Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕСКІ КІТАБИ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИНГВОСТАТИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-187-200

Толық мәтін:

Аннотация

Ұсынылған мақалада қолданбалы лингвистиканың бір саласы болып табылатын статистикалық лингвистиканың әдістері арқылы Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы ескі кітаби лексиканың қолданылу ерекшеліктері мен жиілігі зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – ақын мұрасының тілдік ерекшеліктерін ашу және оның әдеби мұрасының қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі маңыздылығын ғылыми тұрғыдан негіздеу. Абай шығармаларының мәтіндеріндегі араб, парсы және шағатай тілдерінен енген сөздердің қазақ тіліне ықпалы және олардың қазіргі қазақ тіліндегі семантикалық сабақтастығы қарастырылады. Сонымен қатар лексикалық бірліктердің қолданылу жиілігі лингвостатистикалық әдістер арқылы анықталады. Абай Құнанбайұлы шығармалары – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің маңызды мұрасы. Ақынның шығармаларындағы ескі кітаби лексика қазақ әдеби тілінің дамуына ерекше ықпал етті. Бұл зерттеуде Абай шығармаларындағы кірме сөздер лексикалық және семантикалық тұрғыдан талданып, олардың жиілік көрсеткіштері анықталды. Зерттеудің өзектілігі қазақ тіліндегі кірме сөздердің қолданыс аясы мен маңыздылығын анықтаумен айқындалады. Зерттеу материалы ретінде Абай Құнанбайұлының академиялық толық жинағы пайдаланылды. Лексикалық талдау барысында 51207 сөзқолданыстан тұратын мәтін базасы құрылды. Лингвостатистикалық әдістер арқылы сөздердің жиілік көрсеткіштері анықталды, ал семантикалық талдауда кірме сөздердің араб, парсы және шағатай тілдерінен қазақ тіліне ауысуы зерттелді. Зерттеу нәтижесінде Абай шығармаларындағы ең жиі қолданылатын сөздер мен сөз таптары анықталды. Етістіктер мен зат есімдердің қолданылу жиілігі жоғары екендігі байқалды (етістік – 14956 рет, зат есім – 14119 рет). Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы ескі кітаби лексика қазақ тілінің лексикалық және семантикалық байлығын көрсетеді. Лингвостатистикалық талдау нәтижелері ақын мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесін сандық және сапалық тұрғыдан дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиеті мен тілінің даму тарихындағы ескі кітаби лексиканың маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

А. Мурсал
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Айкерим Мурсал, автор-корреспондент, докторант

Алматы қ.



А. Ә. Жаңабекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Айман Әбділдәқызы Жаңабекова, филология ғылымдарының докторы

Алматы қ.



Г. Б. Тлегенова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Гүлден Бақытқазықызы Тлегенова, докторант

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Абай шығармаларының академиялық толық жинағы. Том 1. – Алматы: Жазушы, 2020. – 604 б.

2. Абай шығармаларының академиялық толық жинағы. Том 3. – Алматы: Жазушы, 2020. – 488 б.

3. Абай тілі сөздігі. – Алматы, 1968. – 734 б.

4. Ахабаев А. Қазіргі қазақ газеттері тілінің алфавитті-жиілік сөздігі /Қазақ тексінің статистикасы. – Алматы, 1973. – 731 б.

5. Жаңабекова А., Пірманова К. Абай Құнанбайұлы тілінің жиілік сөздігі: әдістемені әзірлеу және негізгі нәтижелер. Том 85. – № 3 (2023). – Б. 62-70.

6. Жұбанов А., Жаңабекова А., Карбозова Б., Қожахметова А. Қазақ тілінің жиілік сөздігі. – Алматы: Қазақ тілі, 2016. – 665 б.

7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ поэзиясындағы ескі кітаби сөздердің орны. – Алматы: Рауан, 1992. Матжанова К.К. Исторические типы религиозных объединений: религиоведческий анализ. – Алматы, 2018. – 315 б.

8. Махмудов Б. Статистика негіздері. – Алматы, 2005. – 220 б.

9. Сыздық Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы, 1968. – 172 б.

10. Kuralay Oralbekova, Shynar Kapantaikyzy, Marzhan Akhmetova, Maktagul Orazbek, Guldariga Kenzhebayeva. Problems of Reception, Understanding, and Interpretation of Abai’s Works. Interdisciplinary Literary Studies (2024) 26 (2): P. 162-178 https://doi.org/10.5325/intelitestud.26.2.0162.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мурсал А., Жаңабекова А.Ә., Тлегенова Г.Б. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕСКІ КІТАБИ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИНГВОСТАТИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. TILTANYM. 2024;96(4):187-200. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-187-200

For citation:


Mursal A., Zhanabekova A., Tlegenova G. OLD BOOK VOCABULARY IN ABAI'S WORKS AND ITS LINGUO-STATISTICAL FEATURES. Tiltanym. 2024;96(4):187-200. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-187-200

Қараулар: 173


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)