Халықтық наным-сенімге қатысты қазақ антропонимдері мен этнонимдерінің қорғау функциясының этносемантикасы
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-25-34
Аңдатпа
Мақалада дәстүрлі қазақ есімдері мен ру-тайпа аттарының аталым уәжіндегі ырым-тыйымдар, наным-сенімдердің семантикасы қарастырылады.
Зерттеу өзектілігі «Қазақ тілінің ұлттық корпусының» Ономастикалық ішкорпусын антропонимдер мен ру-тайпа атаулар блогымен толықтыру қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Корпустық базаны толықтырып қана қоймай, кісі есімдер жүйесіндегі ескірген есімдер мен көптеген қазақ тектері бастау алатын этнонимдік модельдердің мағынасы жабық кодқа салынған, көмескіленген, қазіргі тілдік қауымға түсініксіз, анахронизмге айналған, халықтық білімдер мен дәстүрлі түсініктер арқылы анықтау өзектілігі арта түсуде. Антропоним, этнонимдердің «жағымсыз» семантикасы астарында қорғау, магиялық, ритуалдық функцияларды айқындау,
ХІХ ғасырдағы ономастикалық материалдармен дәйектелуі мақала тақырыбының ғылыми құндылығы мен жаңалығын айқындайды.
Зерттеуде тілдік материалды жүйелеу, сипаттау, тарихи-деректік интерпретация жасау тәрізді дәстүрлі әдістер қолданылды. Сондай-ақ мәдени семантикалық талдау әдісі антропо-, этномодельдердің халықтың практикалық тіршілік қамымен, мифтік танымымен байланысты түрлерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында ру-тайпа атауларының көпшілігі лақап аттарға негізделгендігі, сондай-ақ олардың «жағымсыз, тылсым күштерден қорғау функциясы» арқылы уәжделгендігі анықталады. ХІХ ғасырдағы кісі есімдері мен ру-тайпа атаулары сол кезеңдегі қазақтың көшпелі қоғамының ақиқат «ғаламның тілдік бейнесін», «ғаламның ономастикалық бейнесін», яғни реалды тілдік контентін көрсете алады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Қ. Қ. РысбергенҚазақстан
Қыздархан Құрмашқызы Рысберген, филология ғылымдарының докторы
Алматы
Д. М. Пашан
Қазақстан
Дана Мұсабекқызы Пашан, филология ғылымдарының кандидаты
Алматы
Қ. Ғабитханұлы
Қазақстан
Қайрат Ғабитханұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы
Әдебиет тізімі
1. Амангелді Ж. Адам есімінде жан бар// «Айқын» ақпарат//14/01/2023 / https://aikyn.kz/ 14/01/2023.
2. Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея. – Алматы: «Meloman Publishing», 2020. – 834 б.
3. Борисова Е.О. К изучению индивидуальных прозвищ с ситуативной мотивировкой в русских народных говорах // Вопросы ономастики. 2024. Т. 21, Вып. 3. -156-177.
4. Дәуітұлы С. Қабан ақын дарыны – Қабан жырау // Алтын қазық, өлеңдер, айтыстар, аңыздар, 1993, 108 б.
5. Жанболатұлы М. Тобықты – Шыңғыстау шежіресі, 2004. – 1 т. – 520 б.
6. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1971. – 215 б.
7. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Бес томдық. – Т.4. Нұр-Сұлтан. Халықаралық Түрік академиясы, 2021.
8. Жұртбаев Т. Дулыға. – Алматы: Жалын, 1994. – 1 т. – 366 б.
9. Жүнісжанұлы Ж. Отыз әулет – мың ұрпақ. – Алматы: Қағанат, 2002. – 336 б.
10. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама) : филол. ғыл. докт. ... автореф.: 10.02.19 – Алматы, 2004. – 50 б.
11. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік) Қоғам. – Алматы: Сардар, 2013. – 867 бет.
12. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 1-5 т. Ғыл. ред. Әлімбай Н. – Алматы: Әлем. Даму. Интеграция, 2017.
13. Материалы по киргизскому землепользованию : Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Экспедицией по исследованию степных областей. – Т. 11: Акмолинская область. Омский уезд. – Омск, 1902. – 359 с.
14. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. – Астана: Фолиант, 2000. – 317 б.
15. Сейтбатқал Ә.Б. Тарихи және заманауи лақап есімдердің этнолингвистикалық ерекшеліктер // Tiltanym № 1 (85). – 2022.
16. Сейітова Ш.Б. Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомәдени жүйесі (Шығыс Қазақстан аймағы материалдары бойынша). Монография. – Семей, 2019. – 308 б.
17. Снасапова Г.Ж. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктер : филол. ғыл. канд. … автореф.: 10.02.02. – Алматы: 2003. – 34 бет.
18. Хазиева-Демирбаш Г.С. Лечебно-защитные личные имена в традиционной татарской культуре // Вопросы ономастики. – 2017. – Т.14. – № 3. – С. 72-83.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Рысберген Қ.Қ., Пашан Д.М., Ғабитханұлы Қ. Халықтық наным-сенімге қатысты қазақ антропонимдері мен этнонимдерінің қорғау функциясының этносемантикасы. TILTANYM. 2025;97(1):25-34. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-25-34
For citation:
Rysbergen K., Pashan D., Gabitkhanuly K. Ethnosemantics of the protective function of Kazakh anthroponyms and ethnonyms related to folk beliefs. Tiltanym. 2025;97(1):25-34. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-25-34