Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ТЕРМИНДЕРІНІҢ МЕТАФОРАЛЫҚ ЖОЛМЕН ЖАСАЛУЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-135-146

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақ тіліндегі техникалық терминдердің жасалуы әртүрлі жолмен жүзеге асады. Көбінесе, терминологияны тілдің барлық лексикалық жүйесімен байланыстыратын терминжасамның морфологиялық, лексика-семантикалық тәсілдері қолданылады. Соңғы жылдары жалпыға ортақ сөздердің терминдену процесі және жаңа салалық терминдердің метафоралық жолмен жасалуын зерттеу кеңінен өріс алып келеді. Мақала авторларының мақсаты – мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салалары терминдерінің метафоралану жолын зерттеу және оларды тақырыптық модельдер бойынша топтастырып, жіктеу. Қазақ тіліндегі мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салалары бойынша жарық көрген терминологиялық сөздіктердегі лексикалық бірліктерді зерделеу барысында біраз терминдердің мағыналық жағынан адамға, оның ортасы, әрекеті, киім-кешек, тұрмыстық заттар мен құрал-жабдық, жан-жануар, құстар, олардың түрі мен әрекетіне ұқсату жолымен метафораланатыны айқындалды. Әлемдік және отандық термин түзу тәжірибесін басшылыққа алу, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салалары сөздіктерін талдау және зерттеу арқылы осы сала терминдерінің метафоралану тәсілімен жасалуы сөздердің мағынасының нақтылы бір заттың немесе жабдықтың сыртқы түрінің немесе атқаратын қызметінің белгілеріне мағыналық жағынан ұқсастықтарына қарай терминденуі негізінде жүзеге асатыны анықталды. Ұсынып отырған мақалада талданып отырған сөздіктен «Мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу әлемі – Адам» моделі бойынша топтастырып алған қазақ тілі терминдерінің тілдік-құрылымдық қыры жіктелді. Сөздіктегі адам және оның өміріне, іс-әрекетіне, қызметіне, қатынасына және тағы басқа ұқсату жолымен түзілген терминологиялық бірліктердің жасалу жолын талдау нәтижесі, олардың сандық және пайыздық көрсеткіштері диаграммалар арқылы көрсетілді. Сөздік материалдарын талдау барысында жалпы салалық, соның ішінде, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласы терминдерінің метафоралану жолымен жасалуы терминжасамда өнімді тәсілдердің бірі болып табылатыны анықталды.

Авторлар туралы

А. Үдербаев
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Алмас Жауынбайұлы Үдербаев,  автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



Р. Ускенбаева
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Рауза Мүтәліпқызы Ускенбаева, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



Н. Шабданалиев
Қырғыз-түрік Манас университеті
Қырғызстан

Негизбек Шабданалиев, философия докторы (PhD)

Бішкек қ.



Әдебиет тізімі

1. Айдарбек Қ. Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 384 б.

2. Акимбекова Г.Ш., Кеңес Б.Е. Қазақ тіліндегі метафоралау әдісі арқылы жасалған компьютер терминдері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология сериясы. – №1 (185). – 2022.

3. Арыстанбаев М. Мұнай-газ терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Өлке, 2011. – 336 б.

4. Әбділманов А. Арнаулы сала тілін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері: филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2010. – 178 б.

5. Булатов А.И. Современный англо-русский и русско-английский словарь по нефти и газу. – Москва: Руссо, 2006. – 752 с.

6. Кедринский В. Англо-русский словарь по химии и переработке нефти. – Москва: Русский язык, 1979. – 768 с.

7. Қазақ сөздігі. Алматы: Дәуір, 2013. – 1488 б.

8. ҚР ҰС Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі (ҚР СТ 3518-2020). – Нұр-Сұлтан, 2020. – 43 б.; ҚР ҰС Мұнай өңдеу процестерінде мұнай және мұнай өнімдерінің шығын нормаларын анықтау әдісі. (ҚР СТ 3519-2020). – Нұр-Сұлтан, 2020. – 56 б.

9. Құлманов С.Қ., Рсалиева Н.М., Омарова А.Д., Ескендір Ж.Е. Қазіргі қазақ терминологиясындағы семантикалық үдерістер // Tiltanym. 2023; (3): 85-94.

10. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. – Алматы: Сардар, 2014. – Б. 74-75. ISBN 978-601-7174-41-5.

11. Махамбет А.Қ. Мұнай мен газ бойынша қазақша-орысша-ағылшынша сөздік. – Алматы: Асыл сөз, 2015. – 752 б.

12. Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларының қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздігі. – Алматы: Сардар, 2024. – 912 б. ISBN987-601-323-424-3.

13. Рысберген Қ.Қ. Когнитивтік метафораның лингвотанымдық әлеуеті //Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы журналы, «Филология ғылымдары» сериясы. – Том 69. – № 2 (2023).

14. Салалық терминдердің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2014. 1-31 том.

15. Сәтбаев Қ.И. Естеліктер. 11-том. – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2024. – 281 б.

16. Тусипбеков М.Р., Кусаинов А.К. Русско-казахско-английский политехнический словарь. – Алматы: Rond&A, 2010. – 1 т. – 2 т. – 720 с.

17. Үдербаев А.Ж., Абитаева Ұ. Қазақ тіліндегі геология терминдерінің метафоралық жолмен жасалуы. Сәтбаев оқулары-2019. – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2019. – Б. 681-685.

18. Шакирова М.Р., Калыбекова З.С., Юдахиндин К.К Kыргызча-орусча сөздүгүнө терминдердин кийирилишиндеги айрым маселелер. Наука. Образование. Техника. – №2, 2021. – Б. 119-123.

19. Sibgayeva F.R., Nurmukhametova R.S., Sattarova M.R., Uderbayev A. Development trends of bilingual tatar lexicography of the XXI century. Tendencias de desarrollo de la lexicografía tártara bilingüe del siglo XXI. Utopía y Praxis Latinoamericana. 2020/11/1. V. 25. №10. P. 57-63. https://www.redalyc.org/articulo.oa?id=27964799006

20. Tleumbetova, D.B., Ivanova, S.A., Tugambekova, M.A. Metaphorical nomination in term formation (based on medical terms). Bulletin of Karaganda University. Philology Series. 2019(95). P. 27-31.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Үдербаев А., Ускенбаева Р., Шабданалиев Н. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ТЕРМИНДЕРІНІҢ МЕТАФОРАЛЫҚ ЖОЛМЕН ЖАСАЛУЫ. TILTANYM. 2024;96(4):135-146. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-135-146

For citation:


Uderbayev А., Uskenbayeva R., Sabdanaliyev N. METAPHORICAL WAY OF CREATING TERMS OF OIL REFINING AND PETROGAS CHEMISTRY IN THE KAZAKH LANGUAGE. Tiltanym. 2024;96(4):135-146. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-135-146

Қараулар: 155


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)