ТРАНСЛИНГВИЗМ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРДЫ (SOFT SKILLS) ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-74-85
Аңдатпа
Бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) және табиғи тілді өңдеу заманауи технологиялардың дамуына үлкен ықпал етіп отыр. ЖИ көптеген салаларда тиімділікті арттырып, уақытты үнемдеуге және еңбек үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беруде қолдану, соның ішінде тілдерді оқытуда пайдалану кеңінен таралды. Мақаланың өзектілігі: жаһандану дәуірінде тіл үйренуді заманауи шешімдер арқылы жетілдіру – өзекті және перспективалы қадам. Жасанды интеллект арқылы тіл үйренушілердің тілдік деңгейлеріне сәйкес бейімделген оқу жоспарларын жасауға, тиімділікті арттыру мен оқу материалдарын интерактивті түрде ұсынуға, тілдік дағдыларды автоматты түрде бағалауға және мотивацияны арттыруға көмектесетін, қазақ тілінің интеграцияланған платформасының моделін құрастырудың жолдарын қарастыру. Зерттеудің мақсаты: қазақ тілін транслингвалды аспектіде оқытуды қамтамасыз етіп, жасанды интеллектінің генеративті мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тілдік және икемді дағдыларды (soft skills) қатар дамытатын интеграцияланған платформа моделін әзірлеу; осы мақсатта жасанды интеллект негізіндегі қолданыстағы платформаларды талдау, транслингвалды тәсілдің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау және модельдің архитектурасын жобалау міндеттері қарастырылды. Зерттеудің жаңалығы: оңтайлы қолданбаны таңдау үшін жасанды интеллект қолданатын желілік платформаларға талдау жасалып, икемді дағдыларды дамытатын, ана тілін салыстыра отырып (транслингвалды аспектіде) екінші тілді үйренуге арналған платформаның моделі құрастырылып ұсынылды. Зерттеу барысында Course Hero, Gradescope, Cognii AI, Socratic және Praktika AI қолданбаларының тіл үйрету мақсатындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау, салыстыру әдістері қолдана отырып талданып, Cognii AI және Praktika AI платформаларының білім алушының талаптарын қамтамасыз етуге ыңғайлы екені анықталды. Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу нәтижелерін қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытып, тіл үйренушілердің икемді дағдыларын ЖИ көмегімен дамытқысы келетін оқытушыларға және онлайн платформа құрастыратын мамандар мен ізденушілерге көмекші бола алады деп ойлаймыз. Сонымен қатар білім беру жүйесінде ЖИ арқылы тілді дамытуға практикалық жолсілтегіш ретінде қолдана алады. Зерттеу транслингвалды тәсілді жасанды интеллектіге негізделген оқыту платформалары арқылы жүзеге асыруды ұсынады. Бұл тәсіл ана тілі мен үйренетін тілді салыстыра отырып, коммуникативтік, сыни ойлау және эмоциялық интеллект сияқты икемді дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
С. А. ОдановаҚазақстан
Сағира Амангелдіқызы Оданова, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Алматы қ.
Л. Ә. Ибраймова
Қазақстан
Лира Әбділдабекқызы Ибраймова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Алматы қ.
Қ. Е. Молдабаева
Қазақстан
Карлығаш Ерғазықызы Молдабаева, философия докторы (PhD)
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Десять лучших инструментов ИИ для образования (январь 2025 г.) // Unite.ai. – URL: https://www.unite.ai/ru/10-best-ai-tools-for-education/ (қаралған күні: 25.08.2024).
2. Куриленко В.Б., Бирюкова Ю.Н., Цотова Д. Транслингвальный подход в обучении иностранным языкам: сущность, специфика, лингводидактический потенциал // Технологии, образование, наука: стратегия прорыва Сборник научных трудов по материалам международной научно-практической конференции г. Белгород, 6 марта 2020. – С. 55.
3. Қазақ тілін үйренуге арналған 11 онлайн құрал // SKnews.kz. – URL: https://sknews.kz/news/view/kazak-tilinyyrenuge-arnalgan-11-onlayn-kyral (қаралған күні: 25.08.2024).
4. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі. – URL: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynulttyk-kuryltaydyn-adal-adam-adal-enbek-adal-tabys-atty-ushinshi-otyrysynda-soylegen-sozi-1525727 (қаралған күні: 25.08.2024).
5. Рахметова Р.С. Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері. – Алматы, 2012. – 227 б.
6. Anderson, J. Reimagining English language learners from a translingual perspective. ELT Journal. 2017. Published by Oxford University Press: https://doi.org/10.1093/elt/ccx029.
7. Bao, M. Can home use of speech-enabled artificial intelligence mitigate foreign language anxiety – Investigation of a concept. Arab World English Journal Special Issue on CALL. 2019. No.5. P. 28-40.
8. Brinkschulte, Melanie, Grieshammer, Ella, Stoian, Monica-Elena. Translingual Academic Writing at Internationalised Universities: Learning From Scholars. Journal of Academic Writing. Vol. 8. No.2. 2018. P. 150-160.
9. Hyun-Sook, Kang, Mark Barba, Pacheco. Translingual competence and study abroad: shifts in sojourners’ approaches to second language learning. Language and Education. 2020. P. 425-439.
10. Li Wei, Wing Yee (Jennifer) Ho. Language Learning Sans Frontiers: A Translanguaging View. Annual Review of Applied Linguistics, 38. 2018. P. 33-59. https://doi:10.1017/S0267190518000053.
11. Marr, B., Ward, M. Artificial intelligence in practice: how 50 successful companies used artificial intelligence to solve problems. Communication tool: chatbot. International Journal of Computer Science and Engineering. 2019. Vol. 5. No.5. P. 8-12.
12. Nurcahyoko, K. Cultural snapshot: Fostering crosscultural understanding through cultural projects. International Journal of Education (IJE). 2016. Vol. 4. № 4. P. 29-37.
13. Ryan, R.M., Deci, E.L. Self-determination theory and the facilitation of intrinsic motivation, social development, and well-being. American Psychologist, 2000. 55(1), 68-78. https://doi.org/10.1037/0003-066X.55.1.68.
14. Sitong, Wang. Exploring the translingual approach to English as a foreign language writing in China. International Journal of Education (IJE) Vol.10, No.3, 2022. https://doi.org/10.5121/ije.2022.10302
15. Vanitha, Thurairasu. Gamification-Based Learning as the future of language learning. European Journal of Humanities and Social Sciences. 2022. Vol. 2. No.6. P. 62-69. http://dx.doi.org/10.24018/ejsocial.2022.2.6.353.
16. Yermakov, D.S., Аmantai, Zh.А. Soft skills models. Modern education and soft skills. Education Policy. 2021. No.4. P. 42-50.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Оданова С.А., Ибраймова Л.Ә., Молдабаева Қ.Е. ТРАНСЛИНГВИЗМ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРДЫ (SOFT SKILLS) ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ. TILTANYM. 2025;(3):74-85. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-74-85
For citation:
Оdanova S., Ibraimova L., Moldabayeva K. TRANSLINGUALISM AND ARTIFICIAL INTELLIGENCE: NEW OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF SOFT SKILLS. Tiltanym. 2025;(3):74-85. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-74-85