты пайдалану ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау және салыстырмалы талдау әдістеріне негізделген. Технологияның қарыштап дамып келе жатқанын ескерсек, мұндай контентті цифрлық ортада дұрыс және мақсатты түрде ұсыну қолданушылардың қабылдауы мен дүниетанымына әсер етіп, ұлттың тіліне, мәдениетіне, діліне деген құрметті қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Цифрлық даму жағдайында ақпараттық мазмұнға жүйелі талдау жүргізу әдіснамалық зерттеулер жүргізуге негіз қалайды. Әлеуметтік желілер тілін лингвомәдени аспектіде қарастыру терең теориялық және қолданбалы зерттеулерге мүмкіндіктер ашатын өзекті ғылыми бағыт болып табылады. Медиаплатформаларды ұтымды пайдалану, ақпаратты визуализациялау және сандық контентті сыни қабылдау дағдыларын дамыту практикалық маңызға ие. 

Авторлар туралы

А. А. Касымова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Асем Аленовна Касымова, философия докторы (PhD)

Семей қ.



Д. М. Түзелбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Диана Мұхтарқызы Түзелбаева, докторант

Алматы қ.



А. М. Жумагулова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Алия Матаевна Жумагулова, филология ғылымдарының кандидаты

Семей қ.



Әдебиет тізімі

1. Брутян Г.А. Язык и картина мира // НДВШ. Философские науки. – 1973. – №1. – С. 107-114.

2. Горошко Е.И. Лингвистика Интернета: формирование дисциплинарной парадигмы // Жанры и типы текста в научном и медийном дискурсе. – Орел: Картуш, 2007. – Вып. 5. – С. 223-237.

3. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – Москва: Прогресс, 1985. – 450 c.

4. Дина Д.Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі. – Астана, 2002. – 135 б.

5. Компанцева Л.Ф. Интернет-лингвистика: когнитивно-прагматический и лингвокультурологический подходы. – Луганск: Знание, 2008. – 528 с. Курманбекова З.Р., Сарекенова Қ.Қ, Маликов Қ.Т. Интернет-мем және олардың түрлері // ЕНУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Астана. – 2023. – №1. – 142-151-бб.

6. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.

7. Лутовинова О.В. Лингвокультурологические характеристики виртуального дискурса: дис. ... канд. филол. наук. – Волгоград, 2009. – 519 с.

8. Маликқызы М.М. Әлеуметтік желілердегі сөйлеу қызметінің прагматикасы және функциясы: философия докторы ... дис. – Алматы, 2023. – 169 б.

9. Митина О.С., Петренко В.Ф. Психосемантическое исследование политического менталитета // Общественные науки и современность. – 1994. – №6. – С. 52–54. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – Москва: Прогресс, 1993. – 656 с. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttyk-kuryltaydyn-tortinshi-otyrysynda-soylegen-sozi-14242

10. Crystal D. Internet Linguistics: A Student Guide. London – N. Y.: Routledge Taylor & Francis Group, 2011. – 191 p. Heylighen F. Selfish Memes and the Evolution of Cooperation // Journal of Ideas. 1992. Vol. 2. – P. 202-209.

11. Privalova I.V., Shaidullina A.R., Zheltukhina M.R., Grinberg T.E., Caselles C. Coerced loss of national colorings – linguistic issues of virtual team communication // XLinguae. 2019. №1. – P. 151-164.

12. Shifman L. Memes in a Digital World: Reconciling with a Conceptual Troublemaker // Journal of Computer Mediated Communication. 2013. Vol.18. – P. 362-377.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Касымова А.А., Түзелбаева Д.М., Жумагулова А.М. Әлеуметтік желілердегі лингвомәдени лексика. TILTANYM. 2025;(2):140-152. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-140-152

For citation:


Kassymova A., Tuzelbayeva D., Zhumagulova A. Linguistic and Cultural Vocabulary in Social Networks. Tiltanym. 2025;(2):140-152. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-140-152

Қараулар: 7


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)