Preview

Қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымдарын оқытудағы Ш. Сарыбаевтың әдістемелік ұстанымдары

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-220-230

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіл білімінің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым Шамғали Сарыбаевтың әдістемелік тұжырымдары қарастырылады. Ғалымның «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегіндегі фонетика, морфология, орфография және сөз таптарын оқытуға қатысты көзқарастары талданып, олардың теориялық және практикалық маңызы анықталады. Зерттеу барысында Сарыбаевтың әдістемесі қазіргі қазақ тілін оқыту әдістерімен салыстырылып, оның ерекшеліктері, артықшылықтары мен шектеулері айқындалды. Сарыбаев әдістемесінің басты ерекшелігі – тіл құрылымын жүйелі түрде меңгертуді көздеуі, нақты мысалдар мен көрнекілік арқылы оқушылардың тілдік талдау жасау қабілетін дамытуға басымдық беруі. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері ғалым ұсынған әдістерінің бүгінгі қазақ тілін оқыту үдерісімен сабақтастығын көрсетті. Ғалымның фонетика мен грамматиканы оқытудағы аналитикалық тәсілдері қазіргі коммуникативтік әдістермен үйлестірілген жағдайда, қазақ тілін меңгертудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Ш. Сарыбаевтың әдістемесі XX ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқанымен, оның тіл үйрету жүйесі бүгінгі педагогикалық үдерістермен ұштасып, өзектілігін сақтап отыр. Ғалымның зерттеулері мен әдістемелік тәсілдері қазақ тілінің құрылымдық ерекшеліктерін терең меңгертуге бағытталғандықтан, оларды қазіргі заманғы білім беру технологияларымен біріктіру өз нәтижесін беруі мүмкін. Осы зерттеу қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздерін жетілдіруге, Ш. Сарыбаевтың әдістемелік мұрасын жаңаша пайымдауға және оны заманауи педагогикамен сабақтастыруға бағытталған.

Автор туралы

А. Б. Балаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Арайлы Балаева, докторант

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Базарбай Ә., Оразханова М. Қазақ тілінде оқытпайтың мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы // Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. – 2023. – №. 3. – 54-61-бб.

2. Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: оқу құралы. – Алматы: KEMEL KITAP, 2024. – 355 б.

3. Күдеринова Қ. Күнделік керектер. Шамғали Сарыбаевтың еңбегі хақында // Qazaq gazetteri, 2018.

4. Курманалиев К., Сарыбай М. Личность и эпоха // Казахстанская правда, 2023.

5. Қажет А. Ілияс және «Тілші» газеті // Abai.kz ақпараттық порталы, 2019.

6. Қалимұқашева Б.Д. Шамғали Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің дидактикалық ерекшеліктері // Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2016.

7. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері: фонетика мен морфология. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу педагогика баспасы, 1956. – 85 б.

8. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері: орфография және сөз таптары. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу педагогика баспасы, 1959. – 94 б.

9. Сманов Б. Шамғали Сарыбаев – көрнекті ағартушы, кемел әдебиетші. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2018.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Балаева А.Б. Қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымдарын оқытудағы Ш. Сарыбаевтың әдістемелік ұстанымдары. TILTANYM. 2025;(2):220-230. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-220-230

For citation:


Balaeva A. Methodological Principles of Sh. Sarybayev in Teaching Phonetic and Grammatical Structures of the Kazakh Language. Tiltanym. 2025;(2):220-230. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-2-220-230

Қараулар: 68


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)